Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жетісуда Республика күніне орай Мемлекеттік Ту көтерілді

25 қазан 2025
КҮНДЕРЕК
Жетісуда Республика күніне орай Мемлекеттік Ту көтерілді
WhatsAppTelegramFacebook

Бүгін Республика күні және Егемендік туралы декларацияның 35 жылдығына орай Талдықорғандағы «Жастар» саябағында Мемлекеттік Ту көтеру рәсімі өтті. Оған облыс әкімі Бейбіт Исабаев, ардагелер, зиялы қауым өкілдері, мемлекеттік қызметшілер, депутаттар, жастар және басқа да түрлі сала қызметкерлері, жалпы саны мың шақты адам қатысты, деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Алдымен Жетісу облыстық филармониясының,«Талдықорған әуендері» фольклорлы-этнографиялық ансамблінің өнерпаздарымен және жоғары сынып оқушыларының хорымен бірге акцияға қатысушы барша жұртшылық Мемлекеттік Гимнді орындады. Осы мезетте еліміздің Мемлекеттік Туы көкке көтеріледі. Атап өтсек, Ту тұғырының биіктігі 92 метр,Тудың ұзындығы – 25 метр, ені – 12,5 метр.

Мұнан соң жергілікті өнер ұжымдары мен әртістері патриоттық мазмұндағы әндерді шырқады.

Бүгінгі шараға қала тұрғыны Лидия Маринина екі кішкентай ұлын ертіп келген.

— Балаларым әзірге мектеп жасына жеткен жоқ, бірақ осындай кішкентай кезінен бойларына патриоттық сезімді сіңіру керек деп есептеймін. Бүгін сол үшін оларды саябаққа ертіп келдім. Республика күніне арналған салтанатты көріп, көпшілікпен бірге мерекені атап өттік, — дейді ол.

Ал зейнеткер Мәрия Омарова осындай іс-шара өтетінін әлеуметтік желіден оқып-білген.

— «Жастар» саябағына Мемлекеттік әнұранымызды шырқауға, Туымыздың көкке көтерілгенін көруге келдім. Осында келген елжанды жастарды көріп, көңілім қуанды. Еңселі елім бар болғанына, жайқалып өсіп келе жатқан ұрпақтарымыздың бар екеніне риза сезімде болдым, — деді ол.

Еске салсақ, осы күні мұндай патриоттық акциялар бір мезгілде өңірдің барлық аудан-қалаларында өткізілді.

 

Фото: Жұмабай Мұсабеков

Қатысты жаңалықтар

Жылжымайтын мүлік нарығы: Риелторлық қызметке бірыңғай талаптар енгізіледі

Жылжымайтын мүлік нарығы: Риелторлық қызметке бірыңғай талаптар енгізіледі

Бүгін, 13:33
Бір шаңырақтан – бір сапқа: Ұлттық ұланда әскери борыштарын бірге атқарып жүрген ағайындылар

Бір шаңырақтан – бір сапқа: Ұлттық ұланда әскери борыштарын бірге атқарып жүрген ағайындылар

Бүгін, 13:00
Отандық мамандар көне құжаттарды қалпына келтіру бойынша шеберлік сабағын өткізді

Отандық мамандар көне құжаттарды қалпына келтіру бойынша шеберлік сабағын өткізді

Бүгін, 12:30
Талдықорғанда «Балаларға базарлық» республикалық байқауы өтті

Талдықорғанда «Балаларға базарлық» республикалық байқауы өтті

Бүгін, 12:00
Табысты майлы дақыл

Фермерлерге арналған жаңа сауда стратегиясы мен баға ұсынымдары жарияланды

Бүгін, 11:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.