Талдықорған: +2°C
$ 496.00
€ 588.01
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ЖИ ойланса, ми қозғалмайды

15.02.2026
КҮНДЕРЕК
ЖИ ойланса, ми қозғалмайды

highlevel.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Қазір «айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызған» интернеттің, ұшқан құстай қарыштап дамыған цифрлық технологиялар мен жасанды интеллекттің (ЖИ) ғасыры. Жасанды зердені еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін қолданады. Әсіресе, шешімі қиын есепті шемішкеше шағып, он ойланып жаза алмайтын шығарманы он секундта қыздың жиған жүгіндей етіп дайындап бере қоятын «ChatGPT» оқушылардың көмекшісіне айналды. Салдарынан мектептен үйге берген тапсырманы мимен емес, ЖИ-мен орындайтын балалар көбейді. Ақылды деген құрылғы оқушыны «дайын асқа тік қасық» ұстауға үйретуде. Бұл ұстазды, ата-ана мен оқушыны да толғандыратын мәселе.

Жуырда танысымның үйіне қонаққа бардық. Үйдегі оқушы балалары ақылды телефонға сүліктей жабысып, ішіндегі ақпаратын дәптеріне бұрқыратып көшіріп жазып отыр екен. Арада ұзақ уақыт өтпеді. Екі бала да тау қопарғандай «үй тапсырмасын орындап тастадық, енді телефон ойнауға бола ма?» деп марқая сөйледі. Телефонға телмірген балаларын көрген әкесі: «ЖИ» деген дүние бәле болды. Балалар үй тапсырмасын бізден сұрамай-ақ өз бетінше орындағанымен кітапханаға бармайды. Баяғыда күндіз-түні кітап кеміріп отырушы едік, қазіргілер жарты сағатта барлық пәнді оқып тастайды. Телефон бермейін десең, барлық оқушы жасанды зердемен дайындалады екен», – деп алаңдаушылық білдірді. Бұл жалғыз мысал емес. Студенттер мен мектеп оқушыларының басым көбі үй тапсырмасын нейрожелілердің көмегімен орындап жүр. «ChatGPT» іске қосылғалы бері үй тапсырмасын орындауға келгенде тапқыр студенттер мен оқушылар, «ұлы математиктер» мен қарымды қаламгерлер» қаптап кетті. Оқушылардың еңбектенуді қажет ететін үй тапсырмаларын 3-4 секундта ақылды чат-бот жасап береді. Салдарынан білім ордасы тұрмақ, әр үйде жасанды интеллектке қарсы «соғыс» жүріп жатыр. Оны көріп те, естіп те жүрміз.

Таяқтың екі ұшы болатыны секілді жасанды зерденің де адам баласы үшін пайдалы және зиян тұстары бар. Жасыратыны жоқ, оқу материалдарын жинақтап, әр баланың қабілеті мен жетістігін талдауға ЖИ-дің көмегі көп. Білімгер немесе жас маман өзі таңдаған пәнді не болмаса мамандығына қатысты дүниені тереңдетіп оқу үшін қолданса да, әрине, жасанды зерденің пайдасы ұшаң теңіз. Алайда ұстазың берген тапсырманы интернеттен айна-қатесіз көшіріп, ақпаратты сүзгіден өткізе алмасаң, оның зияны шаш етектен болары анық. Өкініштісі, қазіргі балалар зиянды жағына әуес. Мұны ұстаздар да жиі ескертіп, дабыл қағуда.

– Қазіргі таңда білім беру саласына жасанды интеллект енгізіліп, кеңінен қолданылуда. Жасанды интеллекттің жақсы мүмкіндіктері мен қиындықтары, пайдасы мен зияны да бар. Мұғалімдер оқушыға әртүрлі білім алу жолын ұсынып, сабақ барысында сан алуан әдіс-тәсілді түрлендіріп, оқушы қызығушылығын арттыра алады. Алайда бұл оқушылардың шығармашылық тапсырмаларды орындауға кері әсерін тигізуде. Қазір оқушылардың көбі жасанды интеллект көмегіне жүгініп, ойлану, іздену, зерттеу, зерделеуге уақыт жұмсамайды. Яғни, бала өздігінен ойланып, тапсырманы жан-жақты талдап, саралауға дағдыланбағандықтан, логикалық және сыни ойлау дамуы тежейтіні анық. Бұл жалқаулыққа, жауапкершілікті сезінбеуге алып келеді. Эссе, өлең, әңгіме сияқты шығармашылық жұмыстарды ЖИ берген ақпараттың дұрыс-бұрыстығын зерделемей көшіріп келетіндер де бар. Иә, жасанды интеллект сандық дәуірдегі жаңашылдық. Оның тілін білу – заман талабы. Десе де оны дұрыс, тиімді, шектеулі, сауатты, қажетті жағдайда ғана қолдану керек, – дейді М. Горький атындағы орта мектептің мұғалімі Ләззат Ғалымжанқызы.

Асылында, ЖИ тіл үйренуге, ғылымға терең бойлауға, өзіңді қосымша дамытуға арналған құрал. Нейрожелі берген ақпаратты имандай сеніп, көшіріп баса беру дұрыс емес. Бәлкім, оқушылар жатып ішер жалқау болмас үшін алдымен жасанды интеллекттің рөлін, қалай қолдануды тәптіштеп түсіндіруіміз керек шығар. Әйтпесе, мектепте үй тапсырмасын, жоғары оқу орнында реферат пен дипломдық жұмысын көшіріп жазған студент болашақта қандай маман болмақ?! Бұл – терең ойланатын мәселе

Айдар ҚАЛИЕВ

Қатысты жаңалықтар

Топырақ құнарын сақтаудың тиімді жолы

Топырақ құнарын сақтаудың тиімді жолы

15.02.2026
Бүтінді бүлдірген бұзақылар

Бүтінді бүлдірген бұзақылар

15.02.2026
«Алтын-Емел» саябағындағы санақ

«Алтын-Емел» саябағындағы санақ

15.02.2026
ЖИ ойланса, ми қозғалмайды

ЖИ ойланса, ми қозғалмайды

15.02.2026
Бала тілі неге кеш шығады?

Бала тілі неге кеш шығады?

15.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.