Талдықорған: +15°C
$ 443.62
€ 492.24
₽ 5.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жетісуда су тасқыны қаупі кезеңіне дайындық жүргізілуде

7 ақпан 2025
КҮНДЕРЕК
Жетісуда су тасқыны қаупі кезеңіне дайындық жүргізілуде
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысында азаматтық қорғаныс жүйесін көктемгі су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайларды жоюға дайындау және халық пен аумақтарды су тасқыны қаупі кезінде қорғау бағытындағы іс-қимылдарды пысықтау мақсатында «Көктем – 2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтіп жатыр.

Оқу-жаттығу аясында барлық аудан мен қалада су басу қаупі жоғары учаскелерде практикалық шаралар өткізілуде. Жаттығу барысында қорғаныс нысандарын нығайтуға және су тасқыны жағдайына дайындыққа ерекше назар аударылуда. Су тасқынына қарсы оқу-жаттығу шарасына аудандардың азаматтық қорғаныс қызметтері мен Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы және инженерлік техникасы жұмылдырылды.

Қаратал ауданы Тастөбе ауылының маңында өтіп жатқан оқу-жаттығу жиынына облыс әкімінің бірінші орынбасары Әлібек Жақанбаев арнайы барып, тиісті қызметтер мен инженерлік техниканың жеке құрамын тексерді.

Мәселен, Тастөбе ауылындағы мектеп базасында 40 орынға есептелген, алдағы уақытта 300-ге дейін кеңейтілуге мүмкіндігі бар эвакуациялық пункт ұйымдастырылған. Мұнда ТЖ кезінде зардап шеккендерге көмек көрсету үшін асхана мен медициналық пункт қарастырылған.

Сол сияқты Тастөбе ауылының маңына Қаратал өзенінің арнасын нығайту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

«Қазіргі кезде осы учаскеде үйінді бөгет салу және өзеннің жағалау сызығын нығайту жұмыстары жүргізілуде. Көктемгі кезеңде су деңгейі көтерілген жағдайда бұл шаралар жағаның бұзылуына жол бермейді және ауылды су басудан сақтайды. Бұл жұмысқа 40 арнайы техника мен 85 адам жұмылдырылды. Жұмыс аяқталуға жақын», — деді Жетісу облысы ТЖД бастығының орынбасары Игорь Жуков.

Көктемде су тасу қаупі бар өзендердің бірі — Көксу ауданындағы Мұқаншы өзені. Осы күні оқу-жаттығу аясында өзеннің сол жақ жағалауын шамамен ұзындығы 150 метрге дейін нығайту, дамбының қорғаныс функцияларын қалпына келтіру жұмыстары атқарылды. Сол сияқты Көксу ауданы Балпық би ауылында тұратын қарт адамдар мен көп балалы аналардың аулаларында қар шығарылып, су өткізу құбырлары мен арық желілері тазаланып, ретке келтірілді.

«Көксу ауданы бойынша су тасқыны қаупіне дайындық аясында 21 қабылдау пункті бар, олар 5150 адамды қабылдай алады. Бүгінгі оқу-жаттығу шараларына 28 техника мен 84 адам тартылды», — деді Көксу аудандық ТЖБ бастығы Манат Тұрымов.

Осы орайда Төтенше жағдайлар мамандары облыс тұрғындарын үйлерінің маңындағы арық желілері мен құбыр өткелдерін тазартып, судың еркін өтуін қамтамасыз ету арқылы су тасқынының алдын алу шараларына атсалысуға шақырады. Бұл шаралар тасқынның алдын алуға және тұрғындар үйлерінің қауіпсіздігін сақтауға көмектеседі.

Жалпы Жетісу облысында төтенше жағдай болған жағдайда тұрғындарды қабылдайтын 235 эвакуациялық пункт бар.

Еске салсақ, «Көктем — 2025» РКШО шарасы кеше басталған, бүгін, яғни 7 ақпанда аяқталады.

ЖЕТІСУ АҚПАРАТ

Қатысты жаңалықтар

Футбол: «Алтай» клубы «Жетісу» қорғаушысы Асхат Балтабековке көз тікті

Футбол: «Алтай» клубы «Жетісу» қорғаушысы Асхат Балтабековке көз тікті

Бүгін, 10:30
Президент Жолдауы – мәдениеттің дамуына жаңа серпін

Президент Жолдауы – мәдениеттің дамуына жаңа серпін

Бүгін, 10:21
Антальядағы COP31 көрмесінде қазақ қыздары көпшілікті тәнті етті

Антальядағы COP31 көрмесінде қазақ қыздары көпшілікті тәнті етті

Бүгін, 10:01
Бір аптада мас күйінде көлік басқарған тоғыз жүргізуші ұсталды

Бір аптада мас күйінде көлік басқарған тоғыз жүргізуші ұсталды

Бүгін, 09:30
13 қарашада Қазақстан қалаларында ауа райы қандай болады?

13 қарашада Қазақстан қалаларында ауа райы қандай болады?

Бүгін, 08:47

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.