Талдықорған: -7°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«Жарымжан жарнама»: Мағынасыз маңдайша

08.02.2026
КҮНДЕРЕК
«Жарымжан жарнама»: Мағынасыз маңдайша
WhatsAppTelegramFacebook

Қоғамдағы өзекті мәселенің ең ірісі – ана сүтімен бойымызға дарыған қасиетті тіліміздің өміршеңдігі мен қолданыстағы тазалығы. Бұл жөнінде баспасөз беттерінде құлаш-құлаш мақала жазылып та, айтылып та жүр. Бірақ, тілімізді шұбарлап сөйлейтіндерді, қате жазылса да қаланың қақ ортасына аймаңдай қылып іліп қойған жарнамаларды көргенде қынжылатынымыз рас. Жарымжан жарнама, мағынасыз маңдайша, жабайы «жаргондар» тілдің құтын қашырып, киесін үркітуде.

Аңғармайын десең алдыңнан кесе көлденең шығады. Көрмейін десең, көзің бар. Қала көшелеріне шыға қалсаңыз билбордтар мен жарнама тақтайшаларындағы, көгілдір экрандағы сауатсыз жазылған, тікелей аударылған жарнамалардан көз сүрінеді. Мағынасы жоқ, қатесі көп, өзге тілде жазылған мәтіндер менмұндалап тұр. Жалпы, мұндай қателердің, әсіресе, көпшілік көп жүретін жерлерде кездесуі жанға батады. Ең сорақысы – дұрыс аударылмаған жарнамалар айтыла беріп, қалыпты, құлаққа үйреншікті болып барады.

Заман дамыған сайын халық та көшке ілескісі келеді. Бірі соңғы үлгідегі ұялы телефон, екіншісі теледидар сатып алуды қалайды. Алайда халық ағылып баратын тұрмыстық техника сататын дүкендердің жарнамасы көңіл көншітпей тұр. Жуырда Т. Рүстембеков көшесіндегі «Sulpak» дүкенінің қабырғасында батпандай болып жазылған «Сапа қолайлы бағаға» деген жазуға көзім түсті. Орысшасы «Качество по разумной цене». Мұнда мәтінді тікелей аудара салған. «Сапасы жақсы, бағасы қолайлы» немесе «Сапалы әрі қолайлы бағада» деген тіркесті қолданса әлдеқайда тілге жатық, жұп-жұмыр болар еді. Дүкенге келген бір топ жастан: «Мына мәтіннің мағынасын түсінбедім, дұрыс аударылған ба?», – деп сұрадым. Бірі: «Бағасы арзан деген мағына шығар» десе, екіншісі «сапалы тауарлар» деді. Басқалары да өз нұсқаларын айтты. Өкініштісі, біз қате жазылған жарнаманы түзетуге емес, мағынасын өзімізше түсініп алуға тырысып жүргендейміз.

Дәл осы «Sulpak» дүкені «Гарантия лучших цен» дегенді «Үздік баға кепілдігі» деп аударыпты. Бұл да орыс тілінен тікелей аударылған. Негізі тиімді немесе төмен баға деп жазылса дұрыс болар еді. Тіліміздегі сауатсыз жазылған жарнамалар мен көшедегі тақтайшалардағы қателіктерге бірте-бірте көзіміз үйреніп бара жатқандай.

Апама жездем сай» дегендей қаладағы ірі дүкендердің бірі «LC Waikiki» «Біздің сөмкелерімізбен сатып алу барысын жанға жағымды ете түсіңіз!», – деген жарнаманы бірнеше жерге іліп қойыпты. Аты дардай дүкендерде төл әріптерімізді түзу жаза алатын адам табылмағаны ма?! «Әй» дейтін әже, «қой» дейтін қожа болмағаннан кейін, жеке кәсіпкерлер «Тіл туралы» Заңды белшеден басып, алабажақ, шаласауатты тақтайшаларын орната беретіні өкінішті.
Қаладағы тәржімалар тіл көсегесін көгертіп, қаланы көркейткеннің орнына ана тіліміздің қабырғасын қайыстырып тұрғандай.

Мәселен, «Happy Cake» дүкенінің маңдайшасындағы «Жанұя тәттілері» деген сөз де орыс тілінен тікелей аударылыпты.

Тізе берсең, көз ұялып, тілің күрмеліп, жүрегіңді қан жылататын жарнамалар өте көп. Қазақстан Республикасындағы «Тіл туралы» Заңға сәйкес көрнекі ақпараттың барлық мәтіні мынадай ретпен: мемлекеттік тілде сол жағына немесе жоғарғы жағына, орыс тілінде оң жағында немесе төменгі жағында орналасады, екеуі бірдей өлшемдегі әріптермен жазылады. Қажеттігіне қарай көрнекі ақпараттың мәтіндері қосымша басқа да тілдерге аударылуы мүмкін. Яғни, жарнама алдымен қазақ тілінде жазылып, содан кейін басқа тілге аударылуы керек. Бірақ бізде тек орыс тілінде ғана жазылатын жарнамалар жетерлік. Мәселен, Ақын Сара мен Қабанбай батыр көшесінің қиылысында тұрған жарнамалардың басым көпшілігі орыс тілінде жазылған. Сауда үйінің алдында ағылшынша, орысша жазылған маңдайшалар да мемлекеттік тілді «менсінбей» тұрғандай. Аталған мәселені жарнама берушілер мен жарнама агенттіктері де қаперде ұстағандары абзал.

Іңгәләған сәби үнін есту, балаңа киім сатып алу қуаныш. Өкініштісі, бүлдіршіндер киімін сататын дүкендердің жарнамасында да қате өріп жүр. Мәселен, «Дәулет» сауда үйінің қабырғасында ілінген жарнамада «Стильная детская и подростковая одежда» деген сөз «Сәнді балалар және жасөспірімдер киімі» деп аударылған. Мұны «балалар мен жасөспірімдерге арналған сәнді киімдер» десе түсінер едік. Ал кейбір дүкендер перзентхананы «роддом» деп аудармай жазуда.

Латынша жазылған мейрамхана, дүкен атаулары да саусап тұр. Қалада қазақша аудармасы жоқ, ағылшын тілінде жазылған маңдайшалар да жетерлік. Мемлекеттік құжаттарды, заңды айтпағанда қарапайым ғана жарнаманың өзі орыс, ағылшын тілдерінен аударылады. Нәтижесінде он рет оқып түсіне алмайтын мәтін пайда болады.

Ішің ашиды. Қазақ тілінің қойыртпаққа айналып бара жатқанына жаның ауырады. Тіл өлсе, ұлт жоғалады. Тіл – мәңгілік құндылық. Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде. Сондықтан қасаңдана, қарабайырлана бастаған ана тілін табиғи құнарына бүгін қайтармасақ, ертең бәрі кеш болады. Тілін төрге, рухын өрге оздырған жұрт қана бақытты. Ана тілдің мәртебесі әрқашан биік болуы тиіс! Сонда ғана сөзге салса сұлу, дауға салса шешен бай тіліміздің айы оңынан туып, күні шуағын төкпек.

Айдар ҚАЛИЕВ

Қатысты жаңалықтар

«Жарымжан жарнама»: Мағынасыз маңдайша

«Жарымжан жарнама»: Мағынасыз маңдайша

08.02.2026
Футбол: «Жетісу» Түркияда жаттығуда

Футбол: «Жетісу» Түркияда жаттығуда

08.02.2026
Алакөл ауданында асыл тұқымды қой шаруашылығы құрылмақ

Алакөл ауданында асыл тұқымды қой шаруашылығы құрылмақ

08.02.2026
Жаркенттік кәсіпкер қой жүнін кәдеге жаратуда

Жаркенттік кәсіпкер қой жүнін кәдеге жаратуда

08.02.2026
Мемлекет және қоғам қайраткері Наурыз Қылышбаев 85 жаста

Мемлекет және қоғам қайраткері Наурыз Қылышбаев 85 жаста

08.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.