Биыл қазақстандықтар желтоқсан айында мереке мен демалыс күндерін қоса есептегенде 11 күн демалады.
1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай қазақстандықтар аптаның сейсенбісінде жұмыс істемейді. Сонымен қатар, елімізде Тәуелсіздік күнінің құрметіне 16-17-сі және 18-нші (жұма) желтоқсан ресми түрде демалыс болып бекітілді. Яғни, қазақстандықтар Тәуелсіздік күніне орай 16-18-і аралығында және 19 желтоқсанда (сенбі) төрт күн демалады. 18 желтоқсан демалыс болғандықтан, 20 желтоқсан жексенбіге сай келсе де, жұмыс күні болып саналады. Осылайша, қазақстандықтар жылдың соңғы айында 11 күн демалады.
«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»
Сурет — ғаламтордан





