Талдықорған: -2°C
$ 501.26
€ 590.38
₽ 6.54
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Гүл өсіру – бір өнер

25.02.2026
ЖАҢАЛЫҚТАР, КҮНДЕРЕК
Гүл өсіру – бір өнер
WhatsAppTelegramFacebook

ГҮЛ – табиғаттың ең әдемі жаратылыстарының бірі. Олар айналаны көркейтіп қана қоймай, бірден адамның көңіл-күйін көтереді.

Түрлі-түсті гүлдер бақтарды, үйлерді және саябақтарды сәнге бөлеп, табиғатқа ерекше көрік береді. Адамдар оны тек әсемдік үшін ғана емес, мерекелерде де сыйлық ретінде ұсынады. Өйткені, ол – сүйіспеншілік пен құрметтің белгісі. Бүгінде осындай гүл түрлерін жайқалта өсіруді кәсіпке айналдырған Балжан НҮСІП Көксу ауданының Мұқыры ауылында тұрады. Осындай керемет істі қарқынды дамытуды қолға алып, маңдай терлетіп жүрген келіншектің кәсібін көру үшін арнайы бардық.

Байқағанымыздай, үй ауласындағы шағын жылыжайда өсірілген гүлдердің жұпар иісі сонадайдан аңқып тұр. Бұл – гүл өсіруді өмірінің бір бөлшегіне айналдырған келіншектің еңбегінің жемісі. Бізді жылыжайға кірген бетте бірден жылы леп пен гүлдердің нәзік иісі қарсы алғандай болды. Бұл жердегі әр гүлдің күтімі бір адамның еңбегімен байланысты екені бірден аңғарылды. Көктем шыққанда кәсіпкердің есігінің алды өзгеше құлпырып, сәнге бөленіп кеткендей көрінді.

Бір-бірімен жарыса жайнаған сан алуан гүлдер көрген жанның назарын бірден өзіне аударды. Түрлі-түске боялған әдемілікке қараған біздің де көңіліміз бірден көтеріліп, әп-сәтте бойымызға күш-қуат дарығандай әсерге бөлендік. Табиғаттың осы бір нәзік сыйының әрқайсысында әлгі әйелдің маңдай тері мен үміті жатқандай сезілді. Кәсіпкер келіншектің айтуынша, түрлі-түсті гүлдердің әрқайсысының өзіне тән күтімі бар. Кейбірі жылылықты жақсы көрсе, енді бірі ылғалдың мол болғанын ұнатады. Ауа температурасы да қалыпты жағдайда болуы тиіс. Таңертең күн жаңа көтерілген сәтте ол үй ауласындағы жылыжайға кіріп, гүлдерін аралап, әрқайсысына ерекше күтім жасайды.

Айта кетейік, «Балжан» жеке кәсіпкерлігінің гүл шаруашылығымен айналысып келе жатқанына – 4 жыл. Балжан Құдайбергенқызы кәсіпкерлікті алғашқы кезде дайын гүлдерді алып, сатудан бастапты. Сөйтіп, ол: «осының бәрін өзім өсіріп көрсем, қалай болар екен?!» деген ой жетегінде жүрді. Бастапқыда бұл тек арман сияқты болып көрінген еді. Гүл өсіру оңай емес, оған білім мен тәжірибе керек екенін де білді. Бірақ, ол тәуекелге бел буды.

Бастапқыда соның қыр-сырын білу үшін әбден ізденіп, үйренді. Мамандардан кеңес алып, білетіндердің тәжірибесімен бөлісті. Уақыт өте келе өз жылыжайын салып, өндірістік бағытта гүл өсіруді қолға алды. Қазір сол еңбегінің бәрі ақталып, нәтижесінде жемісін көріп отыр. Таңертең есігін ашқанда, дайын өнім алыс жақтан емес, өз ауласынан табылады. Қазір оны ауылда «гүл өсіретін келіншек» деп таниды. Егер ол сол кезде тәуекел етпесе, бүгінгі бақша да болмас еді. Есігінің алдындағы гүлдер қазір жай ғана әдемілік емес – тіршілік көзі. Бір кезде сатып әкелінген гүлдері бүгінде өз қолымен өсірілген кәсіпке айналып отыр. Тұтынушыларының бәрі жетісулықтар. Өнімдері арнайы гүл сататын орындарда сатылады. Қазіргі таңда жылыжайда альстромерия және қызғалдақ гүлдері өсіріледі.

Жалпы гүл егілген жер көлемі 8 сотықты құрайды. Бүгінде кәсіп қарқынды дамып, иесі жергілікті нарықты сапалы әрі отандық өніммен қамтамасыз етуге өз үлесін қосуда. Жылыжайдағы жұмыс тек гүл өсірумен шектелмейді. Топырақ дайындау, тыңайтқыш беру, суару, күтіп-баптау секілді істің бәрі үлкен еңбекті талап етеді. Соған қарамастан Балжан өз ісін сүйіп істейді. Бұл іске отбасы мүшелері де көмектеседі. Гүл өсіру кәсіпкерге тұрақты табыс әкеліп отыр. Шағын кәсіп иесіне айналған келіншектің өнімдері тапсырыспен өсіріледі.

Айта кетейік, жастығына қарамастан, 6 баланы дүниеге әкеліп, бала тәрбиесімен қатар кәсіпкер атанған көпбалалы ананың өз еңбегімен нәсіп тауып жүргені ерекше құрметке лайық.

Кейіпкеріміз: «Көпбалалы Ана болу – БАҚЫТ. Ал өз ісіңнің болғаны – одан да үлкен ҚУАНЫШ. Балаларыма еңбектен қорықпау керектігін көрсеткім келеді», дейді.

Сондай-ақ, ол бұл істі өз қаражаты есебінен ашқан. Кейіпкеріміз алдағы уақытта кәсібін кеңейтуді жоспарлап отыр. Осындай шағын кәсіптер ауыл тұрғындары үшін табыс табудың тиімді жолдарының біріне айналып келеді. Ал гүл өсіруді кәсіп еткен келіншек өз тәжірибесімен бөлісіп, ең бастысы – ойға алған істі қорықпай бастаудың жемісі болатынына бек сенімді.

Балжанның сөзінше, АЛЬСТРОМЕРИЯ – ерекше көркімен көз тартатын сәндік гүлдердің бірі. Бұл гүл нәзік жапырақтары мен алуан түсті күлтелері арқылы гүл сүйер қауымның ерекше ықыласына бөленіп келеді. Альстромерияны көбіне «перу лалагүлі» деп те атайды. Оның гүл күлтелеріндегі майда сызықтар мен дақтар гүлге ерекше сән беріп, табиғаттың шеберлігін айқын көрсетеді.
Сондай-ақ, ол ұзақ уақыт солмай тұратын гүлдердің қатарында. Сондықтан оны гүл шоқтарын жасауда жиі қолданады. Дұрыс күтім жасалса, кесілген альстромерия гүлі екі аптаға дейін балғын қалпын сақтай алады.

Осы қасиетінің арқасында ол мерекелік гүл шоқтарының сәнін келтіріп, сыйлық ретінде де жоғары бағаланады. Бұл гүлдің түстері ақ, қызғылт, сары, қызыл, күлгін және қызғылт сары түсті сан алуан болады. Әр түс өзінше бір мағына береді. Мысалы, ақ альстромерия – тазалықтың, қызғылт – мейірімнің, ал сары түс – қуаныш пен жылылықтың белгісі саналады. Альстромерия жарық пен жылуды жақсы көреді. Сондықтан оны жылыжайда немесе күн сәулесі мол түсетін жерде өсірген дұрыс.

Топырағы құнарлы әрі борпылдақ болғаны жөн. Гүлді шамадан тыс суару оның тамырына зиян келтіруі мүмкін, сондықтан күтім кезінде тепе-теңдік сақталғаны маңызды. Бүгінде альстромерия гүлін өсіру шағын кәсіптің бір түріне айналып келеді. Жылыжай жағдайында өсірілген бұл гүлдер нарықта үлкен сұранысқа ие. Әсіресе, табиғи әсемдігі мен ұзақ сақталу қасиеті гүл өсірушілерге де, сатып алушыларға да тиімді. Альстромерия – тек әдемі гүл ғана емес, көңілге жылулық сыйлайтын табиғаттың ғажайып тартуы. Оның нәзік келбеті мен түрлі-түсті реңктері кез келген ортаны көркейтіп, адам жанына ерекше әсер береді.

ҚЫЗҒАЛДАҚ – көктем мезгілінің ең әсем гүлдерінің бірі. Жер бусанып, табиғат оянған шақта алқаптарды қызыл, сары, қызғылт түске бояп шығатын бұл гүл сұлулығымен адамды бірден баурап алады. Қызғалдақ – нәзіктіктің, тазалықтың және жаңарудың белгісі саналады. Қазақ даласында қызғалдақ ежелден ерекше қадірленген. Көктем шыға далада қаулап өсетін қызғалдақтар табиғаттың қайта түлегенін білдіреді. Сондықтан халық қызғалдақты көктемнің жаршысы деп атайды. Қызғалдақ гүлдеген кезде кең дала құлпырып, ерекше көрікке енеді.

Қызғалдақтың түрі өте көп. Олардың түсі де алуан түрлі – қызыл, сары, ақ, қызғылт, күлгін түстері кездеседі. Бұл гүл күн сәулесін жақсы көреді және күтімі дұрыс болса, ұзақ уақыт бойы жайқалып өседі. Қызғалдақ көбіне пиязшық арқылы көбейеді. Күзде отырғызылған пиязшықтар көктемде гүл жарып шығады.

Бүгінде қызғалдақ тек далада ғана емес, жылыжайларда да өсіріледі. Кәсіпкерлер арнайы күтім жасап, қызғалдақты мереке күндері сатуға дайындайды. Әсіресе, көктем мезгілінде қызғалдаққа сұраныс артады. Себебі, адамдар бұл гүлді жақындарына сыйлап, көңілдерін білдіреді.

Қызғалдақ – табиғаттың адамға сыйлаған ерекше әсемдігі. Оның нәзік күлтелері мен қанық түстері адам жанына қуаныш сыйлайды. Сондықтан қызғалдақ әр көктем сайын адамдардың көңіліне жылылық пен үміт ұялатады.

Альстромерии гүлі жыл он екі ай бойы өсіріледі. Ал қызғалдақ жыл соңына қарай отырғызылып, көктем мезгілінде жинап алынады. Сөйтіп, оның орнына жаз бойы көкөніс түрлері өсіріледі. Күз, қысқа қарай қайта қызғалдақ егіліп, көктем шыққанша күтіп,бапталады. Жылыжай көмірмен жылытылады. Осы қыста 40 тонна қатты отын жұмсалды. Биыл жылыжайға қызғалдақтың 14 түрінен 60 мың дана ектік.

Қазір бұл гүлдердің сатып алушылары да дайын. Алдағы уақытта қызғалдақты 100 мың данаға дейін жеткізуді көздеп отырмыз. Біз өнімдерімізді табиғи жайлылық сыйлай отырып өсіреміз. Гүлдерге құнарлы қара топырақ қажет. Сол үшін тау топырағын әкеліп, пайдаланамыз. Ол жыл сайын ауыстырылып отырады. Өйткені, олар жай жерге өспейді. Гүл тұқымдары Голландиядан жеткізіледі.

Көктемде жұмыс қызады. Сол кезде 4 адам еңбекпен қамтылады. Жалақылары күнделікті төленеді. Гүл – жай ғана өсімдік емес, тірі жан секілді. Оған да мейірім мен күтім қажет. Ең бастысы – істі жүрекпен істеу керек. Сонда ғана нәтиже береді. Гүлмен жұмыс істегенде бәрін ұмытып, жан рахатына бөленесің, – дейді Балжан Құдайбергенқызы.

Айгүл Байбосынова
Көксу ауданы

Қатысты жаңалықтар

Туған жердей жер болмас

Туған жердей жер болмас

26.02.2026
Халықаралық операция арқылы ірі есірткі арнасы жойылды

Халықаралық операция арқылы ірі есірткі арнасы жойылды

26.02.2026
Жарқын елдің шамшырағы

Жарқын елдің шамшырағы

26.02.2026
Қазақстанда дәрігерлер тапшылығы екі жылда 19,6 пайызға қысқарды

Қазақстанда дәрігерлер тапшылығы екі жылда 19,6 пайызға қысқарды

26.02.2026
Балл қуған буын

Балл қуған буын

26.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.