Қазақстанда 1 ақпаннан бастап жанар-жағармай құю станцияларында автогаздың шекті бағасы өседі, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы Kazinform сайтына сілтеме жасап.
Бірақ, баға әр аймақта әртүрлі, яғни литрі 65 теңгеден 107 теңгеге дейін өзгереді. Толығырақ Энергетика министрінің бұйрығында айтылған.
Қазір ел өңірлерінде автогаз 54 теңге мен 94 теңге аралығында сатылып жатыр. Ал 1 ақпаннан бастап автогаз бағасы литріне 65 теңгеден 102 теңгеге дейін өседі.
Айта кетсек, ең жоғары баға Алматы мен Астана қаласында (литрі 102 теңге) сатылады, ал арзан баға Маңғыстау облысына тиесілі ( литрі 65 теңге).
1 ақпаннан бастап өңірлерде автомобиль газының құны қалай өзгереді:
— Астана қаласы — 102 теңге (қазір 82 теңге);
— Алматы қаласы — 102 теңге (қазір 89 теңге);
— Ақтөбе, Атырау облысы — 77 теңге (қазір 59 теңге);
— Ақмола, Алматы облысы — 102 теңге (қазір 84 және 89 теңге);
— Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Жетісу, Ұлытау облысы және Абай облысы — 102 теңге (қазір 84 теңге);
— Жамбыл облысы — 90 теңге (қазір 78 теңге);
— Батыс Қазақстан облысы — 77 теңге (қазір 70 теңге);
— Қызылорда облысы – 90 теңге (қазір 70 теңге);
— Маңғыстау облысы — 65 теңге (қазір 59 теңге);
— Павлодар облысы — 102 теңге (қазір 81 теңге);
— Солтүстік Қазақстан облысы — 102 теңге (қазір 89 теңге);
— Шымкент қаласы және Түркістан облысы — 90 теңге (қазір 70 теңге).
Фото: kaztag.kz





