Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жетісу облысында үш жылда саябақ, сквер, аллея түрінде 18 жасыл аймақ жасалды

14 тамыз 2025
КҮНДЕРЕК
Жетісу облысында үш жылда саябақ, сквер, аллея түрінде 18 жасыл аймақ жасалды

Жұмабай Мұсабеков

WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысы құрылғаннан бергі үш жыл ішінде өңір аумағында жаңадан 11 саябақ, 5 сквер және 2 аллея салынған. Ал биыл оған қоса жалпы аумағы 11.3 га болатын тағы 7 жасыл аумақ жасалады. Олар Ескелді, Көксу, Алакөл, Қаратал аудандары мен Талдықорған қаласында. Елді мекендерді абаттандыру шаралары «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында қолға алынып отыр, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Көгалдандыру шараларымен қатар жасыл желекті суару жүйесін жүргізу де қарастырылуда, яғни жаңа саябақтарда, скверлер мен аллеяларда автоматты суару, арық жүйесімен насос қондырғылары арқылы суару және қажет жағдайда тасымалдау көлігі арқылы суару жүзеге асырылмақ.

Жұмабай Мұсабеков

Мәселен, Талдықорған қаласында саябақ пен сквер құрылысы аяқталуға жақын.  Атап айтқанда, «Құлагер» шағын ауданындағы саябақтың құрылысы тамыз айының аяғында, ал «Бірлік» шағын ауданындағы сквердің құрылысы қыркүйек айының соңына дейін бітеді деп күтілуде.

— Саябақтың аумағы 1,2 гектарды құрайды. Автоматты суару жүйесінің жұмысын тексеру-іске қосу, газон төсеу жұмыстары жүріп жатыр. Ағаштар күзге қарай егіледі. Қазір саябақта балалар ойын және спорт алаңы, футбол алаңы, әткеншектер мен орындықтар қойылған демалыс алаңы орнатылған. Сол сияқты жаяу жүргінші жолдары, веложолдар, жарық шамдары, басқа да абаттандырудың заманауи элементтері қарастырылған, — дейді дейді Талдықорған қалалық ТҮКШ бөлімінің коммуналдық сектор меңгерушісі Рамиль Рахымбаев.

Жергілікті тұрғындар саябаққа қазірден-ақ келе бастаған.

Жұмабай Мұсабеков

— Талдықорған өзінің ықшамдығымен, тазалығымен, жасыл желегімен ерекшеленеді. Облыс құрылғаннан бері осы қалада тұратын. Қаламыздың жылдан жылға гүлденіп келе жатыр. Мұнда тұтатын адамдардың жүзі жылы, жайдары. Талдықорғанда тұрғын үйлер, көптеген жаңа ғимараттар бой көтерді. «Таза Қазақстан» бағдарламасының арқасында көгалдандыруға көп көңіл бөліне бастады. Мысалы, тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы әрі жайлы жағдай жасау мақсатында жаңа шағын ауданда жаңа саябақ салынып жатыр. Осыған байланысты біз де маңайымызды тәртіпке келтіріп, таза ұстауымыз керек, — дейді Айзат Жанболатқызы.

Атап өтсек, облыс көлемінде жалпы аумағы 296,3 га болатын 132 саябақ, сквер, аллеялар бар. Бұл ретте облыс аумағында биылғы көктемгі кезеңде 56 500-ге астам ағаш отырғызылды.

Қатысты жаңалықтар

Барымта басылмай тұр

Барымта басылмай тұр

15 қараша 2026
Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

15 қараша 2026
Тарих пен тағылым ұштасқан

Тарих пен тағылым ұштасқан

15 қараша 2026
Тоқыма өндірісін өрістеткен

Тоқыма өндірісін өрістеткен

15 қараша 2026
Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

15 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.