Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жүк көліктерін бақылау күшейеді

16 қыркүйек 2025
КҮНДЕРЕК
Жүк көліктерін бақылау күшейеді

kk.shacmaninternational.com

WhatsAppTelegramFacebook

Ауыр жүк көліктері тасжолдардың тез тозуына, асфальт сапасына және ең бастысы – жол қауіпсіздігіне айтарлықтай әсер етеді. Сондықтан олардың қозғалысын қадағалау, салмақты бақылау жүйесін енгізу – бүгінде өзекті мәселелердің бірі болып отыр.

Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» АҚ биыл 28 автоматтандырылған өлшеу стансысын орнатуды жоспарлаған болатын. Оның 13-і жолдарды қайта жаңарту барысында, 13-і орташа жөндеу кезінде, ал екеуі күрделі жөндеу аясында іске қосылады.

Жалпы 2026 жылдың соңына дейін республика бойынша 220 АӨС орнату көзделген. Соның ішінде 126 бекет республикалық маңызы бар тасжолдарға қойылады.

Жетісу облысында да осындай бақылау бекеттері орнатылып жатыр. Қазіргі таңда аймақта 6 АӨС жұмыс істеп тұр. Олардың үшеуі Алматы-Қорғас (2019 жылы), екеуі Алматы-Өскемен (2025 жылы), біреуі Сарыөзек-Көктал (2025 жылы) тасжолдарының бойына орнатылып, пайдалануға берілді.

– Бұл жүйенің артықшылығы – ауыр жүк көліктерінің қозғалысын қашықтан бақылап, жолдардың сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Автоматтандырылған стансылардың арқасында артық салмақпен жүрген көліктерді дер кезінде тоқтатуға болады. Алайда, кейде жүргізушілер тарапынан қарсылықтар туындап жатады. Олар қосымша уақыт жоғалтамыз немесе айыппұл көлемі жоғары деп сын айтады. Бірақ түптеп келгенде, бұл шара жолдардың ұзақ сақталуы мен адамдардың қауіпсіздігі үшін жасалып отырғанын түсіну керек, – дейді «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ «Ақылы автомобиль жолдары дирекциясы» филиалының өкілі Бағытжан Болатұлы.

Айта кетерлігі, АӨС негізінен көлік қозғалысы қарқынды учаскелерге қойылады. Жергілікті жолдарға мұндай бекеттердің орнатылуына жергілікті атқарушы органдар жауапты.

Қажет АНДАС

Қатысты жаңалықтар

Барымта басылмай тұр

Барымта басылмай тұр

15 қараша 2026
Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

15 қараша 2026
Тарих пен тағылым ұштасқан

Тарих пен тағылым ұштасқан

15 қараша 2026
Тоқыма өндірісін өрістеткен

Тоқыма өндірісін өрістеткен

15 қараша 2026
Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

15 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.