Жетісу гарнизонындағы әскери қызметкер қызметтік сабақ барысында қаза болды, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Десанттық-шабуылдау әскерінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жауынгерлік дайындық сабақтары кезінде мерзімді қызметтегі әскери қызметші қаруды қолдану барысында қауіпсіздік ережелерін сақтамағандықтан оқ жарақатын алып, қайтыс болды.
«Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр. Лауазымды тұлғалар тарапынан қандай да бір кемшілік анықталса, кінәлілер қатаң жауапкершілікке тартылады. Оқиға қорғаныс министрінің ерекше бақылауына алынды», – делінген баспасөз хабарламасында.





