Талдықорған: +10°C
$ 451.87
€ 507.31
₽ 5.53
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жетісу облысында «жүгері» мәселесінің шешімі табылды

6 қаңтар 2024
КҮНДЕРЕК
Жетісу облысында «жүгері» мәселесінің шешімі табылды
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысының мемлекеттік органдары жергілікті жүгері өсірушілерді толғандырған мәселені шешудің жолын тапты.

Бұған облыстық ауылшаруашылық басқармасының алтын өзекті өнімді өңдеумен айналысатын компаниялармен жасаған келісімдерінің көмегі тиген.

Облыстық басқарманың басшысы Нұрдәулет Кененбаевтың айтуынша, диқандарды алаңдатқан мәселенің түйіні тарқатай бастаған.

«Өнім шығаратын компаниялармен жеделдете жасаған келісімдеріміз өз нәтижесін бере бастады. Дүйсенбі, 8 қаңтардан бастап, «Іргетас трейд» компаниясы жүгері қабылдау шараларын жүргізеді. Ылғалдылығы 14%-ға тең жүгерінің тоннасы 55 000 теңгеден алынады. Ал, ылғалдылығы 14-20% болса 41 500 теңгеден бағаланады», — дейді Н.Кененбаев.

Сонымен қатар, тәулігіне 500 тонна жүгері қабылдау межеленіп отыр. Жергілікті диқандар өз өнімін Көксу ауданының орталығы Балпық би кентінде орналасқан «Уыз Май Industry» зауытының қабылдау бекетіне өткізе алады.

Естеріңізге сала кетсек, биыл жүгері дақылын өсірген диқандар өз өнімдерін сақтау мен өткізуге ерекше алаңдаушылық білдірген болатын. Оның үстіне, «дала аруы» атанған жүгерінің бағасы күрт арзандап кетуі  көптеген шаруашылықтарды тығырыққа тірегені жасырын емес.

Өзекті мәселені өткен аптаның ішінде Талдықорған қаласына келген ауылшаруашылық вице-министрі Азат Сұлтановқа жеткізген жергілікті шаруалардың сауалын ауылшаруашылық министрлігінің өкілі республикалық деңгейде қарастыруға уәде берген болатын.

«Министрлік тарапынан ауылшаруашылық саласын дамытуға қажетті барлық шаралар қабылдануда. Осы ұсыныстарыңызды жүйелеп беріңіздер, біз сіздерді қолдауға дайынбыз!» — деген болатын Азат Сұлтанов кездесуде.

«Жетісу-Ақпарат»

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан Халық кеңесі жастар қозғалысын құруда: 126 жас азамат Кеңес мүшелерінің серіктесі атанады

Қазақстан Халық кеңесі жастар қозғалысын құруда: 126 жас азамат Кеңес мүшелерінің серіктесі атанады

Бүгін, 16:40
Масылдық пен негізсіз төлемдер: Әлеуметтік саясатта жаңа тәсілдер ұсынылды

Масылдық пен негізсіз төлемдер: Әлеуметтік саясатта жаңа тәсілдер ұсынылды

Бүгін, 15:53
Тоқаев: Әлеуметтік көмек шын мұқтаж азаматтарға ғана берілуі керек

Медицина қызметкерінің жалақысы өсуі мүмкін

Бүгін, 13:59
Alatau City Еуропадағы роуд-шоуын аяқтады: Келісімдердің инвестициялық әлеуеті $2 млрд-тан асты

Alatau City Еуропадағы роуд-шоуын аяқтады: Келісімдердің инвестициялық әлеуеті $2 млрд-тан асты

Бүгін, 13:36
Астанада жасанды интеллект қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық саммит өтуде

Астанада жасанды интеллект қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық саммит өтуде

Бүгін, 13:28

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.