Ескелді ауданы Мелькомбинат ауылындағы жаңа блокты-модульді қазандығы былтыр пайдалануға берілген болатын.
Бұған дейін арнайы қатты отынмен жанатын, енді газбен алмастырылып, тіпті түтін сорғысымен желдеткіштері де барынша жаңартылды.
Жаңадан қондырылған жылу қазандығы соңғы технология бойынша жұмыс істейді. Жүйе автоматтандырылған, қуаты да күшті. Ең басты ерекшелігі ауада тарайтын зиянды қалдықтардың көлемі 2 есе қысқарып, отынға кететін шығынды азайтады.
Жалпы бұл қазандық қәзіргі таңда Мелькомбинат ауылындағы бала-бақшаны, мектепті, тұрғын үйлерді жылумен қамтамасыз етіп отыр. Қылышын сүйретіп келген қысқы маусымында, қазандығымыздың қақпағы мықтап бекініп, тоқтаусыз жұмыс жасауда.
Фото: primpress.ru





