70 жастағы блогер әже әлеуметтік желінің көмегімен 10 миллион теңге табыс тапқанын айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
«Батыстың әжесі» атымен танылған блогердің TikTok желісінде 87 000 жазылушысы бар.
Блогер әже Хадиша Аймұхамбетова TikTok-та стримге шығып, 1 жылда 10 миллион теңге тапқан. Әже бұл туралы «Хабар» арнасына берген сұхбатында сөз қозғады.
«4 қарашада TikTok-қа тіркелгеніме бір жыл болды. Балам «үйде бала қарап отырсың ғой, TikTok-қа шығасың ба?» деді. «Ойбай, шығайын, маған да ермек керек» дедім. Қалаға келгелі әңгімелесетін үлкен адам жоқ қой. TikTok-ты шайқап жатырмын. Мені үлкен кісі деп сыйлайды», — деді әже.
Фото: видеодан скриншот