Талдықорған: -2°C
$ 498.09
€ 577.34
₽ 6.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Аграрлық салаға білікті мамандар керек

10.04.2017
КҮЛТӨБЕ
Аграрлық салаға білікті мамандар керек
WhatsAppTelegramFacebook

Кеше облыс әкімі Амандық Баталов Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық университетінде болды. Онда «Қазақ ұлттық аграрлық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің кеңейтілген отырысына қатысты.

Кеңеске қатысушылар ең алдымен университетке қарасты ғылыми-зерттеу орталықтарымен танысты. Атқарылып жатқан жұмыстардың мазмұнына назар аударды. Өркениет талаптарына сай әлемдік жаңалықтарды қалай игеріп,  пайдалануға болады деген сұрақтарға жауап іздеді. Соның бірқатар мысалдарын орталықтарды аралаған кезде көрді. 
Қай кезеңдерде болмасын азық-түлік қауіпсіздігі елдегі басты мәселе. Бүгінгі таңда да солай. Аграрлық саланы модернизациялауға ден қойып, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың білім мен ғылымды реформалауға нақты міндеттер жүктегені сондықтан. Кеңеске қатысушылар Қазақстан-Беларус орталығына көз тоқтатты. Бұл орталықтың жұмыс істеп жатқанына бір жылдан асқан. Осы кезеңде бірқатар нәтижеге қол жеткізді. Студенттер көршілеріміздің озық тәжірибесіне қанығып, осында әкелінген жаңа техникаларды меңгере бастады. 
Делегация мүшелері Қазақ-Жапон инновациялық орталығында да болды. Ғылым-білімді тереңдету жолында екі елдің оқу орындары арасында іскерлік байланыстар орнаған. Соның нәтижесінде зерттеулер мен ізденістерге кең жол ашылған. Жұмыс істеу мүмкіндіктері артқан. Осылардың арқасында биотехнология, нанотехнология, цитология, малдәрігерлік медицина, микробиология, агроинженерия, тағы басқа стратегиялық-технологиялық әдістердің соны үлгілері іске қосылған. 
Ізденістер легі ары қарай да тереңдеп дами береді деген ойдамыз. Көрушілер орталық жұмыстарына қанағаттанарлық бағасын берді.
Бұдан кейін директорлар кеңесі кеңейтілген құрамда жұмысын бастады. Кеңестің басқарма басшысы, аграрлық университеттің ректоры Тілектес Есполов есепті мерзім ішінде атқарылған істерді баяндады. Онда қамтылған басты мәселелер еліміздің агарлық саласын қарқынды, әрі сапалы дамытудың жайларына арналды. Өйткені, қазір республикамыз өз халқын азық-түлікпен қамтамасыз етумен бірге, көрші мемлекеттерге ет, сүт, астық, тағы басқа отандық өнімдерді шығаруды қолға алып отыр. Бұл – ауылшаруашылығы құрылымдарын жаңаша өркендетіп, саланы дамытуға білікті кадрлардың лайықты үлес қосуына мұрындық болу деген сөз. Аталған істе университеттің алатын орны ерекше.
– Есепті мерзім ішінде университет бірқатар табыстарға қол жеткізді. QS рейтінгінің сараптамасы бойынша университет Еуропа мен Орталық Азияның дамыған 200 жоғары оқу орындарының ішінде 86-орынды иеленді. Сондай-ақ ұлттық аккредитация және рейтінгі агенттігінің «Ауылшаруашылығы ғылымын дамыту» көрсеткіші бойынша көш басынан көріндік. Университет ғалымдары өздерінің ізденістерін одан ары тереңдете түсті. Аграрлық салаға қатысты 5 монография, 9 нұсқаулық, 23 патенттік еңбектер жарияланды. Ең бастысы, оның саны мен сапасы бір-біріне сәйкес келіп тұр.
Университет халықаралық деңгейдегі 11 концорциум мен қауымдастыққа мүше. Осындай беделді қоғамдар алдындағы жауапкершілік оқытушылар мен студенттерді ширықтыра түседі. Өткен жылы алыс, жақын шетелден    50 студент, оның ішінде  Корея, Беларус және Ресей мемлекеттерінен келген жастар біздің университетте білімдерін жетілдірді. Айта берсек мұндай мысалдар аз емес, – деді Тілектес Исабайұлы.
Кеңес төрағасы, облыс әкімі Амандық Баталов ауылшаруашылығы бойынша Жетісу өңірінде алға басқан мысалдардың аз еместігіне тоқталды. Аймақта суармалы егістің көлемі бұрынғыдан көбейді. Асыл тұқымды мал өсіретін кешендер бой көтерді. Апорт өсіру жолға қойылып, қант қызылшасы қарқын алды.
– Әрине, ол үшін қыруар қаржы керек екені анық. Сондықтан біз Ислам банкімен бірлесе жұмыс істеп, 34 миллиард теңгені осы салаға бөліп отырмыз. Оның 19 миллиард теңгесі биылғы жылы игерілмек.
Биыл Ақсу қант зауытын іске қосу жұмыстары жүйелі жүріп жатыр. Сондай-ақ жүгері алқабының көлемі 78 мың гектарға жетті. 1 миллионға жуық ірі қара, 4 миллиондай қой-ешкі өрісімізді кеңейтті. Ет өнімдерін шет- елдерге импорттау басты мақсатымызға айналды. Осындай жұмыстарды игеретін, өндіретін, жаңа технологиялардың тілін білетін, әрине, ауылшаруашылық мамандары. Сондықтан біз аграрлық университетпен тығыз байланыстамыз, – деді Амандық Ғаббасұлы.
Сондай-ақ университет жанынан құрылған «Фермерлер жоғары мектебін» де айта кеткеніміз жөн. Шаруа қожалықтары мен басшылары мұнда білімін толықтырады. Жоғары мектепте «Экстеншн» халықаралық моделі бойынша дәріс беріледі. Консалтингтік қызмет көрсетіледі. Бұл жайлардың уақыт талаптарына сай екенін бәрі мақұлдады. Кеңейтілген кеңесте «Байсерке-Агро» ғылыми-өндірістік оқыту орталығының директоры Темірхан Досмұхамбетов сөз сөйлеп, өз ойын ортаға салды.
– Дамыған елдердің ауылшаруашылық мамандарын даярлайтын жоғары оқу орындары практикалық дәрістерге ерекше көңіл бөледі. Соның арқасында сапалы кадрлар көбейеді. Бұл үрдіс Қазақ ұлттық аграрлық университетінде де қалыптаса бастады. Осы бағыттағы батыл бетбұрыстар мені қуантады, – деді ол.
Қазір ауылшаруашылығын жүргізудің кешенді үлгілері ұсынылып отыр. Қожалықтардың кооперативтерге бірігіп, ірілену керектігі күн тәртібіне шықты. Ол құры сөзбен ғана орындалатын жұмыс емес. Сондықтан, аграрлық сала мамандарының арқалайтын жүгі ауырлай түспек. Ендеше, университеттің рөлі биіктемесе, ешқашан төмендемейді.

Болат МӘЖИТ

 

Қатысты жаңалықтар

47 секундта үш гол салды

47 секундта үш гол салды

03.03.2026
Ақхалатты абзал жандарға алғыс

Ақхалатты абзал жандарға алғыс

03.03.2026
Мәулен Әшімбаев: «Жаңа Конституция – Президенттің елді жүйелі жаңғырту бағдарының тарихи кезеңі»

Мәулен Әшімбаев: «Жаңа Конституция – Президенттің елді жүйелі жаңғырту бағдарының тарихи кезеңі»

03.03.2026
Жетісудағы республикалық жолдар 100 пайыз жақсы жағдайда

Жетісудағы республикалық жолдар 100 пайыз жақсы жағдайда

03.03.2026
Жертөледен басталған жол

Жертөледен басталған жол

03.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.