2025 жылғы 25 шілдеде Алматы облысында жоспарлы ұшу барысында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштеріне тиесілі EC-145 тікұшағы радардан жоғалып кетті, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, тікұшақ бортында үш экипаж мүшесі болған.
Оқиға орнына Қорғаныс министрлігі мен Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен техникалары жұмылдырылып, іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр.
ҚР Қорғаныс министрінің тапсырмасымен оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында арнайы комиссия құрылғаны мәлім болды.
Қосымша ақпарат тергеу және іздестіру жұмыстарының нәтижесіне қарай ұсынылатын болады.





