Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жасындай бол, жас сарбаз!

«Айналайын» балалар үйінде «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубының ресми ашылу салтанаты өтті. Орталықта арнайы кабинет ашылып, жас сарбаздар Отан алдында ант қабылдады.

2 қараша 2025
КҮНДЕРЕК
Жасындай бол, жас сарбаз!
WhatsAppTelegramFacebook

Өскелең ұрпақтың бойындағы моральдық- адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, жастардың патриоттық рухын көтеру, Отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында өткізілген шараның ашылу салтанатында облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Қасымов клубтың іске қосылуы – болашақ сарбаздардың үлкен жеңістерге қадам басуының айғағы екенін айтып, ізгі тілегін білдірді.

Осыдан кейін №21751 әскери бөлім командирінің тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, подполковник Азамат Қонысбаев пен Ауған соғысының ардагері Қайрат Жаңабаев жас сарбаздарға арнайы куәлік табыстады.

Келесі кезекте «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубының ашылуына демеушілік жасап, әскери киіммен қамтамасыз еткен жеке кәсіпкер Диас Нөкербеков пен Көксу шекара бөлімшесінің бастығы, майор Нұрмұхаммед Исмайыл және Рудничный ауылдық округінің әкімі Сергей Вишняков жас сарбаздарға сәттілік тілеп, ыстық ықылас білдірді.

Шара барысында жаңа кабинеттің ішін аралап, жұмыспен танысқандар клубтың құрамына қабылданған 19 жас сарбазға бар жағдай жасалғанын көрді. Мұнда шахмат, дойбы, үстел теннисі сынды спорттық және зияткерлік ойындарға арналған жабдықтар қойылған.

«Айналайын» балалар үйінің директоры Гүлмира Ахметова:

– «Жас сарбаз» кабинетінде балаларға әртүрлі тақырыпта патриоттық дәріс беріледі. Сондай-ақ, біз әскери бөлімдермен, шекарашылармен бірлесіп түрлі шара ұйымдастырып, тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейміз. Шекара қызметкерлері және Талдықорған әуе базасымен меморандумға отырып, әскери базаларға экскурсия өткізуді жоспарлаудамыз, – дейді.

«Жас сарбаз» клубының мүшесі Әнел Молдағалиева: «Біз қазір әскери саптық жүрісті, патриоттық ән айтуды үйреніп жүрміз. Тәртіп пен жауапкершілікті бәрінен жоғары қою керектігін түсіндік. Жас сарбаздар клубы – біздің жігеріміздің бастауы», – деді.

Шара соңында жас жауынгерлер әуелі «АК-74» автоматын толық жинау және бөлшектеу әдістерін пысықтап, саптық дайындықтарын көрсетті.

Айдар ҚАЛИЕВ

Қатысты жаңалықтар

Жылжымайтын мүлік нарығы: Риелторлық қызметке бірыңғай талаптар енгізіледі

Жылжымайтын мүлік нарығы: Риелторлық қызметке бірыңғай талаптар енгізіледі

Бүгін, 13:33
Бір шаңырақтан – бір сапқа: Ұлттық ұланда әскери борыштарын бірге атқарып жүрген ағайындылар

Бір шаңырақтан – бір сапқа: Ұлттық ұланда әскери борыштарын бірге атқарып жүрген ағайындылар

Бүгін, 13:00
Отандық мамандар көне құжаттарды қалпына келтіру бойынша шеберлік сабағын өткізді

Отандық мамандар көне құжаттарды қалпына келтіру бойынша шеберлік сабағын өткізді

Бүгін, 12:30
Талдықорғанда «Балаларға базарлық» республикалық байқауы өтті

Талдықорғанда «Балаларға базарлық» республикалық байқауы өтті

Бүгін, 12:00
Табысты майлы дақыл

Фермерлерге арналған жаңа сауда стратегиясы мен баға ұсынымдары жарияланды

Бүгін, 11:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.