«Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Алматы облысының ауа райына қатысты тұрғындарға ескерту жариялады.
«Қазгидрометтің» хабарлауынша, 27-29 қыркүйек аралығында Алматы облысының кей жерлерінде түнгі уақытта -3 градусқа дейін үсік жүреді деп күтілуде. Осыған байланысты Алматы облысының төтенше жағдай департаменті азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын сақтауға шақырады.
«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»





