Талдықорған: +9°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«ЖАУАПТЫ ДА ҚАУІПТІ»: АМАНДЫҚ БАТАЛОВ ҚОС КӘСІБИ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

23 маусым 2020
КҮНДЕРЕК
"ЖАУАПТЫ ДА ҚАУІПТІ": АМАНДЫҚ БАТАЛОВ ҚОС КӘСІБИ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Бүгін Алматы облысының әкімі Амандық БАТАЛОВ мемлекеттік қызметшілерді және тәртіп сақшыларын кәсіби мерекелерімен құттықтады. Айта кетейік, 23 маусымда Қазақстанда қос кәсіби мереке аталып өтеді. Ол — Мемлекеттік қызметшілер мен Полиция күні.

— Құрметті мемлекеттік қызметшілер! Сіздерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшісі күнімен құттықтаймын! Мемлекеттік қызметкер болу – халық пен билік арасында алтын көпір болу, қоғам мен мемлекет тарапынан артылған үлкен сенім, — деген облыс басшысы сенімді ақтау, міндетті мінсіз орындау, халыққа риясыз қызмет ету – мемлекеттік қызметшінің қастерлі парызы екенін жеткізді. — Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының жауапкершілігі ең алдымен мемлекеттік қызметшіге жүктеледі. Бұл ретте Алматы облысының мемлекеттік қызметшілері елдің өркендеуіне бар күш-жігерін жұмсап, аса жауапты жұмысты абыроймен атқарып, халық сеніміне ие болуда. Осы мерейлі мерекемен сіздерді құттықтай отырып, ел игілігі жолындағы қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға береке-бірлік, елімізге тыныштық тілеймін!

Аймақ басшысы қоғам тыныштығын күзеткен тәртіп сақшыларына да жүрекжарды лебізін арнады.

— Құрметті полиция қызметкерлері! Сіздер өз өмірлеріңізді елдің тыныштығын, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен қылмыспен күрес жолына арнап келесіздер. Полицияда қызмет ету – аса жауапты да қауіпті, сонымен бірге игілікті іс, — деді Амандық Баталов.

Өз сөзінде ол полиция қызметкерлерінің өмірі қауіп-қатерге толы болатынын, сонда да өз мамандығына адалдықпен берілген жандар қандай құрметке де лайық екенін әңгімеледі.

— Күнделікті қызметтік міндеттерін атқара жүріп, полиция қызметкерлері түрлі қауіппен бетпе-бет келетін кездері де аз емес. Өз өмірі мен денсаулығын қатерге тіге отырып, жетісулық тәртіп сақшылары өзіне жүктелген міндетті абыроймен атқарып, кәсібилік танытып келеді. Сондықтан, сіздерге түрлі кезеңдер мен жағдайларда мемлекеттің тұрақтылығын қамтамасыз етуге, елдің дамуына зор үлес қосқандарыңыз үшін алғыс айтамын. Полиция қызметкерлері мен ардагерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Сіздерге мықты денсаулық, қажымас күш-жігер, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін! — деп түйіндеді сөзін облыс әкімі.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан Халық кеңесі жастар қозғалысын құруда: 126 жас азамат Кеңес мүшелерінің серіктесі атанады

Қазақстан Халық кеңесі жастар қозғалысын құруда: 126 жас азамат Кеңес мүшелерінің серіктесі атанады

6 қараша 2026
Масылдық пен негізсіз төлемдер: Әлеуметтік саясатта жаңа тәсілдер ұсынылды

Масылдық пен негізсіз төлемдер: Әлеуметтік саясатта жаңа тәсілдер ұсынылды

6 қараша 2026
Тоқаев: Әлеуметтік көмек шын мұқтаж азаматтарға ғана берілуі керек

Медицина қызметкерінің жалақысы өсуі мүмкін

6 қараша 2026
Alatau City Еуропадағы роуд-шоуын аяқтады: Келісімдердің инвестициялық әлеуеті $2 млрд-тан асты

Alatau City Еуропадағы роуд-шоуын аяқтады: Келісімдердің инвестициялық әлеуеті $2 млрд-тан асты

6 қараша 2026
Астанада жасанды интеллект қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық саммит өтуде

Астанада жасанды интеллект қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық саммит өтуде

6 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.