Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жол жөндеу жұмыстары қарқынды

Биыл Жетісу облысының орталығына қарасты Өтенай ауылындағы 7 көшенің жолы тегіс жаңартылып, асфальт төселмек. Осыған сәкес, қазір ауылда жол жөндеу жұмыстары қарқынды.

11 тамыз 2025
КҮНДЕРЕК
Жол жөндеу жұмыстары қарқынды
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорған қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше, биылғы жылы жалпы облыс орталығындағы 70 шақырымнан астам жол ретке келтірілмек. Мұнда шаһардағы Құлагер, Бірлік шағын ауданына, Жастар-1 және Солтүстік-Батыс тұрғын үй алабына 53,9 шақырым болатын жаңа жол құрылысы жүргізілмек. Осылайша аймақтағы жаңадан бой түзеп келе жатқан аудандарда 107 көше салынбақ. Сонымен бірге, 21 шақырымнан астам жол күрделі жөндеуден өткізілмек. Бұған қоса 28 шақырымға жуық  28 көшге орташа жөндеу жоспарланса, 17450 шаршы метр жолға ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Осы орайда Өтенай ауылы бойынша Бейбітшілік, Шайқорған, Жамбыл және Жетісу көшелеріндегі 4 шақырым жолға асфальт төселіп, аумағы абаттандырылмақ. Өткен жылы аталған ауылдағы  7 көшеге асфальт төселіп, 6 шақырым жол ретке келтірілген.

 – Қазір өңірлерді дамыту бағытында алдымен инфрақұрылымдарды жақсарту тұрғындардың жайлы өмір сүруі үшін жасалып жатқан маңызды қадамдардың бірі. Осыған байланысты бүгінде облыс орталығында қаланың ішкі  жолдарын ретке келту ісі  қарқынды. Нақтырақ айтқанда 2027 жылға дейін Талдықорғанда  100 шақырымнан астам жол жөнделмек. Мұнда бұрынғы жылдармен салыстырғанда жаңа жол салу, күрделі және ағымды жөндеу жұмыстарының көлемі екі есеге жуық жоғары», –дейді сала мамандары .

Еске сала кетейік, 15 мыңнан астам тұрғыны бар  Өтенай ауылына Еңбек, Мойнақ, Ынтымақ, Пригородный, Ынтымақ, Жастар-1, Жастар-2, Жастар-3 сынды бірнеше елді мекен қарайды. Бүгінде ауылда жолдар жөнделіп, ескі нысандарды жаңарту жұмыстары жалғасуда. Мәселен, кейінгі жылдары Өтенай, Еңбек ауылдарының 8   көшесіне жөндеу жұмыстары жүргізіліп, Мойнақ ауылының 3 көшесіне қиыршық тас төселсе, осы орайда 3 ауылдағы 16 көшеге жарық шамдар орнатылған. Ауылдарды абаттандыру жұмыстары аясында Өтенайда жалпы ұзындығы 1,7 шақырымды құрайтын аллея құрылысы басталып, Ынтымақ және Жастар-1 тұрғын үй алабында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша балалар ойын алаңдары салынып қолданысқа берілген.

                                                                                                                                Айдын КӘЛІМХАН

 

Қатысты жаңалықтар

Барымта басылмай тұр

Барымта басылмай тұр

Бүгін, 16:45
Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Бүгін, 16:18
Тарих пен тағылым ұштасқан

Тарих пен тағылым ұштасқан

Бүгін, 14:24
Тоқыма өндірісін өрістеткен

Тоқыма өндірісін өрістеткен

Бүгін, 12:15
Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Бүгін, 12:04

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.