Талдықорған: +19°C
$ 472.03
€ 540.29
₽ 6.11
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жүрегі жұмсақ, пейілі кең

05.10.2025
КҮНДЕРЕК
Жүрегі жұмсақ, пейілі кең
WhatsAppTelegramFacebook

Пайымды да парасатты, арын ақ жаулығына түйіп өткен қазақтың аяулы аналары бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербетеді. Олардың еңбектері адал, жүздері жарқын, абыройлары қашан да асқақ. Әсіресе жас ұрпаққа саналы тәрбие, сапалы білім беріп жүрген жандардың еңбегі ерен. Ұстаз деген ұлы есімге дақ түсірмей, арындай таза ұстауды борышы санаған ардақты жан, елеулі еңбегімен ілгері басып, өрге озған азаматтардың бірі – Кербұлақ ауданына қарасты Қарашоқы орта мектебінің директоры Күлшар Бұқабаеваны ерекше атауға тұрарлық.

Жауапкершіліктің салмағы ауыр

1963 жылы қасиетті Қарашоқының топырағында Сейдул мен Әлімжан Оразбаевтардың береке дарып, құт қонған шаңырағында шыр етіп дүниеге келген қазақтың қаршадай ғана қара қызы бүгінде елге сыйлы, ортасына қадірлі, бір әулеттің анасы. Үйелмелі-сүйелмелі он баланың екіншісі. Соңынан ерген іні-сіңлілеріне қамқор болып, анасының қолғанатына айналған. Үлкен әпкесі атасы мен әжесінің қолында өскендіктен үйдегі бар жауапкершілік біздің кейіпкердің мойнына артылған. Туғандарына анасындай қамқор, әпкесіндей жанашыр болды. Бірге тумақ болса да бірге жүрмек жоқ. Әсіресе Балқаш ауданы, Қаройдағы Гүлмира сіңлісін «алыстағы жақыным» деп ерекше сағынады. Жүрегі таза, пейілі кең ардақты жанның бар тілеуі – елдің тыныштығы, бауыр, бала-шағаның амандығы.

– Біз үшін тазалық – табалдырықтан басталады. Қараеспе деген жерде әке-шешем мал бақты. Түрім әкеме, мінезім анама тартқан. Анам қатал әрі талапшыл болатын. Бізде қыз немесе ұл баланың жұмысы деген болған жоқ. Жұмыстың ауыры мен қиынына қарамай, істейтінбіз. Еңбекпен ержеткен ұрпақпыз. Үлкен кісілердің қас-қабағын бағып отыратынбыз. Ата-анам бәрімізді таяқпен емес қабақпен тәрбиеледі. Бұл әрбір қазақ отбасының жазылмаған заңы еді ғой. Осы заңның бүгінде солқылдап қалғаны жанға батады. Жарық дүние сыйлаған анам 65, асқар таудай әкем 79 жаста өмірден өтті. Анам: «Үйге кіргенде сыпыртқыны ала кіріңдер. Құдайы қонақ келсе қазан бос тұрмасын. Асты артығымен жасаңдар» дегенді жиі айтатын. Кеңес заманында партиядан малшылардың тыныс-тіршілігін білуге, тексеруге келген меймандар бірінші біздің үйге түсетін. Анам талай басшы мен құдайы қонаққа төрден орын ұсынып, бар тәттісі мен дәмдісін арнаған. Анамның жаққан ошағы сондай жып-жылы еді. Тазалықты жаны сүйген анамнан бұл қасиет бізге де дарыды. Балаларымызды да дәл солай тәрбиеледік. Өмірімнің жарқын, жұмысымның табысты, көңілімнің таза болуы да осы тәрбиенің, тазалықтың, адал еңбектің жемісі шығар бәлкім.

Достықтан басталған махаббат

Кішкентайынан зерек өскен Күлшар 1980 жылы мектеп бітіріп, оқуға түсе алмай, алдын ала даярлық бөлімінде оқып, кейін Қазақтың бас білім ордасы С. Киров атындағы мемлекеттік университеттің «математика пәні мұғалімі» мамандығына ие болады. Табақтай диплом қолға тиген соң Сарыөзек ауылында О. Кошевой атындағы орта мектепте еңбек жолын бастайды. Жас болса да білімі мен жауапкершілігінің арқасында ұжымда өз орнын, беделін қалыптастырады. Қаншама балаға саналы тәрбие, сапалы білім берді. Кейін өзінің ауылдасы Оразбек Қалымбетұлына тұрмысқа шығып, өзі білім алған мектепке тәрбиеші болып жұмысқа орналасты.

Енді Күлшар Сейдулқызы үшін өмірдің жаңа парағы ашылды. Шаңырақ шаттығын еселеп, барған жеріне балдай батып, судай сіңу үшін отбасылық жауапкершілікті сезініп, ақ жаулығына кір жұқтырмас үшін әдептен озбай, ақырын жүріп, анық басты. Киелі ене мектебінен талай келін көктеп, көгергені анық. Міне, біздің кейіпкеріміз де киелі мектепте тәлім алып, бүгінде самайы ағарған, немерелеріне ертегі айтып, келініне жол көрсетіп, ақылын аямайтын асыл апа, жанашыр енеге айналды. Қызайхан енесінің қас-қабағына қарап, өз жұртының ризашылығына бөленіп, жардың көңілін тауып, көптің батасын алуға асыққан жанның өмірде бағы тасып, жұлдызы жанды.

– Енеммен алты жылдай бір шаңырақ астында сыйласып, сырласып әдемі ғұмыр кештік. Жұмысқа да, отбасындағы шаруаға да үлгеруге тырыстық. Шаңырақ көтергенде жолдасым жүргізуші болатын. Қазір несібесін Жер-анадан тауып, төрт түлікті түлетіп отыр. Нағыз адал еңбек сол кісінікі. Келін болған күннен бастап табаға нан жабатынмын. Бұл дәстүр күні бүгінге дейін жалғасып келеді. Киелі дастарқанға қоятын ас атасын өз қолыммен пісіремін. Берекенің бастауы – отбасында. Егер шаңырақта шаттық, отбасында береке болмаса өмірде де, қызметте де «жолым болды» деп айту үлкен қателік. Ал бала тәрбиесіне келсек, бұл өте жауапты әрі қиын жұмыс. Отағасы екеуміз балалардың қолына балық емес, қармақ беріп үйреттік. Кішкентай күнінен өз бетінше өмір сүруге, өз бетінше шешім шығаруға баулыдық. Үйдің де, түздің де жұмысын істеттік. Сән қуып, ашық-шашық, қызылды-жасылды дүниеге қызықпау керектігін кішкентайынан құлақтарына құйып отыратынбыз.

Қос бәйтерек ұлықты ұл, қылықты қыз тәрбиелеген. Қара шаңырағында ұлына ақылын айтып, келінінің қолынан ыстық шай ішіп отырған аяулы ананың бар бақыты да, байлығы да – отбасы. Ұлы өзінің жолын қуған. Балаларды спортқа баулып, саламатты өмір салтын ұстануға баулиды. Келіні «Балдәурен» шығармашылық орталығында қызмет етеді.

Ұлылықтың иесі

Ел болашағының тұтқасы – сапалы, саналы, білімді ұрпақ тәрбиелейтін Күлшар Бұқабаева сынды ұлағатты ұстаздардың қолында. Еңбек жолын ұлы жолдан бастаған мұғалімнің ұстаздық белестері де биік және көпке өнеге боларлықтай. Өйткені, ол жігерлі, әр ісінен нәтиже шығара алатын, мұғалімдерден білімді, біліктілікті, жаңашылдықты талап ететін ізденгіш тәлімгер, білікті басшы. Осы жауапты міндеттің үдесінен табылып, жаңа заманның ауыр жүгін қайыспай көтере білген ұстаз мамандығын қатты құрметтейді. Ол үнемі ізденіске толы өмір жолында қарапайым мұғалімдіктен жаңа тұрпатты мекеме басшысына дейінгі өнегелі баспалдақтардан өтті. 45 жыл тынымсыз еңбек еткен аяулы жан алдына таудай мақсат қойып, оқу-ағарту ісінен бөлек, қоғамдық жұмыстарға да белсене араласты. Ұлағатты ұстаздың ерен еңбегі ескерусіз қалған жоқ. Ұрпақ тәрбиелеуде сіңірген еңбегі үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрмет грамотасын иеленді. «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Еңбек ардагері» медалі, «Қазақстан Мәслихаттарына 25 жыл» мерекелік медалі, ҚР БжҒМ Құрмет грамотасы, Кембридж университетінің білім беру факультетімен бірлесіп әзірлеген ҚР жалпы оқу-ағарту ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша курстан жоғары нәтижелер көрсеткені үшін, Халықаралық қазақ-түрік университеттері арнайы марапттаған Алғыс хаттары адал еңбектің жемісі. Еліміздегі жетекші мектептердің «Жаңару жаршысы – 2023» ІV өңіраралық форумына қатысып тәжірибесімен бөліскенін де ерекше атап өткеніміз жөн. Санамалай берсек жеткен жетістік, алған асу жетерлік. Көпшіліктен «Қаталсыз, апай» деген сөзді жиі еститін кейіпкеріміздің жүрегі жұмсақ, пейілі кең, ниеті таза. Ешқашан да адмгершіліктің ақ туын құлатпаған, ата-ананың ақылын көкейіне түйіп, санасына сақтаған білікті басшы, шығармашыл тұлға, ұжымның ғана емес елдің мақтанышы. Кеудесіне таққан әр медаль ұлағатты ұстаздың қажырлы еңбегі, білімі мен біліктілігінің, адамгершілігінің айқын көрінісі.

P.S. «Әйел деген – адамзат, түсін, ұғын,
Бар кеуденің салмағын арқалаған,
Жер секілді бір өзі кішігірім». Поэзияның падишасы болған Фариза ақын осы бір-ақ ауыз өлеңмен әйелді, оның ұлылығын, аналық құдіретін «Кішігірім жерге» теңеген. Біздің кейіпкеріміз де жақсы адамдардың көшін бастап жүрген, жаны нәзік болса да рухы биік асыл да ардақты жан. Иә, мектеп қана емес бүкіл ауыл, аудан, елге сыйлы Күлшар Сейдулқызы осындай үлгілі ұстаз, аяулы жар, асыл ана, ардақты әже.

Еңлік КЕНЕБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Ұлттық домбыра күні: Астанада «Асыл мұра» концерті өтті

Ұлттық домбыра күні: Астанада «Асыл мұра» концерті өтті

05.07.2026
Жетісуда домбыра дәріптелді

Жетісуда домбыра дәріптелді

05.07.2026
ЮНЕСКО басшылығы қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

ЮНЕСКО басшылығы қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

05.07.2026
Жетісудың жауһары жарқыраған

Жетісудың жауһары жарқыраған

05.07.2026
Заң өзгерді, көзқарас ше?

Заң өзгерді, көзқарас ше?

05.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.