Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жетісуда «Көшбасшы» жастар сыйлығына биыл алғаш рет «Үздік жас жұмысшы маман» номинациясы қосылды

12 тамыз 2025
КҮНДЕРЕК
Жетісуда «Көшбасшы» жастар сыйлығына биыл алғаш рет «Үздік жас жұмысшы маман» номинациясы қосылды

Дмитрий Ерофеев

WhatsAppTelegramFacebook

Халықаралық жастар күніне арналған «JetFlow» онкүндігі аясында Жетісу облысы әкімінің «Көшбасшы – 2025» жастар сыйлығын тапсыру салтанаты өтті. Биыл сыйлық 12 номинация бойынша берілді. Олардың ішінде алғаш рет «Үздік жас жұмысшы маман» номинациясы тағайындалды, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жеңімпаздарды облыс әкімі атынан облыс әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов құттықтады.

Бүгінгі таңда Жетісу облысында 14 пен 35 жас аралығында 200 мыңға жуық жас бар. Солардың арасынан өз саласында жетістікке жетіп, елдің дамуына үлес қосып жүрген үздіктерді «Көшбасшы» жастар сыйлығымен марапаттау – жыл сайынғы игі дәстүр.  Осы сыйлықтың бір ерекшелігі – Жұмысшы мамандықтар жылы аясында биыл «Үздік жас жұмысшы маман» жаңа номинациясы енгізіліп отыр. Бұл – еңбек адамына деген құрмет, жұмысшы жастардың қоғамдағы маңызын айқындайтын игі бастама, — деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары.

Дмитрий Ерофеев

Биылғы жастар сыйлығында өңірдегі 500 келінді қамтыған «Жетісудың үздік келіні» жобасының авторы Арайлым Әлімжанова «Үздік жас қоғам белсендісі», талдықорғандық кондитер Жазиля Темірбекова «Үздік жас кәсіпкер», облыстық «Жетісу» газетінің саясат және құқық бөлімінің меңгерушісі Айдар Қалиев «Үздік жас журналист», ауыр атлетикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, екі дүркін Азия чемпионы Әлихан Әскербай «Үздік жас спортшы» атанды. «Х-фактор» жобасының финалисі, бірқатар халықаралық және республикалық конкурстардың жеңімпазы, облыстық Д. Рақышев атындағы филармонияның әншісі Ақбота Сабыржанова «Мәдениет саласының үздік жас көшбасшысы», Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханасының лор дәрігері Темірлан Қылышбеков «Медицина саласының үздік жас көшбасшысы», Ақсу ауданындағы «Абубек» ШҚ басшысы, көп балалы әке Елдос Әбубеков «Ауыл шаруашылығы саласының үздік жас көшбасшысы» деп танылды. Жалпы облыстың қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына елеулі үлес қосып жүрген жастар 12 номинация бойынша марапатталды. Әр жеңімпазға марапат ретінде арнайы статуэткалар, дипломдар мен сертификаттар табысталды.

Биылғы «Үздік жас жұмысшы маман» номинациясының жеңімпазы, «АқсуҚант» зауытының орталық зертханасының меңгерушісі Аруна Кенжеханова өз әсерімен бөлісті.

Қант зауытында 4 жылдан бері жұмыс істеймін. Мамандығы технолог, Алматыда оқыдым. Маған өзімнің жұмысым ұнайды, кәсіпорнымыздың дамуына барынша өз үлесімді қосуға тырысамын. Бұл саланың маңызы зор, өйткені қызылша өсіру, қант өндіру салалары – біздің өңіріміздің экономикасының басым бағыттарының бірі. Кез келген кәсіпте әркім өз ісін жақсы көріп, өз еліне пайда әкелуге ұмтылса, табысқа жете алады, — дейді А.Кенжеханова.

Көксу ауданынан «Үздік жас отбасы» номинациясын жеңіп алған көп балалы Жанғабыловтар отбасы да пікір білдірді. Отағасы Әлішер Жанғабылов Көксу аудандық мәдениет үйінің директоры болып жұмыс істейді. Ал оның жұбайы — Мұқыры халық театрының актрисасы, «Үздік келін-2022» байқауының жеңімпазы, қоғам белсендісі, блогер Айнұр Алтынбекова.

Отбасын құрғанымызға 8 жыл. Төрт бала тәрбиелеп отырмыз. Ең үлкен қызымыз бірінші сынып оқиды, ал кіші баламыз 4 айлық. Осы конкурсқа қатысуға өтініш бергенде жеңімпаз боламыз деп ойлаған жоқпыз. Басқа жас отбасыларға үлгі болудың өзі – үлкен мәртебе әрі жауапкершілік. Барлық жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз, өңіріміздің жастары өсіп-өне берсін, — деді А.Жанғабылов.

Атап өтсек, биыл жастар сыйлығын алуға 100-ден астам адам үміткер болды. Арнайы құрылған комиссияның шешімімен олардың 12-сі өз саласында үздік деп танылды.

Қатысты жаңалықтар

Барымта басылмай тұр

Барымта басылмай тұр

Бүгін, 16:45
Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Бүгін, 16:18
Тарих пен тағылым ұштасқан

Тарих пен тағылым ұштасқан

Бүгін, 14:24
Тоқыма өндірісін өрістеткен

Тоқыма өндірісін өрістеткен

Бүгін, 12:15
Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Бүгін, 12:04

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.