Ирландияның Дублин қаласында өткен IGeO-2024 география бойынша халықаралық олимпиадада қазақстандық оқушылар жоғары нәтижелерге қол жеткізді.
7-su.kz. Оған әлемнің 50 елінен 200-ге жуық оқушы қатысты. Біздің команда 100% нәтиже көрсетіп, бір күміс және үш қола медаль жеңіп алды.
Оның ішінде жетісулық Ақжол Болат — Талдыкорған қаласындағы ФМБ НЗМ 11-сынып оқушысы; Жомарт Сабыр — Жамбыл облысындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы; Арсен Сыдықов — Шымкент қаласындағы ХББ НЗМ 11-сынып оқушысы; Қанат Серікбай — Шымкент қаласындағы ХББ НЗМ 11-сынып оқушысы. Команда жетекшілері: Нұрлан Жұмагелді — «Дарын» РҒПО директордың орынбасары және Мақсат Аубакиров — «Дарын» РҒПО бөлім басшысы.