Талдықорған: +21°C
$ 469.93
€ 541.64
₽ 5.71
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ЖУСЫ АТАНЫҢ ШАПАҒАТЫ

02.10.2024
КҮНДЕРЕК
ЖУСЫ АТАНЫҢ ШАПАҒАТЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Көкше теңіздің жағасының ауа райы өте қатқыл. Жаз айы жағалай жайқалып өскен көк құрақ малға азық, аң-құсына пана. Күзі мен көктемінде гуілдеп соққан желі өңменіңнен өтіп, қыстың қытымыр суығы, шыңылтыр аязы, ұйытқып соққан бораны тірі жанға жептеуір соққы береді. Әйтседе, табиғаттың тосын мінезіне қарсы тұрып, сол қатал табиғатқа бейімділіп кеткен тұрғындардың өмірі ерекше. Сырттан келген адамды жатырқай қарсы алғанымен жергілікті жанды бауырына басқан Сары есік атырабы тарихи мекеннің бірі. Қаратал өзенінің Балхаш көлге құяр сағасынан тарихқа қадау-қадау естелік қалдырған тұлғаларды қанаттандырып, бүгінде аңыз етіп айтатын есімдер елдің есінде әлі де жаттаулы. Дәл сондай есімнің бірі – Қоңқабай баласы Жусы.

Жусы ақсақал  жаратылысынан момын адам болған деседі. 1895 жылы дүниеге келген баланың ғұмыры оңайлықпен өскен жоқ. Елдің еңсесі жүдеу кез, небір нәубетті кезеңдерді бастан өткеріп, еңбекпен жетілді. Бұл бір адамға ғана емес, бар қазақтың басынан кешкен қиын кезең екені белгілі. Деседе, қиыншылықпен шыңдалып, қарсы келген тосқауылға төтеп берер күш-қуатты бойына жиып өскен қайсар бала, қашанда еліне ық бола білді. Міне, ойы ұшқыр, ынтасы зерек болып өскен Жусы ақсақалды жастайынан ілім-білімге бағыттап, әкесі Қоңқабай медіресеге оқуға жібереді. Төте жазумен тіл сындырып, арабша сауатын жетілдірген Жусы атамыз медіресені аяқтап, елге келгесін молдалық жолды жалғастырады. Жаназа мен астың арасында ғана емес, ауыл балаларының сауатын ашып, білім беріп, оқытты. Бүгінгі күнгідей емес, ол уақытта молда да ауыл еңбеккерлерімен бірлесе жүріп, ұжым шаруасына тартылады. Елдің негізгі тіршілігі балық шаруашылығы болғасын, жалпы жұрт Балхаш көлінен балық аулап, күн көреді. Ауға түскен балығын үкіметке өткізіп, уысына түскен азғантай балықпен отбасын асырап өсірді. Таң қылаулап атқанда көл бетіне шыққан балықшылар асау толқымен арпалыса жүріп, балық аулады. Қиын да, қатерлі кәсіптің бел ортасында болған Жусы атамыз да талай тауқыметті басынан өткерді. Қарабас деген жерден сүзекі тартып, үкіметтің жоспарын орындап, соңғы шабағына дейін үкіметке өткізген Жусы атамыз отбасына апаратын балығы болмағасын талай рет көл жағасында қонып қалған кездері болған деседі. Оны сол кездегі көзкөргендер естелік етіп айтып отыратын. Міне, біз бала болсақ та сол кездегі атамыздың басынан өткерген ауыр тірліктерін ауыл үлкендерінің аузынан естіп өстік. Мінезі өте биязы, ағайын-туыстың береке-бірлігін жарастырып, қашанда туыстарын бауырына тартып, кеңпейілділік танытатын.

Атамыз Ұлтуар Мамайқызымен шаңырақ көтеріп, дүниеге ұл да, қыз да әкелді. Барлығына жақсы тәрбие беріп, білімге қарай бағыттады. Ұлдарынан немере-шөбере сүйді. Үлкен немересі мен болғандықтан, кішкене күнімнен мені бауырына басып, баласы етіп тәрбиеледі. Осы күнге дейін шалдың баласы болып аталып келемін. Атаның баласы болған әрбір қазақтың баласы білетін болар, шын мәнінде ең үлкен мәртебе деп айтар едім. Ерте жетіліп, жылы-жұмсақ пен бар жақсыны сенің аузыңа тосады. Сол күндердің көмескіленгеніне де талай жыл өтсе де, санаңда жаңғырып, балалықтың бал дәурені еш ұмытылмақ емес. Атамнан тараған балалар, оның балалары бүгінде мәуелі бәйтерекке айналды. 14 немере, 42 шөбере, 18 шөпшек. Барлығы да үйлі-баранды болып, сол Жусы деген текті алып жүр. Биязы атамның бойындағы бар қасиет, ұрпағының да бойынан табылып, «жақсы атаның баласы» — деген атқа кір келтімей келеді. Бір Аллаға сиынып, жаратушының хақ жолымен жүріп, дінге қызмет қылған Жусы атамның шарапаты болар, кейінгі ұрпағы да исламнан нәр алып, хақтың жолын ұстанды. Бес парыздың бірі саналған қажылық атамызға бұйырмағанымен ұрпағына бұйырды. Қызы, келіндері, немерелерінің табаны Меккені басып, маңдайлары қасиетті Қағбаның түбінде сәждеге тиді. Атам Жусы мен апам Ұлтуар 40 жыл бірге ғұмыр кешті. Атам 1971, апам Ұлтуар 1976 жылы дүниеден өтті. «Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өшпейді» дегендей артында қалған ұрпақтары үнемі атамыздың атын жаңғыртып, жақсылыққа бастау болатын игі амалдарды жасап келеді. Сол жаратқанға қызмет қылып, талай баланы білімге елітіп, сауатын ашқан Жусы атамның есімін қайта жаңғыртып, Алматы қаласының қасындағы Талдыбұлақ елдімекенінен мешіт ашты. Бүгінде ауыл жамағаты Жусы ата мешітінде құлшылығын жасауда. Атаға құрмет жасау арқылы, Аллаға тәубе ету. Ұрпағына осынша тәлім мен тәрбиенің дәнегін еккен Жусы атамның аруағы шат, иманы жолдас болсын деймін.

Марат ЖУСЫ

Қатысты жаңалықтар

Бағалау өзгерді, білім сапасы ше?

Бағалау өзгерді, білім сапасы ше?

09.08.2026
Қара өлеңнің Қастегі

Қара өлеңнің Қастегі

09.08.2026
Сашка бәрін біледі

Сашка бәрін біледі

09.08.2026
Тағдыр табыстырған

Тағдыр табыстырған

09.08.2026
Ұлттық құрамда жаңа бапкер

Ұлттық құрамда жаңа бапкер

08.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.