Талдықорған: +24°C
$ 510.06
€ 566.32
₽ 6.32
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жетісуда 6 блокты-модульді спорт кешені ашылады

20.08.2024
КҮНДЕРЕК
Жетісуда 6 блокты-модульді спорт кешені ашылады

Жетісу облысында спорт саласының инфрақұрылымын дамыту бағытында әсіресе ауылдық жерлерде блокты-модульді конструкциялар кеңінен пайдаланылып келеді. Өткен жылы осындай 4 блокты-модульді спорт кешені салынса, биыл тағы 6 нысан тұрғызу жоспарланған, — деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпарат негізінде. 

Өңірде медициналық және ветеринариялық пункттерді, сондай-ақ мәдениет объектілерін салу кезінде қолданылып жүрген блокты-модульді конструкцияларды пайдаланудың оң тәжірибесі өткен жылдан бастап спорт саласына да енгізілді. Мәселен, Спорт күніне орай Қаратал Тастөбе ауылында жаңа блокты-модульді спорт кешені ашылса, осындай нысандар Кербұлақ ауданының Қызылжар, Алакөл ауданының Қарабұлақ ауылдарында және Ескелді ауданындағы Шымыр, Жетісу, Елтай ауылдарында салынуда.

Ескелді ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Асхат Оразалиновтің айтуынша, бүгінде ауданда 4 спорт нысаны жұмыс істейді. Оларда балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің 1200-ге жуық тәрбиеленушісі спортпен айналысады. Ал жаңа блокты-модульді спорт кешендерінің салынуы халықты бұқаралық спортқа көптеп тартуға мүмкіндік тудырып отыр.  

— Жаңа спорт объектілерінің салынуы – біз үшін үлкен қуаныш. Жас кезімізде мұндай заманауи нысанды армандамаған да едік. Қазіргі жастарға жасалып жатқан мүмкіндіктерге қарап, көңілің қуанады. Балаларымыз, немерелеріміз енді осы кешенде бос уақыттарын тиімді өткізіп, спортпен еркін шұғылдана алады. Бұл болашақта Елдос Сметов сияқты Олимпиада чемпиондарын даярлайтын мықты базаға айналады деп сенемін, — деп ой бөлісті Шымыр ауылының ақсақалы Марат Қашкенов.

Атап айтқанда, Ескелді ауданындағы екі қабатты жаңа блокты-модульді спорт кешендерінің бірінші қабатында мини-футбол, волейбол, баскетбол сияқты командалық ойындарға арналған залдар орналасса, екінші қабатында бокс, күрес және басқа да спорт түрлеріне арналған залдар қарастырылады. Сонымен қатар спорт залдары, душ бөлмелері, киім ауыстыратын бөлмелер және басқа да қажетті орындар жобаланған. Ғимараттардың әрқайсысының ауданы 720 ш.м., ойын залдарының алаңы – 500 ш.м.

Жалпы облыста осы жылға жоспарланған 6 спорт нысанының 1-еуі қолданысқа берілді, қалған бесеуінің құрылысы жыл соңына дейін аяқталып, іске қосылады деп межеленіп отыр.

Қатысты жаңалықтар

Жаңа пәтерлердің бағасы қайта өсуде

Жаңа пәтерлердің бағасы қайта өсуде

14.05.2025
Жетісу облысында киік мүйіздерін заңсыз сатқан теміртаулық ұсталды

Жетісу облысында киік мүйіздерін заңсыз сатқан теміртаулық ұсталды

14.05.2025
Қазақстандықтар жедел жәрдемді дамыған елдерге қарағанда жиі шақырады

Қазақстандықтар жедел жәрдемді дамыған елдерге қарағанда жиі шақырады

14.05.2025
Бидай алқабының қысқаруы: Қазақстан ұнсыз, нансыз қала ма?

Бидай алқабының қысқаруы: Қазақстан ұнсыз, нансыз қала ма?

14.05.2025
Қазақстанда жаңа пәтерлердің бағасы өсіп жатыр

Қазақстанда жаңа пәтерлердің бағасы өсіп жатыр

14.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.