Талдықорған: +10°C
$ 458.13
€ 502.29
₽ 5.58
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жетісу облысындағы сайлау учаскелері

Бүгін, 07:00
КҮНДЕРЕК
Жетісу облысындағы сайлау учаскелері
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысында сайлау учаскелерінің мүгедектігі бар азаматтар үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында бірқатар шара қабылданған. Өңірде барлығы 469 сайлау учаскесі жұмыс істейді, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

Облыстағы 469 сайлау учаскесінің 468-і ғимараттардың бірінші қабатында орналасқан. Тек Кербұлақ ауданындағы №190 сайлау учаскесі әскери бөлім аумағында орналасқандықтан, ғимараттың екінші қабатында орналасқан. Аталған нысанның қолжетімділігі шектеулі.

Жалпы, 419 сайлау учаскесінде пандус орнатылған. Ал 50 учаскеге пандус орнату қажеттілігі жоқ. Олардың 41-і – қолжетімділігі шектеулі жабық сайлау учаскелері.

Көру қабілеті бұзылған азаматтарға қолайлы жағдай жасау үшін сайлау учаскелерінің кіреберістері мен ішкі аумақтарына 413-тен тактильді көрсеткіш орнатылған. Сонымен қатар арнайы тұтқалар қарастырылған.

428 сайлау учаскесі мүгедектігі бар азаматтардың дауыс беруіне қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Атап айтқанда, мүгедектер арбасын пайдаланатын азаматтарға арналған арнайы кабиналар, аудиоматериалдар мен құлаққаптары бар компьютерлер, көру қабілеті төмен азаматтарға арналған трафареттер мен үлкейткіш әйнектер қойылған.

Сондай-ақ 426 сайлау учаскесі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Қолжетімді орта» («Доступная среда») порталындағы картаға енгізілген.

Қазіргі таңда Жетісу облысында 3 803 мүгедектігі бар сайлаушы тіркелген. Бұл сайлаушылардың жалпы санының 0,86 пайызын құрайды. Олардың ішінде 890-ы – кресло-арба пайдаланушылары, 2 154-і – көру қабілеті бұзылған, ал 759-ы – есту қабілеті бұзылған азаматтар.

Дауыс беру күні аталған азаматтарға қолайлы жағдай жасау үшін «Инватакси» қызметінің 32 автокөлігі жұмылдырылады. Бұдан бөлек, 29 сурдоаудармашы офлайн және онлайн форматта қызмет көрсетеді.

Айта кетейік, Талдықорған қаласында барлығы 68 сайлау учаскесі бар. Оның бесеуі – жабық учаске.

Қатысты жаңалықтар

Ұлт болашағы – ананың қолында

Ұлт болашағы – ананың қолында

28 қараша 2026
Дамудың тұрақты кепілі

Дамудың тұрақты кепілі

28 қараша 2026
Заң мен тәртіп – қоғам тірегі

Заң мен тәртіп – қоғам тірегі

28 қараша 2026
Бұл күнге жету оңай болған жоқ

Бұл күнге жету оңай болған жоқ

28 қараша 2026
Аталы сөз иесі

Аталы сөз иесі

28 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.