Талдықорған: +8°C
$ 525.28
€ 607.85
₽ 6.47
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жетісу облысының үздік жайдарманшылары анықталды

29.11.2024
КҮНДЕРЕК
Жетісу облысының үздік жайдарманшылары анықталды
WhatsAppTelegramFacebook

«Жайдарман – көрермен арасында кеңінен таралған қызыққа толы ойын. Ол жастарды біліктілікке, еңбекке, әділдікке баулиды.

Жас ұрпақ – еліміздің ертеңі. Сондықтан оларды тәрбиелеу жолында ешкім аянып қалмау керек. Мемлекет басшысы жастарды әрдайым қолдауға шақырады. «Шын мәнінде, кез келген мемлекетті тұрғындарына қарап бағалайды. Яғни, біздің қандай ел боларымыз өскелең ұрпаққа байланысты. Сондықтан жастарымыз отаншыл, білімпаз, еңбекқор, үнемшіл, әділ әрі жанашыр болуы қажет. Мен мұны үнемі айтып жүрмін. Осы құндылықтарды барынша насихаттап, тарату қажет. Сонда жеке адамның қасиеті тұтас ұлттың қасиетіне айналады», — деп атап өтті ел Президенті.

Бүгін Жетісу облысының жастары арасында Талдықорған қалалық

I. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында Жайдарман ашық лигасының финалдық ойыны өтті. Аталған шараны Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Алматы студенттер Альянсы» КҚ ұйымдастырды. Жүлде қоры – 650 000 теңге.

Ақтық кезеңге маусым бойы қарсыластарынан озық болған «Фаворит», «Maximum», «Креатив», «Инновация», «Форма» командалары жолдама алған еді. Финалға шыққан барлық команда өздерінің жоғары дәрежедегі дайындықтарын көрсете алды. Ойыншылардың тауып айтқан әзілдерінің астарынан шынайы өмір шындығын аңғаруға болады. Қағытпа қалжыңмен көрермендерді бір күлдіртсе, тартымды әңгімелерімен ойландырып та қойды.

Сонымен қазылар алқасының әділ шешімімен облыс көлемінде өткен Жайдарман ойындарының финалында әдемі әзілімен, әртістік шеберліктерімен ерекшеленген «Фаворит» командасы жеңімпаз атанды. Ал II орынға «Инновация» командасы лайықты болды. Үштікті «Форма» мен «Максимум» командалары қорытындылады. Сондай-ақ «Ең үздік ойыншы» номинациясын «Фаворит» командасының мүшесі Әнуар Айасыл жеңіп алды.

Жеңімпаз және жүлдегер командаларға кубок, диплом және ақшалай сертификаттар табыс етілді.

Жайдарман – жастарды біріктіретін, ұйымшылдыққа, көшбасшылыққа, байқампаздыққа жетелейтін қайталанбас орда. Мұндай жобалар жасөспірімдерге керек екені сөзсіз. Сондықтан ұйымдастырушылар алдағы уақытта да бұл жоба жалғасатынын баса айтты.

«Жетісу-Ақпарат»

 

 

Қатысты жаңалықтар

Елімізде келесі жылдан бастап «Инвестицияға тапсырыс» бағдарламасы іске қосылады

Елімізде келесі жылдан бастап «Инвестицияға тапсырыс» бағдарламасы іске қосылады

12.11.2025
12 қарашаға ауа райы болжамы

12 қарашаға ауа райы болжамы

12.11.2025
Талдықорғанда көп балалы аналарға «Алтын» және «Күміс» алқа табысталды

Талдықорғанда көп балалы аналарға «Алтын» және «Күміс» алқа табысталды

12.11.2025
Президент Мәскеуге барды

Президент Мәскеуге барды

11.11.2025
Талғарда Хасан Қасымбаевқа үкім шықты

Талғарда Хасан Қасымбаевқа үкім шықты

11.11.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.