Талдықорған: +34°C
$ 487.01
€ 557.87
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

28 АҚПАН — ЖАМБЫЛДЫҢ ТУҒАН КҮНІ

28.02.2019
КҮЛТӨБЕ
28 АҚПАН - ЖАМБЫЛДЫҢ ТУҒАН КҮНІ
WhatsAppTelegramFacebook

Аудандық Мәдениет үйінде семсер сөздің дариясы Жамбыл Жабаевтың туған күніне орай мектеп оқушылары арасында «Жыр алыбы – Жамбыл» атты республикалық айтыс өтті. Облыстық білім басқармасы мен аудан әкімдігі ұйымдастырған жыр додасында еліміздің әр өңірінен 28 жас ақын сөз сайысына түсті.

 
Жамбыл шығармашылығын насихаттап, қазақтың теңдессіз сөз өнерінің туын желбіретуге арналған айтысқа көрермен көп жиналып, қызыға тамашалады. Сахна төрінде жыр алыбының ақындарға арнауынан:
Алатаудан, Арқадан,
Ақындарым келіпсің.
Тілдерінен бал тамған,
Жақындарым келіпсің, – деген алғашқы жолдары айшықталыпты. Көпшілікті аудан әкімі Бағдат Әлиев, облыстық білім басқармасы тәрбие бөлімінің басшысы Айнагүл Үшкемпірова құттықтап, жас ақындарға сәттілік тіледі. Жыл сайын Жамбыл бабаның туған күніне орай ұйымдастырылатын дәстүрлі жыр додасының шымылдығы абыз ақынның ұрпағы Ерсұлтан Жамбыловтың орындауында Жамбылдың әйгілі «Ақындарға арнауымен» түрілді.
Ұлтымыздың төл өнеріне ден қойған жас ақындар киелі сахна төрінде сөз сайысының көрігін қыздырды. Сүйінбай мен Жамбылдың ақындық дәстүрінің жалғастығы, рухани жаңғырған бүгінгі тәуелсіз қазақ елінің тынысы кестелі сөзбен әспеттелді. Семсер сөздің дариясы Жамбыл жырымен рухтанған өрендер суырыпсалмалық қабілеттерін байқасып, бірін-бірі әзіл-қалжыңмен қағытты. Тілге шешендігі мен ой жүйріктігі сынға түскен он төрт жұптың ішінен өлеңмен өрнек тоқи білетіндері іріктеліп, екінші айналымда жеті жұп қайтадан сөз қағыстырды. Оның ішінен үздіктері анықталып, табан астында тауып айту шеберлігі жоғары бағаланғандардың мерейі үстем болды.
Ақындардың өнеріне «Алатау» газетінің бас редакторы, халықаралық, республикалық айтыстардың жеңімпазы Айтақын Бұлғақов төрағалық еткен қазылар алқасы баға берді. Бұл топтың құрамында «Мөлдір Бұлақ» журналының бас редакторы, «Серпер» сыйлығының иегері, ақын Саят Қамшыгер, ҚР Мәдениет қайраткері, ардагер журналист, облыстың, Талдықорған қаласының және Жамбыл ауданының Құрметті азаматы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Күмісжан Байжан, ақын, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты Дүйсен Аңсабаев, ақын, республикалық айтыстардың бірнеше мәрте жүлдегері, Алматы облысының Құрметті азаматы Ханша Раисова оза шапқандарды анықтады.
Жүлдегерлердің есімін жариялау алдында қорытынды сөз алған қазылар алқасының төрағасы Айтақын Бұлғақов осындай жыр додаларын жүйелі өткізу өңірде қалыптасқан ақындық мектепті дамытатынын жеткізді. Сөз сайысына түскендердің өз өңіріндегі ақындық дәстүрдің аяқ алысын көрсете білгендеріне, айтыстың көңілге шуақ төккен тұстарына тоқталды.
Сөз сайысының қорытындысында жүзден жүйріктер анықталып, 130 мың теңге көлеміндегі бас жүлдені Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданынан келген 11-сынып оқушысы Мейірбек Саламатов жеңіп алды. Қарағанды облысынан Абзал Мақашев бірінші орынға ие болды. Екі екінші орын Қарасай ауданынан Нұрбек Уәлиев пен павлодарлық Шыңғыс Асхатұлына берілді. Үш оқушыға – Жамбыл ауданы Сүйінбай атындағы орта мектебінің 9-сынып оқушысы Айым Асылбекқызы, Көксу ауданы Мұқаншы орта мектебінің 6-сынып оқушысы Жансая Қанат және Қызылорда облысы Шиелі ауданынан Төлеген Айқынға үшінші орын бәйгелері тапсырылды. Аудан әкімі Бағдат Әлиев тағайындаған арнайы жүлде Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар қаласы Е.Асқаров атындағы ақындар мектебінің шәкірті Диас Аяғанға берілді. Сонымен қатар, Үмбетәлі Кәрібаев, Кенен Әзірбаев, Есдәулет Қандеков және Есенқұл Жақыпбеков атындағы арнайы жүлделер тапсырылды. Қалған айтыскерлер де түгелдей салтанатты жағдайда облыстық білім басқармасының Алғыс хатымен, ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.
Серік САТЫБАЛДИЕВ
Жамбыл ауданы

Қатысты жаңалықтар

Әуезді әнмен тербеген

Әуезді әнмен тербеген

23.06.2026
Шегірткемен күрес күшейді

Шегірткемен күрес күшейді

23.06.2026
Қапалдан қала табылды

Қапалдан қала табылды

23.06.2026
Аида Балаева қазақстандықтарды Әкелер күнімен құттықтады

Аида Балаева: Мемлекеттік қызмет жауапкершілік пен кәсібилікті талап етеді

23.06.2026
Желіде жалған ақпарат пен арандатуға қарсы бақылау күшейтіледі

Желіде жалған ақпарат пен арандатуға қарсы бақылау күшейтіледі

23.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.