Жетісу облысында ТЖМ қызметкерлері қар құрсауынан 11 адамды құтқарды, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы Ұлттық арнаға сілтеме жасап.
Бүгін Алакөл ауданында «Үшарал-Достық» тас жолында жолаушылары бар бес жеңіл көлік қар құрсауында қалды.
Құтқарушылар «Трэкол» жол талғамайтын көлігімен жолдың күрделі бөлігіне шықты. Достық станциясына 11 жергілікті тұрғынның барлығы жеткізілді, оның ішінде 3 бала. Олар медициналық көмекке мұқтаж болмады. Сондай-ақ, құтқарушылар қосымша жабық учаскені аралап шықты.
Фото: Видеодағы кадр





