Талдықорған: -1°C
$ 499.83
€ 581.50
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

500 МИЛЛИОНЫНШЫ ДАНАСЫ ШЫҚТЫ

07.11.2017
КҮЛТӨБЕ
500 МИЛЛИОНЫНШЫ ДАНАСЫ ШЫҚТЫ
WhatsAppTelegramFacebook

  Бүгін ата басылымдардың бірі саналатын «Жетісу» мен «Огни Алатау» газеттері 500 миллионыншы данасын жарыққа шығарды. Осы бір тарихи оқиғаға орай өңірлік коммуникациялар қызметінің кезекті отырысы өтті.

 

Журналистермен болған басқосуда шара тізгінін ұстаған Жанна Арынбекова алдымен ата басылымдардың 500 миллионыншы данасы оқырманмен қауышқандығын ерекше атап, қос газет ұжымын осы бір тарихи сәтімен құттықтап өтті. Одан кейін шара спикерлерін таныстырып, алғашқы сөзді «Өлке тынысы» жауапкершілігі шектеулі серіктістігінің директоры Мейрам Жанәділовке берді.

     — Қос басылым алдағы жылы ғасырлық тойын тойлайды. Оны тарихи оқиға деп есептесек, 500 миллионыншы данасын оқырманға жолдаудың өзі де айтулы сәт емес пе? Бұл біздердің пешенемізге жазылған бақытты кезең. Осы мерейтойға байланысты Журналистер үйі мен «Жастар» спорттық кешені арасында журналистер аллеясын ашу көзделіп отыр, – дей келе ғасырлық тойға қос газет әу бастан дайын екендігін атап өтті.

     Өз кезегінде халықаралық Алаш әдеби сыйлығының иегері, облыстық «Жетісу» газетінің бас редакторы Әміре Әрін сөз алып, газеттің қатпар-қатпар тарихынан сыр суыртпақтап, жылдар бойғы жетістігін паш етті. Сондай-ақ, 100 жылдық мерейтой аясында өтетін дүбірлі шаралар жайлы ақпар берді.

     — Біздің газеттің ақ бастауы 1918 жылдың 21 маусымынан басталады. Ең алдымен бүгінгі күннің биігінен сонау дәуірге көз салуымыз керек. Ақпан төңкерісінен кейінгі дүрбелең басталып, алашапқын шақ орнады. Дәл сол кезеңдерде большевиктер тез арада өздерінің үкімін, насихатын жүргізу үшін ақпарат көзін жеделдетіп, «Жетісу ісші халық мұқбыры» газетін ашты. Газет алғашқы сандарынан бастап халыққа қалыптасқан саяси жағдайды түсіндіріп, таразылайтын мақалаларды басты. Бұл газет шын мәнінде халықтың құқығын қорғады, – деп басылымның ғасырлық тарихын тізбелеп, басшылық еткен қайраткерлерді атап өткен Әміре Әрінұлы келесі кезекті 100 жылдық мерейтой барысында ұйымдастырылатын іс-шараларға тоқталды. – Шын мәнінде бұл біздің және облыс әкімі Амандық Баталовтың пешенесіне жазылған тарихи оқиға. Тарихи тойдан күтеріміз көп. Газеттің тарихы, естеліктер мен қызмет еткен қаламгерлердің шығармашылығы топтастырылған «Ғасыр ғұмыр» атты кітап шығару ең бірінші кезекте. Оған қоса, «100 жылға 100 шара» айдарымен 100 игі шара ұйымдастырамыз. Атап айтсақ, республикалық ақындар айтысы, жыр мүшәйрасы, ардагерлермен кездесу, оқырманмен жүздесу, спорттық турнирлер өтеді. Осы орайда айта кету керек, ұжым 2-3 жылдың ішінде жалынды жастармен толықты. Олардың қай-қайсысы да талантымен көпке таныла бастаған, болашағынан зор үміт күттіретін журналистер. Олардың бірі қазіргі таңда «Егемен Қазақстан» газетінің меншікті тілшісі болып қызмет етуде. Біз жастарды ата басылымда жемісті қызмет етуі үшін баспанамен қамтуды ойластырудамыз. Мұны облыс әкімі Амандық Ғаббасұлының құптары анық. Ғасырлық той қарсаңында екі газет 20 пәтердің кілтіне ие болады деп үміттенеміз.

     «Огни Алатау» газетінің бас редакторы Атсалим Идигов те ғасыр қойнауынан мол мағұлымат ұсынып, аты орысша болғанмен, заты ұлттық құндылықтардан құралған көне басылымның артықшылықтарын сөз етті.

     — Осы уақытқа дейін 42 редактор басшылық етті. Әр жылдары түрлі атаумен оқырманға жол тартқан газет 1964 жылдан бастап «Огин Алатау» атауына ие болды. Басылым орыс тілінде жарық көргенімен атамұра мен ұлттық құндылықтарты құнттап, салт-дәстүрді насихаттап, мемлекеттік тілдің мәртебесін асқақтатуда жемісті еңбек етіп келе жатыр. Өз басым басшы ретінде журналистің қос тілді жетік білгенін талап етемін, – дей келе, өткен ғасырдың небір тарихи оқиғаларын, дүрбелеңін бедерлеген қос басылымның алдағы тойдан күтері мол екендігін жеткізді. Сонымен қатар, «Огни Алатау» газетінің саны 200 мыңға жеткен күні болғандығын айта келіп, екі газеттің «Алтын жұлдыз», «Алтын самұрық» сыйлықтары сынды марапаттарға ие болған басылым екендігін жеткізді.

     Брифингте журналистер тарапынан сұрақтар қойылып, газет басшылары аталған сауалдарға жан-жақтылы жауап берді. Басқосу соңында газеттің 500 миллионыншы данасына басылым басшылары қолтаңба қойып, жас журналистерге үлестірді.

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ.

Қатысты жаңалықтар

Сенімді жеңіс. «Жетісу» төртінші турды сәтті бастады

Сенімді жеңіс. «Жетісу» төртінші турды сәтті бастады

04.03.2026
Жетісу жастары Ата Заңдағы жаңашылдықтарды талқылады

Жетісу жастары Ата Заңдағы жаңашылдықтарды талқылады

04.03.2026
Жаңа Конституция демократиялық жаңғырудың бастауы

Жаңа Конституция демократиялық жаңғырудың бастауы

04.03.2026
Ермұрат Бәпи: «Жаңа Конституция арқылы ескі Қазақстанмен толық қош айтысамыз»

Ермұрат Бәпи: «Жаңа Конституция арқылы ескі Қазақстанмен толық қош айтысамыз»

04.03.2026
Технологиялар әлеміне жасалған қадам

Технологиялар әлеміне жасалған қадам

04.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.