Талдықорған: +7°C
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жаз келді – сақтық керек!

Жетісудың дарқан даласы мен тұнық көлдері жазда жұртшылықты баурап алады. Дегенмен, табиғатпен тіл табысудың өз тәртібі бар. Күн жылына суға шомылуға, далаға серуендеуге асығатын елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету – Жетісу облыстық төтенше жағдайлар департаменті мен табиғат қорғау мекемелерінің басты міндеті.

27.05.2025
КҮНДЕРЕК
Жаз келді – сақтық керек!

www.istockphoto.com

WhatsAppTelegramFacebook

Облыс аумағындағы 43 ірі су көзі жай тынығу мекені ғана емес, тәртіп пен сақтықты талап ететін орын. Биыл Талдықорғандағы қалалық жағажай, Алакөл мен Балқаш көлдерінің белгілі бір аумақтары ғана ресми түрде шомылуға рұқсат етілген. Ал өзге су айдындарында арнайы ескерту белгілері орнатылып, шомылуға тыйым салынған.

Осыған орай облыстық ТЖД тарапынан кешенді жұмыс жүргізілуде. Құтқару бекеттері, медициналық пункттер, дронмен патрульдеу жүйесі іске қосылып, жадынамалар таратылып жатыр.

Облыстық ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының аға инженері Еламан Аубакиров:

– Шомылу маусымы басталмай жатып, біз қауіпсіздік шараларын барынша күшейттік. Халыққа түсіндіру жұмыстары тікелей рейдтік топтар арқылы жүргізіледі. Дронмен жағажайларды бақылап, ескерту жасаудың нәтижесі жақсы. Бұл – заман тала-бы, – деп дайындықты түсіндіріп өтті.

Шомылу мәдениетін қалыптастыруда балаларға ерекше көңіл бөлінуде. Тәртіп сақшылары мен еріктілер мектеп оқушыларына арнайы сабақтар өткізіп, 9 мыңға жуық бала қамтылған профилактикалық іс-шаралар жүргізген.

Табиғат аясы тынбай бақылауды қажет етеді. Биылдың өзінде Жетісуда екі ірі орман өрті тіркеліп, шығын көлемі 2 миллион теңгеден асты. Құрғақ шөп, бейберекет от жағу, ескерусіз қалдырылған темекі – өрттің басты себебі. Орман өрті жайлы мәселе табиғи ресурстар басқармасының ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ мәселесі.

Облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының орман шаруашылығы бөлімінің басшысы Шынар Мейрманова:

– Қазір орман алқаптарының 84 пайызға жуығы техникалық құралдармен қамтамасыз етілді. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 96 пайызға жетеді деп жоспарлап отырмыз. Қосымша техника, мотоцикл, дрон, бейнебақылау жүйелері сатып алынуда. Біздің басты мақсат – өртті болдырмау, ол үшін халықпен тығыз байланыс қажет, – дейді.

Биыл 3328 шақырым минералданған жолаққа күтім жасау және 5 шақырым жаңасын салу жоспарланған. Қазірдің өзінде 118 шақырымы дайын. Бұл өрттің таралуына тосқауыл болар табиғи кедергі.

Жалынның салдарын сөндіру оңай емес, оны болдырмау – басты мақсат. Қазіргі таңда 3098 адам мен 500-ден астам техника өрт сөндіруге сақадай сай тұр. Еріктілер мен орманшылардан құралған 115 топ пен 49 бекет алқаптарды кезекпен бақылайды. Рейдтік топтар тікелей бақылауда. Тәртіп бұзғандарға ескерту де, айыппұл да қарастырылған.

Санжар СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

«Ұлттық қор – балаларға»: 171 мың өтініш орындалды

«Ұлттық қор – балаларға»: 171 мың өтініш орындалды

07.12.2025
Тасқаладан шыққан Тасқамал

Тасқаладан шыққан Тасқамал

07.12.2025
«Жетісу» Бразилияда

«Жетісу» Бразилияда

07.12.2025
Баршаға бірдей бауырмал

Баршаға бірдей бауырмал

07.12.2025
Өз дәуірінің көзі

Өз дәуірінің көзі

07.12.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.