Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жүгеріден өнім мол

16 қыркүйек 2025
КҮНДЕРЕК
Жүгеріден өнім мол

world-nan.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Үстіміздегі жылы жаркенттік диқандар жалпы 23100 гектардан астам жерге «дала аруының» әртүрлі сұрыптарын өсірген болатын. Өңір жүгерішілері өздері өсірген дақылдың ерте пісіп-жетілетін сұрыптарын қыркүйек айының алғашқы күнінен бастап орып жинауға кірісті.

Биыл көктемгі ауа райы салқын болғандықтан таудағы қар мен мұз да жай еріп, егістік алқаптарын суаратын судың тапшылығына байланысты шаруалар жүгері егу науқанын кешеуілдеп бастады. Сол себепті күзгі жаппай жүгері жинау науқаны да әдеттегіден біраз уақыт кешікті.

– Қыркүйек айының алғашқы он күнінде 700 гектардан астам алқаптың өнімі орылып, қырмандарға 50 мың тоннаға жуық астық әкелініп, кептірілгені қабылдау кәсіпорындарына өткізілуде. Қазіргі қарқынмен әр гектардан жиналған дән орташа есеппен 72 центнерден айналып отыр. Көрсетілген мерзімге дейін биыл өсірілген жүгері алқаптарының 3 пайызын ғана жинап үлгірдік. Қазірше гектар өнімділігі өткен жылғыдан айтарлықтай жоғары, егін жинау науқанының барысында өнім көрсеткіші мол. Дегенмен, алқаптардағы «дала аруының» дән ұстауы мен бітіктігі көлемді өнім жинайтынымызға негіз болады деген үміттеміз, – дейді аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы Ермек Қонақбаев.

Өңірде жүгері жинау науқаны түгел әзірге техника күшімен атқарылуда. Биылғы науқандық жұмысқа аудан бойынша жүгері собығын алқапта бірден дәнінен уатып оратын жалпы 33 «Джон Дир» комбайны қатысуда. Оларға дән тасымалдайтын 100 «КамАЗ» жүк көлігі тіркемесімен, ал 30 алқаптан собықпен оратын «Херсон-9» комбайндарына 65 трактор тіркемесімен әзірленген. Науқанға қатысатын барлық техникалар алдын ала тыңғылықты жөндеу мен баптаудан өткізіліп, жанар-жағармай және өте қажетті қосалқы бөлшектер дайындалған.

Жазиралы Жаркент өңірі егіншілерінің негізгі тіршілігі «дала аруын» өсірумен байланысты болғанымен мұнда жергілікті халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуге қажет басқа да өнімдер аз емес. Айталық, биыл жаркенттік диқандар 227 гектар жерге жаздық бидай өсіріп, оның әр гектарынан 16 центнерден дән жинаған. Сол сияқты 141 гектарға арпа өсіріп, оның әр гектарынан 12,5 центнерден өнім алыпты.

Өңірде 18787 гектардан астам алқапқа көпжылдық шөп өсіріліп, одан қыс маусымына 398,2 мың тонна жоңышқа, 19 мың тоннадан астам пішендеме, 18 мың тонна сүрлем дайындалған. Мал азығын дайындау жұмыстары әлі де жалғасуда. Картоп, көкөніс, бақша, жеміс-жидектен де мол өнім жиналыпты. Нақтылап айтар болсақ, 61 гектар алқапқа өсірілген қырыққабаттан 3861 тонна, 60 гектарға жуық сәбізден 10395 тонна, 29,5 гектар асханалық қызылшадан 9504 тонна өнім жиналған. Бұдан басқа, 80 гектар жердегі жүзім мойылы мен 3 гектардағы жаңғақ дәні түгел алынды. Аудандағы бақтар мен 2 гектар жерге жайғастырылған асханалық қызылша алқаптары да жақсы түсім беріпті.

Ауданда жалпы 25 арнайы жасақталған қырман бар. Олардың бәрі науқан басталмай тұрып тазаланып, дақыл дәнін қабылдауға дайындалған. Бүгінде Атамекен, Бірлік, Үлкеншыған, Шолақай, Басқұншы ауылдық округтерінде жүгері жинау науқаны барынша қарқын алды.

Мырзағали НҰРСЕЙІТ

Қатысты жаңалықтар

Барымта басылмай тұр

Барымта басылмай тұр

Бүгін, 16:45
Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Бүгін, 16:18
Тарих пен тағылым ұштасқан

Тарих пен тағылым ұштасқан

Бүгін, 14:24
Тоқыма өндірісін өрістеткен

Тоқыма өндірісін өрістеткен

Бүгін, 12:15
Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Бүгін, 12:04

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.