Жетісу облысында полиция департаменті бастығының жетекшілігімен жеке құрамның гарнизондық саптық жиыны өткізілді, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Іс-шараның мақсаты – алдағы Конституция күніне дайындық аясында тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тартылатын күш пен құралдардың әзірлігін тексеру болды. Гарнизондық саптық жиын – полицейлердің күш-қуаты мен тәртібін, сондай-ақ қызметтік міндеттерді орындауға әзірлігін айқын көрсеткен шараға айналды.
ПД бастығы «Құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын дамыту басты басымдық болып қала беретінін еске салды.
Сондай-ақ Конституция күні қарсаңында биыл ерекше көзге түскен қызметкерлер алғыс хаттармен марапатталды.
Құқық қорғау органдары Жетісу өңірінде қоғамдық қауіпсіздік тәулік бойы, 24/7 режимінде қамтамасыз етілетінін және полиция қызметкерлері тыныштық пен құқықтық тәртіпті қорғау жолында қызметін жалғастыра беретінін жеткізді. https://youtu.be/rsE5Llw2n9Q?si=L4GARR8p6Y5WM1dR





