Талдықорған: +10°C
$ 458.13
€ 502.29
₽ 5.58
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

200 ТҮП АҒАШ ОТЫРҒЫЗДЫ

22 сәуір 2024
КҮЛТӨБЕ
200 ТҮП АҒАШ ОТЫРҒЫЗДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

«Таза Қазақстан» акциясына аймақтағы ақ халатты абзал жандар да өз үлесін қосуда. «Жасыл апталық» шарасы аясында Талдықорған қаласындағы облыстық фтизиопульмонологиялық және перинаталдық орталықтардың дәрігерлері 200 түп ағаш егіп, ортаны жасылдандыруға сеп болды.


Облыстағы емдеу орталықтары мен ауруханалар үшін ең алдымен ескерілетін дүние – ортаның тазалығы мен көркемдігі. Өйткені, бірінде адам өміріне тым қауіпті аурулар емделетін, енді бірінде еліміздің болашағы саналатын сәбилер өмірге келетін орталықтардың да басты қағидасы осыған бағытталады. 

 – Біздің ұжымда 287 қызметкер бар. Жаркент қаласында оңалту орталығының бөлімшесі ашылған. Ал 145 орынға арналған Талдықорған қаласындағы орталыққа  балалар, жасөспірімдер, ересектер бөлімі кіріктірілген. «Таза Қазақстан» акциясы басталғалы ұжымымыз белсенділікпен атсалысуда. Ауламыздағы қоқыстарды тазалап, ағаштарды әктеп, жолдарды ретке келтірдік. Ғимараттың кейбір бүлінген тұстарын да жөндеп алдық. Енді, міне, «Жасыл апталық» шарасы аясында облыста алғашқы болып ағаш егіп, ауланы жасылдандыруды қолға алдық, – дейді облыстық фтизиопульмонологиялық орталықтың бас дәрігері Аида Захарова.

Облыстық перинаталдық орталық мамандары да аулаға жас көшеттер отырғызып, шараның шырайын аша түскенін байқадық. Жалпы, 300-ден астам қызметкер істейтін перинаталдық орталықтағы дәрігерлер көктем шыға тазалық шарасын жүйелі жүргізіп келеді. Олар өткен сенбі күні және апта басын есептегенде орталық аумағына 100 түп ағаш егіп, 500 түп гүл отырғызған. 

– Орталықта жыл басынан бері 1500-ден астам бала өмір есігін ашты. Өткен түнгі 12-ден бері 5 ұл бала, 6 қыз бала дүниеге келді. Бала болашағына ерекше ден қоятын ел болғандықтан сол балалар өмірге келетін перзентхананың ортасы көрікті, ауасы таза, ауласы көркем болуы керек. Сондықтан тазалық мәселесіне ерекше ден қоямыз, – дейді орталық директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары Айгерім Тертюбаева.

Дегенмен, жасыл желек отырғызу оңай болғанымен, оны күтіп-баптау, өсіруге де аз күш кетпейді. Ал облыстық перинаталдық орталық Қаратал өзенінің бойындағы тастақты жерге орналасқан. Сондықтан бұл жерге егілген көшеттерге ерекше күтім керек. Әйтпесе, бүгін еккен жас өскін ертең қурап қалуы да мүмкін. 

– Орталықтың орналасқан жер жағдайын ескере отырып, ағаш егіп, гүл отырғызу үшін арнайы қара топырақ алдырдық. Сондай-ақ, егілген ағаш пен гүлді орталықтағы 15 бөлімге жауапты етіп, бөліп бердік. Олар әр күн сайын өздеріне тиесілі аумақтағы ағаш пен гүлді баптап, өсіруге жауап береді. Дегенмен, арасында белгілі жағдайға байланысты өспей қалғандары болса, қайталай егеміз, – дейді облыстық перинаталдық орталық директорының медициналық қызмет көрсету және ішкі аудит қызметі бойынша орынбасары Зейнегүл Рахметова. 

Егілген жас өскіндердің толық өсетініне біз де сенімдіміз. Өйткені дәрігерлер: «Ем іздеп келген науқастарға қалай көңіл бөлсек, жаңадан отырғызылған жас өскіндерге де солай қараймыз» деген сеніммен шығарып салды.

Қажет АНДАС
 

Қатысты жаңалықтар

Ұлт болашағы – ананың қолында

Ұлт болашағы – ананың қолында

Бүгін, 14:30
Дамудың тұрақты кепілі

Дамудың тұрақты кепілі

Бүгін, 13:12
Заң мен тәртіп – қоғам тірегі

Заң мен тәртіп – қоғам тірегі

Бүгін, 12:10
Бұл күнге жету оңай болған жоқ

Бұл күнге жету оңай болған жоқ

Бүгін, 11:30
Аталы сөз иесі

Аталы сөз иесі

Бүгін, 11:01

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.