Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жүктелген міндет жүйелі атқарылады

Облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың қатысуымен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау жөнінде жиын өтті. Оған аудан әкімдері, басқарма басшылары, қоғамдық ұйым өкілдері мен ардагерлер қатысты.

11 қыркүйек 2025
КҮНДЕРЕК
Жүктелген міндет жүйелі атқарылады

Ақорда

WhatsAppTelegramFacebook

Басқосуда Бейбіт Өксікбайұлы: «Мемлекет басшысының Жолдауы нақты нәтижеге, азаматтардың табыс деңгейін арттыруға бағытталған іс-қимылдың айқын алгоритмі. Мемлекет басшысы еліміздің алдына аса маңызды стратегиялық мақсат қойды. Қазақстан үш жыл ішінде толық цифрлық мемлекетке айналуы тиіс. Осы бағытта Президентіміз жеті нақты міндет жүктеді», – дей келе әр жүктелген міндетке жеке-жеке тоқталып, облыста атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарды баяндады.

Ел Президенті тапсырған алғашқы міндет елімізге қомақты инвестиция тарту. Аймақ басшысының айтуынша, облыс құрылғаннан бері 1,2 трлн. теңге инвестиция құйылыпты. Оның ішінде жекеменшік 808,5 млрд. теңге. Биылғы жалпы сомасы 37 млрд. теңгені құрайтын 14 ірі жобаны іске асыру жоспарланған. Бұл 830-дан астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағында және «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халық-аралық орталығында жалпы құны 1 трлн. теңгеге жуық 65 жоба жүзеге асырылып жатыр, олардың нәтижесінде шамамен 8 мың жұмыс орны құрылады. Бұл орталықтар Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға септігін тигізеді. Осыған орай Бейбіт Исабаев орынбасары Әсет Қанағатовқа, кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасына, аудан және қала әкімдеріне инвестиция әкелу жұмыстарын одан әрі күшейтуді, орта және шағын инвесторлармен жүйелі жұмыс жүргізудің тиімді моделін енгізуді, жоспарланған инвестициялық жобалардың белгіленген мерзімде іске асырылуын қатаң бақылауға алуды тапсырды.

– Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес облыста өңдеу өнеркәсібін дамыту үшін жүйелі шаралар жүзеге асырылуда. 2025 жылдың 7 айында өңір экономикасы тұрақты өсім көрсетіп, өңдеу өнеркәсібінің индексі 103,9%-ға жетті. Бұл үрдіс ірі инвестициялық жобалар, кәсіпорындарды жаңғырту және бизнеске қолайлы жағдай жасау арқылы жалғасуда. Мысалы, «Қайнар АКБ», «Алмаз Керамикс», «ASMA Industrial», «SSA Feed Mills», «Майями Солар» және қант қызылшасын өңдеуші кәсіпорындар. Стратегиялық бағыттардың бірі – жоғары технологиялық өндірістерді дамыту, – деген Бейбіт Өксікбайұлы ірі жобалар мен кәсіпорындарды жаңғырту арқылы 1,3 трлн. теңгеге Көксай мыс өңдейтін зауыт салу жоспарланғанын, онда 2200 жұмыс орны ашылатынын айтты.

Сондай, аймақ басшысы орынбасары Әлібек Жақанбаев пен Әсет Қанағатовқа, кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасына, аудан және қала әкімдерімен бірлесіп, өңірдің инновациялық шешімдерін енгізуді және өндірістік секторын нығайтуды қамтамасыз етуді тапсырды.

Жиын барысында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге көтеру, көлік-логистика саласын дамыту, туризмді, шағын және орта кәсіпті өркендету, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен су инфрақұрылымын, адам капиталын дамыту арқылы экономиканы жан-жақты жаңғырту мәселелері кеңінен талқыланып, жүктелген міндеттер жүйелі атқарылу үшін аймақ басшысы әр салаға жауапты мамандарға нақты тапсырма берді.

Айдар ҚАЛИЕВ

Қатысты жаңалықтар

Барымта басылмай тұр

Барымта басылмай тұр

Бүгін, 16:45
Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Бүгін, 16:18
Тарих пен тағылым ұштасқан

Тарих пен тағылым ұштасқан

Бүгін, 14:24
Тоқыма өндірісін өрістеткен

Тоқыма өндірісін өрістеткен

Бүгін, 12:15
Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Бүгін, 12:04

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.