Талдықорған: +10°C
$ 473.13
€ 554.08
₽ 6.13
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ЖУРНАЛИСТЕР ЕЛ БОЙЫНША ЕҢ ҰЗЫН КӨШЕСІ БАР ШАҺАРДЫ АРАЛАДЫ

24.10.2020
КҮНДЕРЕК
ЖУРНАЛИСТЕР ЕЛ БОЙЫНША ЕҢ ҰЗЫН КӨШЕСІ БАР ШАҺАРДЫ АРАЛАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісудың жауһары саналатын Текелі қаласы – қойнауы қазынаға толы, өнеркәсібі өркендеген, үш өзеннің түйісер тұсы ретінде су электр энергиясын өндіру бойынша көшілгері шаһар. Бәрінен бұрын ең ұзын көшесі, көз тартар табиғаты арқылы ел ішінде ғана емес, алыс-жақын шет мемлекеттерге әйгілі мекен. Күн сайын дамылсыз дамып, тотытай түрленген Текелінің бүгінгі тыныс-тіршілігін таныстыру мақсатында пресс-тур өтті.

«Jetіsý Media» ұйымдастырған шарада қала әкімі Батыр Молдахметов өзі бастап, журналистерді атқарылып жатқан іргелі істермен таныстырды. Ең алдымен 6 шақырымдық 6 көшесі толық күрделі жөндеуден өткен «Достық» шағынауданына бардық. «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында жүзеге асырылған жобаға 688 миллион 340 мың теңге бөлінген. Күрделі жөндеуді «Нұр Шапағат Құрылыс» ЖШС жүргізіп, онда қалалық жұмыспен қамту орталығы арқылы 32 адам жұмыспен қамтылған. Көшеге төселген тас жол есік алдына дейін жеткен шағын ауданның тұрғыны Амангелді Дәрібаев ризашылығын білдірді.

— Арық ішіне жабын орналытылды, канализация тартылды. Әкімдікке, мердігер компания басшылығына барлық тұрғынның атынан рахмет айтамыз. Қыруар жұмыс істелді. Неше жылдан бері аңсап отырған адамдардың арманы орындалды десек те болады, – деген ол Текелінің өсіп-өркендей беруін тіледі.

Келесі кезекте медициналық қорғаныс құралдарын өндіретін «ТЕХНО АВИА ГРУП» тігін цехына бас сұқтық. Биыл ашылған цех бір реттік бетперде, халат, жұмысқа киетін, тұтастырылып тігілетін бешпент-шалбар тігеді. Айына 400 мың медициналық бетберде әзірлейтін мекемеде 70 адам қызмет етуде. Жоба құны 19 миллион теңгені құрайы. Жұмысшыларды үйінен алып кету, жеткізіп тастау, тегін тағаммен қамту секілді жағдайлар жасалған.

Ал шаһардың шырайын кіргізіп, күн энергиясынан қуат алатын шамдар Қора өзенінің жағалауын жарық қылып тұр. Бұл жоба да «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында жүзеге асып, 20 миллион 776 мың теңге бөлінген. «Т-Строй-Проект» ЖШС құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізіп, жағалауға 67 жарық шамдарын қойған. Сонымен қатар, биыл қала бойынша 22 балалар ойын алаңы және 6 «Workout» алаңдарының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 287,5 мың теңгеге балалар ойын алаңының құрылыс жұмыстарын «Golden City» ЖШС жүргізсе, 21 миллион 248 мың теңгеге «Workout» алаңы құрылысын «Қалым» ЖК жүргізген.

Журналистер қауымы Жеңіс көшесіндегі спорт алаңдарына барып, балалардың салауатты өмір салтына куә болды. Ол дегеніміз жастардың бос уақытын тиімді пайдаланумен қатар жас өркендерді спортқа баулуға жол ашады.

Пресс-турға қатысушылармен қатар 58 мемлекеттік қызмет түрін көрсететін Сервистік әкімдік жұмысымен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев арнайы келіп, танысты. Қызмет алушылармен тілдесіп, келешекте мемлекеттік бағдарламаларды көрететін экран орнату жайлы ұсынысын жеткізді. «Жетісу – адалдық алаңы» жобасын аясында ашылған Сервистік әкімдікте 6 бөлім бар. Олар жұмыспен қамту, жер, білім, тұрғын үймен қамтамасыз ету секілді қызметтер ұсынады. Облыс бойынша дәл осындай 15 сервистік әкімдік ашылып, халықтың әр түрлі мәселесін шешуге сеп болуда.

Текелілікер үшін тағы бір қуанышты жайт – орталық саябақтағы Амфитеатрдың құрылысы. Облыстық бюджеттен бөлінген қаражатқа сыйымдылығы 228 орынды құрайтын амфитеатрды салуға 25 адам қызмет етіп, 3 арнайы техника жұмылдырылған. Бүгінде құрылыс жұмыстарының 97 пайызы аяқталып, әні-міне дегенше пайдалануға берілмекші.

Пресс-тур барысына Батыр Қайыркенұлы Текелідегі ауыз толтырып айтар жүйелі жұмыстарды тілге тиек етіп, моноқаланы дамытудың жоспарымен таныстырды.

— Өздеріңіз көргендей, «Жұмыспен қамту  жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында нәтижелі жетістікке қол жеткіздік. Бүгінде 14 жоба жүзеге асырылуда. Оларға бөлінген қаражаттың жалпы сомасы 1,6 миллиард теңгені құрайды. Тәуелсіздік пен бақылау алаңдарына Тутұғыр орнату, алаң айналасын абаттандыру, Қонаев көшесінің «Достық» шағынауданындағы теміржол өткелінен қаланың кіреберісіне дейінгі бөлігінде жаяу жүргіншілер жолы мен арық желілерін, Рудничный ауылы көшелерінің жаяу жүргіншілер жолын, Текелі қаласының аумағын кеңейте отырып, қалалық зираттың аумағын күрделі жөндеу және Қора өзенінің жағалауына шамдар орнатуды қолға алдық. Бүгін соның біршамасын көрдіңіздер, – деп осындай жобалар әрмен қарай жалғасын табатынын айтты.

Текелі қаласының әкімі Батыр Молдахметовтың сөзінше, туризм бағытына ерекше көңіл бөлінуде. Талдықорғанға жақын орналасқан моноқалаға демалушылар қысы-жазы еркін келіп, заман ағымына сай демалыс кешендерінде сергіп қайтуы үшін бірқатар жоба қарастырылған. Біз де қаланың дамуы үшін күндіз-түні тер төгіп жүрген жандардың жұмысына сәттілік тілеп тарқастық.

Мәулен ӘНЕРБАЙ

Текелі қаласы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Футбол: «Жетісу» өз стадионына оралатын күн жақын

Футбол: «Жетісу» өз стадионына оралатын күн жақын

12.04.2026
Ішкі істер министрлігі тоқсандық қорытындыны жариялады

Ішкі істер министрлігі тоқсандық қорытындыны жариялады

12.04.2026
Зорлық-зомбылыққа ұшырағанда қайда жүгіну керек?

Зорлық-зомбылыққа ұшырағанда қайда жүгіну керек?

12.04.2026
Есірткі індеті Жетісу жастарын неге шырмап жатыр?

Есірткі індеті Жетісу жастарын неге шырмап жатыр?

12.04.2026
Мұқаншы – береке мен бірліктің мекені

Мұқаншы – береке мен бірліктің мекені

12.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.