Талдықорған: +19°C
$ 521.57
€ 601.01
₽ 6.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жетісуда Конституция күніне орай 14 жаңа әлеуметтік нысан ашылып, 90-ға жуық отбасы баспаналы болды

29.08.2024
КҮНДЕРЕК
Жетісуда Конституция күніне орай 14 жаңа әлеуметтік нысан ашылып, 90-ға жуық отбасы баспаналы болды

Жетісу облысының ауылдарында Конституция күні қарсаңында 14 жаңа әлеуметтік нысан ашылып, 90-ға жуық отбасы жаңа баспанаға ие болды. Іске қосылған әлеуметтік нысандардың ішінде жаңа медпункттер, балабақшалар, мәдениет үйлері, спорт алаңдары және басқалары бар, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Мәселен, мереке қарсаңында Ескелді ауданында 6 бірдей нысан пайданалуға берілді. Атап айтқанда, Жаңалық ауылында бір ауысымда 15 адам қабылдайтын жаңа блокты-модульді медициналық пункт, Қарабұлақ ауылында спорт алаңы, Матай Байысов ауылында 50 орынды балабақша, Қаратал ауылында 100 орынды мәдениет үйі мен Қоңыр ауылында блокты-модульді клуб ашылды. Сол сияқты Жалғызағаш ауылында блокты-модульді ауылдық әкімдік ғимараты қолданысқа берілді.

Аталған жаңа нысандардың ашылуына қатысқан жергілікті тұрғындар қуанышын жеткізіп, ой бөлісті:

 — Мен ұзақ жылдар бойы денсаулық сақтау саласында жұмыс істедім. Ауылдағы бұрынғы ескі медициналық пункт 1980 жылдары салынған бейімделген ғимаратта болған, енді ауыл тұрғындары тиісті ем-дом шараларын барлық мүмкіндік жасалған, қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған жаңа нысанда қабылдайтын болады. Мереке қарсаңында бұл бәріміз үшін ерекше сый болды, — деді 450-ге жуық адам тұратын Жаңалық ауылының тұрғыны Әсият Сердалинова.  

Бұл медициналық пункттің құрылысына 30 млн. теңге шамасында қаржы бөлініп,  биылғы жылдың маусымында салына бастаған болатын. Мұнда процедуралық кабинет, медицина мамандарының кабинеттері және басқа да қажетті орындар қарастырылған. Медпункт керекті құрал-жабдықтармен — стерилизатор, портативті ЭКГ аппараты, жедел көмек көрсетуге арналған құралдармен толық қамтылған.

Сол сияқты осындай медициналық пункттер Алакөл ауданының Бибақан, Арқарлы ауылдарында, Кербұлақ ауданының Онжас ауылында да ашылды.

Оған қоса Кербұлақ ауданының Қоғалы ауылында күрделі жөндеуден кейін мәдениет үйі қолданысқа берілсе, үй кезегінде тұрған халықтың әлеуметтік осал тобы санатындағы 9 отбасы Қарағаш және Жоламан ауылдарында жаңа баспанаға ие болды.

— Бұған дейін мен туған-туыстарымның үйінде тұрып келдім. Денсаулық жағдайыма байланысты жұмыс істеп, баспана сатып алуға мүмкіндігім болмады. Бүгін мемлекет қолдауының арқасында үйлі болып отырмын. Осындай жақсылықты мұқтаж болып жүрген әрбір отбасы көрсе деймін, — дейді Қарағаш ауылының тұрғыны, мүгедектігі бар азамат Ырысжан Жұмадилова.

Осындай қуанышқа Қаратал және Алакөл ауданының тұрғындары да кенеліп, Үшарал қаласында 60 пәтерлі үй қолданысқа берілсе, Үштөбе қаласында 20 отбасы қоныстойын тойлады. Бұдан бөлек, Қаратал ауданының Ескелді ауылында жаңа блокты-модульді ауылдық әкімшілік ғимараты іске қосылды.

Падалануға берілген жаңа нысандардың ішінде балабақша ғимараттары да бар. Атап айтқанда, Көксу ауданының Балпық би ауылында 265 орынды, Панфилов ауданының Көктал ауылында 140 орынды, Кербұлақ ауданының Жоламан ауылында 75 орынды балабақшалар халық игілігіне берілді.

— Біздің ауылымыз үлкен. Өткен жылы бір балабақша ашылған болатын. Менің өзімнің он немерем бар. Олардың бәрі де осы жаңа балабақшаларға барады. Балалардың тәрбиесімен айналысып, жаңа балабақшалар ашатын кәсіпкерлердің қатары көбейгеніне қуаныштымыз, — дейді Көктал ауылының тұрғыны Айтбүбі Байымбетова.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Фотограф: Дмитрий Ерофеев

Қатысты жаңалықтар

Президент ІІ-ші «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысты

Президент ІІ-ші «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысты

20.06.2025
Қазақстан садақ атудан Азия кубогының финалына шықты

Қазақстан садақ атудан Азия кубогының финалына шықты

20.06.2025
Ұшақта авиарежимді неге міндетті түрде қосу керек?

Ұшақта авиарежимді неге міндетті түрде қосу керек?

20.06.2025
Тұрақты ауыл шаруашылығы: органикалық және көміртекті егіншілікті дамыту

Тұрақты ауыл шаруашылығы: органикалық және көміртекті егіншілікті дамыту

20.06.2025
Жетісу облысында сегіз жаңа су қоймасы салынады

Жетісу облысында сегіз жаңа су қоймасы салынады

20.06.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.