Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жетісу облысында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери шерулерге қатысқандар марапатталды

23 мамыр 2025
КҮНДЕРЕК
Жетісу облысында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери шерулерге қатысқандар марапатталды
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысында Астана мен Мәскеуде өткен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған шерулерге қатысушыларды марапаттады. Салтанатты рәсім Талдықорғанда орналасқан № 18404 әскери бөлімінің алаңында өтті, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Ұлы Жеңіске арналған айтулы миссияны лайықты орындағаны үшін өңір басшысының атынан алғыс білдірген облыс әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов әскери қызметшілерге — жалпы саны 35 адамға облыс әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хатын табыс етті.

Еске салсақ, Мәскеуде өткен салтанатты шеруге Қазақстаннан Кеңес Одағының Батыры генерал-майор Иван Панфилов атындағы 37-ші десанттық-шабуыл әскерлері бригадасы барған болатын. Бұл – осы шеруге еліміздің атынан қатысқан жалғыз әскери бөлім. Мәскеуге барған салтанатты топты әскери бөлімнің командирі, полковник, ІІ дәрежелі «Айбын» орденінің және «Жауынгерлік ерігі үшін» медалінің иегері Алмас Төлегенов бастап барды. Топ құрамында 80 әскери қызметші болды, атап айтқанда, 11 офицер, 24 келісімшартпен жұмыс істейтін қызметші және 45 мерзімді қызмет сарбазы.

— Биыл Қазақстан армиясы өкілдерінің құрамында Мәскеудегі Қызыл алаңда Жеңістің 80 жылдығына арналған шеруге қатысуға мүмкіндік туды. Биыл әскери салада төртінші жыл келісімшарт бойынша жұмыс істеп келемін және өз Отаныма қызмет еткенімді мақтан тұтамын, – деді кіші сержант Әлібек Манарбеков.

Астана қаласында өткен салтанатты әскери шеруге қатысқандардың бірі ой бөлісті:

— Мен Астананың орталық алаңында әйелдер сапының құрамында салтанатты түрде сап түзеп жүріп өттім. Бұл парадқа еліміздің түкпір-түкпірінен 150 әскери қызметші әйел қатысты, соның 11-і – біздің десанттық-шабуылдау бригадасынан. Мен мұндай іс-шараға алғаш рет қатыстым, бойы, түзулігі, мүсіні, сыртқы келбеті – жан-жақты  іріктеу қатаң, талап жоғары болды. Осындай айтулы іс-шараға қатысқаныма қуандым! – дейді парадқа қатысушы әскери қызметші-десантшы, қатардағы жауынгер Адина Қуанбекқызы.

 Фотограф: Дмитрий Ерофеев

Қатысты жаңалықтар

Барымта басылмай тұр

Барымта басылмай тұр

15 қараша 2026
Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

15 қараша 2026
Тарих пен тағылым ұштасқан

Тарих пен тағылым ұштасқан

15 қараша 2026
Тоқыма өндірісін өрістеткен

Тоқыма өндірісін өрістеткен

15 қараша 2026
Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

15 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.