Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жетісуда жеті қонақ

20 қыркүйек 2025
КҮНДЕРЕК
Жетісуда жеті қонақ
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісудың қақ төрінде қазақ руханияты үшін мәні терең, мазмұны салмақты шара өтті. Белгілі жазушы, этнограф Зейнолла Сәніктің 90 жылдық мерейтойы аясында С.Сейфуллин атындағы облыстық кітапханада елге танымал қаламгерлермен тағылымды кездесу ұйымдастырылды.

Бұл рухани жиынды Жетісу облысының Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Қазақстан Жазушылар одағының облыстық филиалы өткізді. Әдеби кешті филиал төрағасы, ақын Жангелді Немеребай жүргізіп, қаламгерлер мен оқырмандарды сырлы әңгімеге жетеледі.

– Мұндай қаламгерлермен кездесулер үнемі болып тұрады. Жетісу жерінде де жас жазба ақындар мен айтыскер ақындар өсіп келеді. Біз бұл әдебиет жолында тынымсыз еңбектеніп, жас буынға бағыт-бағдар беруді басты мақсат етеміз, – деді ол.

Жиынға Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары Бейбіт Сарыбай бастаған белгілі қаламгерлер қатысты. Олардың қатарында ақын Байбота Қошым-Ноғай, жазушы Нұрдаулет Ақыш, Жұмабай Құлиев, Ерғали Бақаш, Қанат Қайым және ақын Ерлан Жүніс бар.

Әдебиет майталмандары Зейнолла Сәніктің шығармашылығына кеңінен тоқталды. Ақын Байбота Қошым-Ноғай қаламгердің еңбектерінің басым бөлігі Қытайда жарық көргенін атап, этнографияның халықтың тарихы мен мәдениетін түгендеудегі маңызына ерекше екпін берді. Ал жазушы Жұмабай Құлиев Зейнолла Сәнік туындыларындағы ұлттық болмыстың айқын көрінісін сөз етсе, өзге қаламгерлер де оның қазақ әдебиеті мен ғылымындағы орнын айшықтап, тың ойларымен бөлісті.

Әдеби кеш барысында оқырмандар да сұрақ қойып, пікір білдіруге мүмкіндік алды. Бұл жиын Зейнолла Сәнік мұрасын дәріптеумен қатар, қазақ әдебиетінің бүгіні мен ертеңі жайлы ой қозғаған, жастарды рухани құндылықтарға баулаған маңызды басқосу болды.

Кездесу соңында қазақ дәстүріне сай келген қонақтарға шапан жабылып, сый-құрмет көрсетілді. Жетісуда өткен мерейтойлық жиын әдебиеттің мерейін өсіріп қана қоймай, Зейнолла Сәнік мұрасының мәңгілік екенін тағы бір мәрте айқындап берді.

Санжар СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Барымта басылмай тұр

Барымта басылмай тұр

15 қараша 2026
Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

15 қараша 2026
Тарих пен тағылым ұштасқан

Тарих пен тағылым ұштасқан

15 қараша 2026
Тоқыма өндірісін өрістеткен

Тоқыма өндірісін өрістеткен

15 қараша 2026
Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

15 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.