Талдықорған: +1°C
$ 503.17
€ 600.89
₽ 6.63
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АНАЛИТИКА

Жетісу табиғатын қоқыстан кім қорғайды?

23.07.2025
АНАЛИТИКА, КҮНДЕРЕК
Жетісу табиғатын қоқыстан кім қорғайды?
WhatsAppTelegramFacebook

Қай ғасыр, дәуір болмасын экология – жер жаһан мен адамзат үшін ең өзекті мәселе болып қала бермек. Осы тұрғыда әлем ғалымдары мен сарапшылары дабыл қағып, көмірқышқыл газдың бөлінуін азайтуға, жаңартылатын энергия көздерін арттыруға тырысуда. Бірақ мәселе тек ауаның немесе судың ластануында емес, адамның өмір сүру мәдениетімен, экологиялық санасымен тығыз байланысты.

Енді мына қызыққа қараңыз, БҰҰ-ның Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасының (UNEP) мәліметінше, жер бетінде жыл сайын 2 млрд тоннадан астам тұрмыстық қалдық пайда болады. Оның кем дегенде 33%-ы заңсыз немесе бейберекет төгіледі. Бұл қалдықтардың басым бөлігі дамушы елдерде жинақталып, адамның денсаулығы мен табиғатқа тікелей зиян келтіруде.

Ал, Батыс Еуропа елдері мен Жапония сияқты дамыған мемлекеттер бұл мәселені технология мен тәрбие арқылы шешуге тырысып келеді. Мысалы, Швецияда қалдықтың 99%-ы өңделеді, кейбір деректерде бұл көрсеткіш 100%-ға жуық деп көрсетілген. Германия – қоқысты сұрыптау мәдениеті дамыған мемлекеттердің бірі: әрбір үйде түрлі түсті контейнерлер тұрады, оларды дұрыс пайдаланбағаны үшін айыппұл салынады.

Қазақстанның экологиялық әлеуеті

Басқа елдегі ахуалға қысқаша тоқталдық. Енді өз Отанымыз жайлы сөз қозғайық. Қазақстан – табиғаты бай, ландшафты алуан түрлі, ресурстық қоры мол ел. Дегенмен, қоршаған ортаны қорғау бағытындағы жүйелі жұмыс әлі де осал. Оны мойындауымыз керек. Экология және табиғи ресурстар министрлігінің 2024 жылғы дерегі бойынша, елімізде 5 миллион тоннаға жуық қатты тұрмыстық қалдық (ҚТҚ) жиналады, оның тек 19%-ы ғана қайта өңделеді. Бұл көрсеткішті біз мысалға келтірген елдермен салыстыруға келмейді.

Бұдан кейін тіркелмеген, заңсыз төгілген қоқыс орындары жайлы ойлаудың өзі қорқынышты. Тек 2023 жылдың өзінде ел көлемінде 3 мыңнан аса заңсыз қоқыс орны анықталған. Қалдықты сұрыптау және қайта өңдеу саласы жеткілікті деңгейде дамымаған, өңдеу зауыттарының саны аз, ал халықтың бұл бағыттағы мәдениеті мен жауапкершілігі де төмен.

Осы орайда, өлкетанушы, эколог Қажет Андастың пікірі назар аударуға тұрарлық:

«Еліміздегі қатты тұрмыстық қалдықтардың аз пайызы ғана өңделеді. Көбі далада шашылып жатыр. Осы тұрғыдан келгенде, қатты тұрмыстық қалдықтарды қажетке жарату ісі бүгінгі күннің талабынан шығып отыр деп айта алмаймыз.
Әрине, дамыған мемлекеттер сияқты қоқысты жүз пайыз керекке жаратып, одан өміріміз бен тіршілігімізге тиімді заттарды өндіретін уақыт та келер. Алайда біз әлі де қоқысты керекке жаратудың мәдениетті жолын қалыптастыра алмай келеміз. Сондықтан тұрмыстық қалдықты қайта өңдеуден бұрын оны есепке алу, жинау, сұрыптау жолын, сондай-ақ, қауіпті қалдықтарды залалсыздандыру, жоюдың әдіс-амалын үйренгеніміз дұрыс», — дейді ол.

Жетісу облысы: табиғаты әсем, ал экологиялық мәдениеті қай деңгейде?

Жетісу облысы – өзен-сулары, орман-тоғайы, көлдер мен сарқырамалары арқылы ерекше көз тартады. Бұл өңірдің табиғи байлығы – республикалық қана емес, халықаралық деңгейдегі экологиялық маңызы бар нысандармен ерекшеленеді. Алакөл мен Балқаш көлдерінің экожүйесі, Жоңғар Алатауы мен Шарын шатқалы, Бұрхан Бұлақ сарқырамасы – туризмге де, табиғат қорғауға да сұранып тұрған нысандар.

Алайда табиғи байлықты сақтау үшін сол өңір тұрғындары мен қонақтарының экологиялық жауапкершілігі жоғары болуы тиіс. Бұл тұрғыда тұрғындардың пікірі де ойландырады.

Маржан Өсер, Талдықорған қаласының тұрғыны:
«Жетісу облысы тамаша табиғатымен ерекше. Алакөл, Балқаш көлі, Бұрхан Бұлақ сарқырамасы бар, бірақ көбі демалған соң қоқыстарын тастап кетеді. Мәдениетті өзімізден бастау керек», — дейді.

Сұрай қалсаңыз мұндай пікірді екінін бірінен естуге болады. Қарапайым ғана қала тұрғындары барып демалатын Балықты өзенінің жағасы соған мысал. Өкінішке қарай, әсем табиғаттың қас жауы – демалыстан кейін қалған пластик бөтелкелер, қалбырлар, полиэтилен қаптар мен өңделмеген тұрмыстық қалдықтар. Бұл – туризммен бірге экологияның да деңгейін түсіретін жағдай.

Экоеріктілер – жаңарған экосананың жаршысы

Соңғы жылдары Жетісу облысында экоеріктілер қозғалысы жандана түсті. Әсіресе жастар мен мектеп оқушылары арасында экология тақырыбына қызығушылық артқан. Осы орайда, Ғазиз Аманжолұлы есімді экоерікті ерекше атап өткен жөн. Ол тек сөзбен емес, ісімен де үлгі көрсетіп жүрген азамат.

Ғазиз Аманжолұлы, экоерікті:
«Халықтың экологиялық белсенділігі соңғы жылдары көтерілді десе болады, оған себеп – «Таза Қазақстан» акциясы. Айналамыздың тазартылғанын көріп жатқан халық, өз тарапынан да қоқысты қайда болса тастамай, қоқыс шелектеріне тастау қажеттігін түсінді десек артық айтпағаным.
Алайда, жеке секторда тұратын және контейнері жоқ үй иелерінің қоқысты қайда тастап жатқаны – үлкен сұрақ. Заңсыз қоқыс алаңдарының пайда болуы да осыдан. Осы орайда, заңнамалық тұрғыда әрбір жеке секторда қоқыс контейнерінің болуын міндеттейтін заңға толықтырулар енгізу қажетпіз деп ойлаймын.
Сонымен қатар, мектептерде арнайы факультативті сағат әзірлеп, қоқысты сұрыптау мәдениеті, заң тұрғысынан қарастырылған жауапкершілік жайлы мәселелерді қозғау керек. Өз тарапымнан соңғы 2-3 жылда мектеп-колледждерде қоқысты дұрыс сұрыптау туралы оқушылар мен студенттерге түсіндіріп келемін», — деп пікір білдірді.

Ғазиз Аманжолұлының бастамасы тек теорияда емес, практикада да жүзеге асырылып жатыр. Ол 2021 жылдан бері өз үйінде қалдықтарды сұрыптап, пластик, целлофан, макулатура, металл фракцияларын бөлек жинап, арнайы қабылдау пункттеріне өткізеді. Түскен қаражатты қайырымдылық қорларына аударады. Тіпті жарамсыз лампочкаларды арнайы ұйымдарға тапсыруды да қолға алған.

Мұндай азаматтардың көбейгені – экологиялық сананың артқанының дәлелі. Бірақ бұл тек жеке бастамамен шектелмей, жүйелі саясатқа айналуы тиіс.

Таза Қазақстан – ортақ мұрат

Мемлекет тарапынан қолға алынған «Таза Қазақстан» ұлттық акциясы – халықтың экологиялық мәдениетін арттыруға бағытталған маңызды қадам. Бұл бастама Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасымен жүзеге асырылып келеді. Акция аясында 2023-2024 жылдары 8000-нан астам сенбілік өткізіліп, ел бойынша 1 млн-нан аса ағаш отырғызылды. Мыңдаған тонна қоқыс жиналып, өңдеуге жіберілді.

Осындай жобалар арқасында азаматтардың бойында экологияға деген жанашырлық қалыптаса бастады. Ауылда да, қалада да тазалықты сақтау мәдениеті жоғарылай түсті.

Ендігі кезекте осы көкейде жүрген ұсыныстарды назарға ұсыналық. Алдымен тұрмыстық қалдықтарды есепке алу, жинау және сұрыптау заңнамалық деңгейде реттелуі тиіс. Одан кейін әрбір жеке секторда қоқыс контейнері орнатылуы міндеттелуі керек. Үшінші, мектептерде экологиялық тәрбиеге арналған факультативтер жүйелі енгізілуі қажет. Төртінші, экоеріктілер қозғалысына мемлекеттік және қоғамдық қолдау арттырылуы тиіс. Бесінші, қауіпті қалдықтарды (батарея, лампочка, техника қалдықтары) бөлек қабылдау орындары көбірек ашылса жөн болар еді..

Экологиялық мәдениет – бұл тек табиғатты қорғау емес, ұрпақ алдындағы борыш. Тазалық – әр адамның үйінен, жүрегінен, санасынан басталуы керек. Жетісу өңірінің табиғаты – баға жетпес байлық. Оны сақтау – баршамыздың ортақ міндетіміз.

Мәулен Әнербай

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда алғаш рет дрон-рейсинг және авиамодельдеу бойынша өңірлік жарыстар өтті

Жетісуда алғаш рет дрон-рейсинг және авиамодельдеу бойынша өңірлік жарыстар өтті

30.01.2026
Grand Slam турниріне қатысатын Қазақстан құрамасы жаңартылды

Grand Slam турниріне қатысатын Қазақстан құрамасы жаңартылды

30.01.2026
«Мүлдем жаңа құжат»: Тоқаев Ата Заңның толық жаңартылатынын мәлімдеді

«Мүлдем жаңа құжат»: Тоқаев Ата Заңның толық жаңартылатынын мәлімдеді

30.01.2026
ИКАО-ның Ғаламдық елшісі болып қазақ қызы тағайындалды

ИКАО-ның Ғаламдық елшісі болып қазақ қызы тағайындалды

30.01.2026
Қытайда 16 адам өлім жазасына кесілді

Қытайда 16 адам өлім жазасына кесілді

30.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.