Бүгін Жетісу облысында «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанатының жастарды қолдау жөніндегі кеңес отырысы өтті.
Кеңестің күн тәртібінде екі мәселе қаралды:
1. Студенттерге арналған жатақханалардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы.
2. Жастар арасында кең тараған синтетикалық есірткінің таралуының алдын алу.
Шараға «AMANAT» партиясы жанындағы жастарды қолдау жөніндегі облыстық кеңестің төрағасы Алмат Есенбеков, «Жастар Рухы» жастар қанаты Жетісу облыстық филиалының төрағасы Қуаныш Сайлаубай және кеңес мүшелері қатысты.
Сонымен қатар, отырысқа Жетісу облысы білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы Саят Батырбеков пен облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының полиция майоры Дастан Мырзакұлов қатысып, өз ой-пікірлерін ортаға салды.
Отырыстың қорытындысы бойынша көрсетілген бағыттарда нақты шешімдер қабылданып, алдағы уақытта жүйелі жұмыстар жүргізілетін болды.
«Жетісу-Ақпарат»





