Талдықорған: +1°C
$ 503.90
€ 603.32
₽ 6.61
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жердің жайын бағамдап, малдың қамын ойлаған

29.01.2026
КҮНДЕРЕК
Жердің жайын бағамдап, малдың қамын ойлаған
WhatsAppTelegramFacebook

Қай заманда да елдің дамуы мен өркендеуінің негізінде адал еңбек тұрғаны анық. Қала мен ауылдың тыныс-тіршілігі, өндіріс пен ауыл шаруашылығы, құрылыс пен қызмет көрсету салалары – бәрі де күнделікті маңдай терін төгіп жүрген еңбек адамдарының арқасында алға басып келеді. Олар – атақ іздемей, даңқ қумай, өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын қарапайым жандар.

Еңбек адамы – ел экономикасының қозғаушы күші. Таңның атысынан кештің батысына дейін тынымсыз жұмыс істейтін диқандар, зауыт пен фабрикада станок басында тұрған жұмысшылар, құрылыс алаңындағы мамандар, жол салушылар мен жүргізушілер, электрик, дәнекерлеуші – бәрі де бір-бірімен тығыз байланысты үлкен жүйенің бөлшегі. Олардың еңбегінің нәтижесін күнделікті өмірімізден анық байқап жүрміз. Мәселен, егіннен жиналған мол өнім, бой көтерген тұрғын үйлер, зәулім-зәулім ғимараттар, оқтай түзу жаңа жолдар, инженерлік желілер – мұның бәрі еңбекпен келген игілікті істер.

Осы тұрғыда ауылдық жерде еңбек етіп жүрген азаматтардың да үлесі ерекше. Қыстың қақаған аязында, жаздың аптап ыстығында, жаңбырлы, боранды күндерде тыным таппайтын еңбеккерлердің қажыр-қайраты кез келген құрметке лайық. Өйткені елдің тұрақты дамуы мен жарқын болашағы ең алдымен адал еңбекке сүйенеді. Күні бойы маңдай терлетіп, елдің ырысы мен тынысын қалыптастырып жүрген жандардың қажыры көбіне көзге көріне бермейді. Сондықтан біз де осындай қарапайым еңбек адамдарының адал ісін, шынайы өмірін, кәсіби жолын, адамдық болмысын жас ұрпаққа үлгі ету мақсатында кеңінен насихаттап, әр ай сайын газет бетіне жариялап отыруды жөн көрдік.

Алдымен ерте тұрып, тамаша көңіл-күймен іске кірісе кететін қарапайым диқаншының өмірі мен еңбек жолы туралы ой өрбітсек дейміз. Осылайша кейіпкерімізбен арнайы кездесу үшін жолға шықтық. Біз барған ауыл Көксу ауданына қарасты Мұсабек ауылы. Қаладан алыс емес, автокөлігімізбен діттеген жерімізге де келдік. Ауыл іші тым-тырыс. Алыстан иттердің үргені, қорадағы малдың пысқырғаны ғана осы бір мамыражай тіршіліктің белгісі іспеттес болып көрінді. Таң ағарып атқаннан малын жайлап, қора-қопсысын ретке келтіріп жүретін ауылдықтар күнделікті күйбең тіршіліктің тамырына қан жүгіртіп жатқандай. Бұл – табиғатпен үндескен, баяу болса да мағыналы тіршілік. Осындай сәттерде ауылдың шынайы болмысы, адамдардың бір-біріне деген жақындығы айқын сезіледі.

Бізді Жанат Көбен есімді азамат күтіп алды. Үй маңындағы қора жайында тұрған қой, жылқы малына шөп салып жүр. Әр таңын жердің иісімен қарсы алып, кешін қораның тынысымен түйіндейтін Жанат Бейсенбайұлының әңгімесінен ұққанымыз, ол – мал мен жердің иесіне айналған. Баппен сөйлейді, өмірге ойлы көзбен қарайды. Артық сөзге жоқ, істің адамы. «Еңбек бәрін орнына қояды» деген ұстанымды берік сақтайды. Малдың жайын бағып жүріп, әр түліктің іс-қимылын көзбен шолып, үнсіз ғана жағдайын аңғарады. Ол бір күннің емес, бір ғұмырдың есебін жүргізеді. Сондықтан да оның жүзінде асығыстық емес, байып бар, сөзінде даурықпа емес, терең мағына жатыр.

Жанат Бейсенбайұлы – ауыл тіршілігінің қазанында қайнап, еңбектің нағыз қадірін біліп өскен азамат. Кеңес кезеңіндегі қиындықтар, тоқырау жылдарындағы тығырық, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы елең-алаң – бәрін де бастан өткерді. Бірақ, қандай кезең болса да, жерден қол үзген емес. Ол бүгінде «Асар» жеке шаруа қожалығының иесі, ауыл шаруашылығын өмірлік мұратқа айналдырған еңбек адамы. Зейнет жасына келсе де еңбектен қол үзбеген азаматтың бүгінде өзінің жеке жері мен малы бар. Әрине, мал мен егін шаруашылығын қатар алып жүру – кез келгеннің қолынан келе бермейтін іс.

Қыстың қақаған аязында малдың қамын ойлау, жаздың аптабында егіс алқабын күту – үлкен төзім мен табандылықты қажет етеді. Кейіпкеріміз осы жолда талай сыннан өткен. Қуаңшылық та болды, шығын да кездесті. Бірақ ол ешқашан жерден теріс айналған емес. Қайта әр қиындық сайын еңбегін еселеп, шыңдала түсті.

Алайда ол бұл байлықтың бәрі тек жеке игілік емес, маңдай термен келген жауапкершілік деп біледі. Оның күнделікті тіршілігі – жердің жайын бағамдап, малдың амандығын ойлаумен өтеді. Өйткені, ол мал мен егін шаруашылығын қатар алып келе жатқан тәжірибелі шаруа. Қожалықта негізінен Қамбар ата мен Шопан ата түліктері өсіріледі. Егін алқаптарында да мал азығы мен өнім алуға бағытталған дақылдар егіледі.

Ол жерді ұтымды пайдалану, агротехникалық талаптарды сақтау, қыстық жемшөпті уақытылы қамдап алу мәселесіне ерекше мән береді. Өйткені, шаруашылықтағы әрбір ұсақ-түйек – үлкен еңбектің нәтижесіне тікелей әсер етеді. Шаруа адамының мінезі де еңбектің өзімен қалыптасқан. Сабырлы, байыпты, сөзге емес, іске жақын. Табиғаттың тосын мінезіне мойымай, қиындықты еңсеруге үйренген. Қуаңшылық, ауа райының қолайсыздығы секілді сын-қатерлер оны тоқтатпайды, қайта шыңдай түседі. Ол үшін шаруа болу – кәсіп емес, өмір салты.

Шаруа адамы өз еңбегін асыра мақтамайды. Бірақ, ол елдің дастарқанындағы адал астың соңында өзінің қандай маңдай тері жатқанын терең сезінеді. Сол аста небір ұйқысыз түндер мен алаң көңіл жатқанын көбіне біз байқай бермейміз. Ал Жанат Көбен үшін бұл – қалыпты өмір салтына айналған. Шаруа адамы сондай-ақ, жерге иелік етуші емес, аманат иесі ретінде қарайды. Ол үшін жер – жай ғана күнкөріс көзі емес. Ол – тағдыр, ол – аманат. Таңның алғашқы шуағы даланы нұрға бөлеген сәттен бастап, оның ойы егіс алқабы мен малда.

Қора-қопсыны бір шолып, жердің жайын бағамдамайынша, оның күні басталды деуге болмайды. Бұл – жылдар бойы қалыптасқан шаруа адамының өмір ырғағы. Жердің тозбауын, құнарын жоғалтпауына аса мән береді. Себебі, ол жерді ертеңгі ұрпағына сол күйінде табыстауды азаматтық борыш екенін де ұмытқан емес. Мал шаруашылығымен де айналысатын шаруа үшін ең бір қуанышты сәт – маңдай термен жеткен еңбектің нәтижесін көру. Көктемгі төл алу науқанынан бастап, жаз бойғы жайлау тірлігі, қысқы қыстақтағы күтім – бәрі де үлкен жауапкершілікті талап етеді. Сол бейнеттің өтеуі ретінде қора толып, мал басы көбейгенде, шаруа еңбегінің зая кетпегенін сезінеді.

Құлын-тайдың құлдырап, қозы-лақтың жамырап өсуі – әрбір малшы үшін ерекше сәт. Бұл – тек тұрмыстың түзелуі ғана емес, ата кәсіптің жалғасып, берекенің артқанының белгісі. Таңнан кешке дейінгі тынымсыз тірлік, малдың жайын күйттеген күндер осындай сәттерде ақталады. Сондықтан төрт түліктің өрісі кеңейіп, қорасы малға толған сәт – шаруа үшін ең үлкен марапат. Мұндай қуаныш ауылдың еңсесін көтеріп, елдің ырысын арттыра түседі.

Сондай-ақ, ол тек өзін емес, өзге бірнеше адамды да жұмыспен қамтып отыр. Бұл – шаруашылықтың тек табыс емес, әлеуметтік жауапкершілік арқалап отырғанын көрсетеді. Шаруа үшін бұл – үнсіз парыз. Осындай адамдар барда ауыл бос қалмайтыны, жердің жетімсіремейтіні сөзсіз.

Жанат Бейсенбайұлының өміріндегі ең үлкен байлық – отбасы. Жандос, Жамбыл, Гүлнұр есімді ұл-қызды тәрбиелеп, өсірді. Үшеуі де жоғары білімді, бүгінде отбасылы, ел қатарлы тірлік кешіп отыр. Балаларының білім алып, өмірден өз орнын табуы – әкенің ішкі мақтанышы әрі қуанышы. Ол ешқашан балаларына «шаруа бол» деп талап қойған емес, бірақ еңбекке баулып өсірді. Әсіресе, екінші ұлы Жамбыл әке жолына жақын. Малдың бабын біледі, жердің тілін түсінеді. Шаруашылық жұмысына етене араласып, әке ісін жалғастыруға ниет танытып жүр. Бұл – Жанат Көбен үшін үлкен үміт. Себебі, жерді түсінетін ұрпақ барда еңбектің де, ауылдың да болашағы зор. Ал зайыбы Нұрғиса Құдайбергенқызы талай жыл ұстаздық етсе, бүгінгі күнде зейнеткер.

– Шаруа болу үшін ең алдымен жерді сүю керек. Жерді сүйген адам еңбектен қашпайды,– дейді ол.

Айгүл БАЙБОСЫНОВА

Қатысты жаңалықтар

Темірлан Анарбеков Чемпиондар лигасының үздік үштігінде

Темірлан Анарбеков Чемпиондар лигасының үздік үштігінде

29.01.2026
Зейнетақы шотындағы артық ақшаны алу ережесі тағы өзгерді

Зейнетақы шотындағы артық ақшаны алу ережесі тағы өзгерді

29.01.2026
Ішкі істер министрлігі Қазақстанда алкоголь сатуды шектеу туралы ұсынысты қолдады

Ішкі істер министрлігі Қазақстанда алкоголь сатуды шектеу туралы ұсынысты қолдады

29.01.2026
Алтын бағасы алғаш рет 5600 доллардан асты

Алтын бағасы алғаш рет 5600 доллардан асты

29.01.2026
Баукеңнің еркелігі

Баукеңнің еркелігі

29.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.