Талдықорған: -2°C
$ 498.09
€ 577.34
₽ 6.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Қайта өңдеу қарқын ала бастады

24.04.2017
КҮЛТӨБЕ
Қайта өңдеу қарқын ала бастады
WhatsAppTelegramFacebook

Біздің елде қайта өңдеу саласы кештеу қолға алынды. Сондықтан бүгінде кенже қалған саланы қайта түлетудің тиімді жолдары қарастырылуда. Сол қатарда отандық бизнесмендердің арқасында бірқатар игілікті жұмыс атқарылуда. Қысқасы, қайта өңдеу саласының тамырына қан жүгіре бастады. Соған орай біз осы жазбамызда өңіріміздегі қатты қалдықтарды қайта өңдеу арқылы қалдықсыз өнім шығарумен айналысатын бірқатар кәсіпорын мен зауыттың мүмкіндігі туралы оқырмандармен бөліскенді жөн көрдік. 

Қайта өңдеу жайлы сөз болғанда алдымен Алакөл ауданындағы балық өңдеумен айналысатын «Рыбпром» және «SAROS» ЖШС көз алдыға келеді. Үшарал «Рыбпромда» балықтың таза сүбесін шығаратын және балық етінен дайындалатын жартылай фабрикаттар, өңдеуден өткеннен кейінгі балық қалдығынан азықтық ұнтақ шығаратын үш цех тұрақты жұмыс істеуді бастаған. Сәтті басталған сол жұмыс жылдар бойы өзіндік жемісін беріп, өндіріс заман талабына сай жабдықталып, Қазақстан балық шаруашылығы саласында өзіндік орнын ала бастапты. Мұнда өндірілген балық өнімдерін Германия, Франция, Голландия, Канада елдеріне сату құқын алған. Аталған өндірістің екінші зауыты Балқаш ауданы, Құйған ауылында болса, үшінші зауыты Өскемен қаласында жұмысын жүргізуде. Тағы бір баса айтар жетістік, осынау өндіріс орнындағы қалдықтар сол маңдағы зауыттарға жөнелтіліп, ұнтаққа айналдырылады. Осы азықтық ұнтаққа Өскемен, Семей, Павлодар қалалары мен облысымыздың бірнеше ауданындағы құс фабрикаларынан үзіліссіз сұраныс түсіп отырады. 
Өндіріс орнында 1 автоматты тазалағыш машина, 3 механикалық тазалағыш машина, сүбе дайындайтын үстел, балықтарды қозғауға арналған механикалық арба, 7 тоңазытқыш, 1 – ГП, 3 мұздату камерасы, шикізатқа арналған 2 мұздатқыш камерасы және 1 контейнер бар. Жобалық және нақтылы қуаты бойынша күніне        5 тонна өнім шығарады. Бұл жұмысты 125 адам атқарады.  Жыл сайын өндіріс ауқымын кеңейте түскен кәсіпорын балық қорын көбейту мақсатымен Бесағаш ауылынан балық уылдырығын өндіретін цех ашқан. Онда дайындалған уылдырық көлге шашылып, балық санын арттыруға сеп болуда. 
Есік қаласында орналасқан «Электрокабель зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің электр-техникалық өнімдері нарықта ерекше сұранысқа ие. Зауыт жылына 1000 километрге жуық кабель шығарады. Өнімдері еліміздің барлық аймағын қамтамасыз етіп отыр. Сонымен қатар, Алматыдағы бірнеше қосалқы стансы зауыт шығарған материалдарымен жарақталған. Солардың бірі – «Медеу» мен «Шымбұлақтағы» электр жүйелері. 
Айта кетерлігі, кәсіпорында өнімнің сапасын бақылайтын арнайы лаборатория жұмыс істейді. Мұнда алюминий сымының диаметрін штангенциркуль арқылы өлшейді екен. Оның мөлшері қондырғыда дайындалған мөлшермен сай болуы керек. Одан кейін кептіру мен суытуға арналған жабдықтарда ыстыққа, суыққа төзімділігін анықтайды. Сосын арнайы тартқышпен алюминий сымын керіп тартады. Электр өнімдеріне қажетті шикізаттардың бәрі бұрын шетелдерден тасымалданыпты. Ал, қазір алюминий Павлодар облысынан әкелінеді екен. Мұның өзі зауыттың шығынын азайтып, уақытын үнемдеуге өз септігін тигізіп отыр.
 Қарасай ауданындағы «СТМС – С.К.» компаниясы полимер құбырлары мен оған қажетті бөлшектер шығаратын зауыт ашып, өнімдерін Қазақстан нарығына шығара бастады.  Мұнда алғашында немістің озық технологиясын пайдалана отырып, диаметрі 120 мм.-ге дейінгі полимер құбырларын шығару жолға қойылған. Бұл жұмысты игергеннен кейін соңғы үлгідегі еуропалық қондырғылар жеткізіліп, енді диаметрі 630 мм. болатын құбырлар жасалына бастапты.  Июге, созуға көнетін, сыртқы әсерге бола бірден сынып кетпейтін бұл өнімдер әсіресе біздің өлке сияқты сейсмикалық қауіпті аймаққа өте тиімді. Пластиктен жасалған құбырлардың коррозияға ұшырамайтынын, тозбайтынын, су мен ауа ықпалынан шірімейтінін, пайдалануда өте қарапайым екенін ескерсек, оның артықшылығы көп. Мұндай құбырдың пайдалану мерзімі 50 жылға жуықтайды. Егер темір құбырлар жоғары кернеулі электр желілерінің жанында тез бүлінетін болса, полимер өнімдері оның әсерін елемейді. Темірге қарағанда әлдеқайда жеңіл болғандықтан полимер құбырын тасымалдау, тиеп-түсірудің де арзан болатыны түсінікті. Оларды бір-біріне жалғап, қалаған жеріңнен кесіп, қосымша тармақ шығаруда да ешқандай қиындық тудырмайды. Ең ақыры, жыл өткен сайын құбырлардың ішкі қабырғасы жылтырап, өткізу қабілеті де арта түседі дейді мамандар.
Бүгіндері полимер құбырлар ауызсу желісімен бірге кәріз жүйесінде де кеңінен пайдаланылуда. Сонымен бірге жылу жүйелерін жүргізуде таптырмайтын құрал болып табылады. Соңғы жылдары көптеген үйлер еден арқылы жылытылады. Осыған байланысты кәсіпорын жуырда пластмасса пен металл қоспасынан жасалатын «Pert» маркалы арнайы құбыр шығаруды жолға қойды. Бұл металлопластик құбырлар суық пен ыстыққа төзімді, қалай исең де көнетін әрі жоғары қысымға төтеп бере алатын болғандықтан су желілері мен жылу жүйесінде кеңінен пайдаланылуда. 
Ақсу ауданы Суықсай ауылындағы «Жетісу – Гранит» ЖШС «Даму – өндіріс-2» бағдарламасы бойынша Қапал өңіріндегі гранит кен қазба орнын әзірлеу және өнім өндіру мақсатында 256 млн. теңге несие алып, кен барлау, анықтау жұмысын жүргізіп, өткен жылдан бастап гранит блоктарын өндіре бастады.  Қазіргі жұмыс ауқымы да ойдағыдай. «Олар «Экспо – 2017» нысандарын салу үшін «АБК Кұрылыс» ЖШС-ін құрылысқа қажетті гранит бұйымдарымен қамтамасыз ету туралы келісімшарт жасасқан.  Қазірде мұнда жұмыс істеп жүрген 60-қа жуық адамның бәрі сол өңірдің тұрғындары екен. Жұмысшылар жатақханасының өзінде қаладағыдай жағдай жасалған.  Сонымен қатар, «Жетісу – Гранит» ЖШС жобалық құны 1 млрд. 800 млн. теңге болатын гранит өңдейтін зауыт салып, өңірлік даму картасына ену үшін тиісті құжаттарын облыстық кәсіпкерлік және инновациялық-индустриялық даму басқармасына өткізіпті. Егер жоба бекітіліп, тиісті қаржы бөлінсе, Суықсай ауылынан 100-ге жуық адамды жұмыспен қамтитын ірі өндіріс орны бой көтермек. Онда тасты қажетке жаратудың қалыпты үрдісі қалыптасады деген сөз. Сондай-ақ, олар осы өндіріс орны арқылы бұрын керекке жаратылып, кейін сүріліп тасталған гранит блоктарды қайта өңдеуден өткізіп, тұрғындардың қажеттелігіне қайталай жаратпақ. Бұл алдағы күннің еншісінде. Десек те, игілікті бастама көп өтпей жүзеге асса, полигондарға төгілген керексіз тас қалдықтар қайталай кәдеге жаратылатын болады.
Үшқоңыр ауылындағы «Керуен» агрофирма ЖШС жемісті өңдеп, сақтау мақсатында жұмыс істеп келеді.  Оның 2200 тонна өнімді германиялық технология бойынша ұзақ мерзімге сақтай алатын заманауи жеміс-жидек қоймасы бар. Кәсіпорын австралиялық қондырғылардың көмегі арқылы табиғи шырын өндіру мүмкіндігіне қол жеткізді. Ешқандай қант, бояуыш пен қоспасыз сығу арқылы өндірілген шырын балғын қалпында ұзақ уақытқа сақталады. Серіктестікке қарасты ауданда жүз гектарға жуық бау-бақша бар. Онда негізінен алма өсіріледі. Сол жерден жиналған өнім алдымен іріктеліп, сапасы жоғарылары тікелей сауда орындарына жіберіледі. Ал қалғаны өңделеді. Мұны шығынсыз өндіріс деп айтуға болады. Заманауи технологиямен бір сағатта бес жүз литр шырын, жүз елу келі алма тосабы өндіріледі. Дәмі тіл үйіретін «ECO JUICE» шырыны алдағы уақытта тек елімізде ғана емес, сондай-ақ, шетелдерге де экспортталып, саудаланбақ. 
Талдықорған қаласындағы «ST BEST» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі экономиканың басымдық берілген саладағы өңдеуші өнеркәсіп болып табылады. Компания негізінен тас, мақта, жылу және дауыс оқшаулау минералды жылытқышы, тау жыныстарынан балқып атқылаған кеннен жасалған базальт тобын шығарады. Бұл мақта 1000 градусқа дейін шыдайтын, жанбайтын материал. Оны қабырға, қалқа, еден, шатыр асты, жабдықтар мен құбыржолдарды оқшаулау кезінде кеңінен пайдаланады. Компания П-35, П-50, П-75, ПЖ-100 маркалы әртүрлі тығыздықтағы төрт түрлі минералды плиталар шығарады. Негізгі өндірістік шикізат базальт және металлургиялық шлак болып табылады. Желімдеу үшін фенолформальдегидті шайыр пайдаланылады. Еру шикізаты кокс және көмір көмегімен жүзеге асырылады. Жабдықтардың өндірістік қуаты аптасына 855,8 текшеметр, ал айына         3 423,2 текшеметрді құрайды. Осы тұста бұл өндірістің қоршаған ортаға тигізер ықпалының тым төмендігін айта кеткен жөн.
Іле ауданындағы «Компания В» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қағаз қалдықтарын өңдеумен айналысуда. Зауытта тәулігіне 20 тонна, айына 750 тоннадан астам қағаз өңделеді. Қалдық негізінен Алматы қаласы және облыс аумағынан жинап әкелінеді. Кәсіпорынның жұмыс істеп келе жатқанына он бес жылға жуықтапты. Содан бері талай істің басын қайырып үлгерген өндіріс ұжымының бүгінгі тірлігі жаман емес. Оған қоршаған ортаны ластанудан сақтап, экологиялық жағдайды жақсартуға үлес қосып отырғандары дәлел. Кейбір мәліметтерге сүйенсек, егер бір тонна қағаз қайта өңдеуден өтсе, он алты ағаш сақталатын көрінеді. Сондай-ақ, бұл жұмыс ағаш өңдеуге қарағанда қуат жағынан үнемді әрі экологиялық тұрғыдан тиімді өндіріс болып табылады. 
Қапшағай қаласындағы «Агат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қыш бұйымдарын өндірумен танымал.  Бұл жерде жарты литрлік кішкене ыдыстан бастап, гүлзарларды безендіретін бұйымдарға дейін табылады. Ал өнімге қажетті шикізатты қала маңындағы арнайы орыннан алады. Қышшебері қолынан шыққан заттар алдымен кептіріледі. Оған көлеміне қарай екі апта немесе одан да көп уақыт қажет. Әбден кепкендерін ыстық пешке салады да, шыққаннан соң сыртын бояйды, өрнектейді, жылтыратады. Сөйтіп, дайын болғанға дейін бірнеше кезеңнен өтеді. Бір ерекшелігі – бәрі қол еңбегімен атқарылады. Сөрелердегі өзіндік нақыш, жоғары сапамен жасалған құмыралар мен кәдесыйлар, гүл отырғызатын және тұрмыста қолданылатын ыдыстар өз ерекшелігімен менмұндалап тұр. Әсіресе, ұлттық нақышта безендірілген дүниелер таңғажайып өнер әлемін паш етіп тұрғандай. Өрнектердің дені ыдыс сыртына айналдыра салынған. Ішінара өсімдіктер мен жануарлардың, неше түрлі гүлдердің суретін аңғаруға болады. Бір сөзбен айтқанда, ұлттық ерекшелікті даралап, көңілге ой салатын дүниелердің сан түрі бар мұнда. 
 Қаратал ауданындағы «Үштөбе-Айдын» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Бүгінде толық қуатында жұмыс істеп тұрған зауытта жылына алты мың тонна, ал күніне он бес тоннаға дейін сүт өнімдері өндіріледі. Мұнда сүт, сары май, сыр, айран, сүзбе, кілегей, қатық секілді өнім түрлері әзірленеді. Сүтті жақын маңдағы ауылдар мен аудандардан сатып алады. Өнімдерінің дәмділігі мен сапасы жағынан тұтынушылар көңілінен шығып, жүрегін жаулап та үлгерген. Зауыттың тағы бір ерекшелігі, елімізде алғашқылардың бірі болып «Ақылды тағамдар» өндірісін, яғни йодталған белокпен құнарланған сүт өнімдерінің өндірісін жолға қойып, халыққа ұсынып отыр. Дайын өнімдер арнайы зертханада тексеруден өткізіліп, сапасы қадағаланады. Бұдан соң қапталып, тиісті орындарға жөнелтіледі. 
Өңделетін шикізат сүт өндірумен айналысатын жақын маңдағы елді мекендерден және шаруа қожалықтарынан тасымалданады. Қысқасы, зауыт малшы қауымның өндірген шикізатын қайталай өңдеу арқылы ел игілігіне жаратумен әйгілі. Осы ұмтылысы арқылы нәпақасын малдан айырып отырған қауымның дайын шикізатты далаға төкпей, ел кәдесіне жаратқанымен де жұрт ықыласына бөленуде.

Қуаты артты

Өндірісі өркен жайған Талғар ауданында отандық өнім өндіретін кәсіпорындардағы қайта өңдеу ісі ілгерілеп келеді. Белбұлақ ауылдық округінен орын тепкен сондай кәсіпорынның бірі «Артпрайм Қазақстан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің іске қосылғанына екінші жылға аяқ басты.

«Кәсібіне қарай – нәсібі» демекші, нарықтық экономикада тыңнан түрен салғандай тұрмысқа қажетті бұйымдар шығару жолында тыным таппай ізденген кәсіпорын жетекшілерінің осы қысқа мерзімде жеткен жетістігі аз емес. Діттеген мақсатқа жету – нарық заңдылығы. Жаңа бастаманың жан-жақтылығын сараптап, елеп-екшеп, ерінбей еңбектенгенде ғана оң нәтижеге қол жеткізуге болады. Осы тұрғыда «Артпрайм Қазақстан» серіктестігі тротуарларға төсейтін резіңке плиткалар шығарумен түбегейлі айналысуда. Жаңа кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы жылына 40 мың шаршыметр резіңке төсеніш өндіруді көздесе, әзірге оның үштен бір бөлігі жүзеге асып отыр. Бірер жылда 40-қа жуық адамды еңбекпен қамтыған аталған кәсіпорынның тауарларына сұраныс артуда.
– Бұл резіңке төсеніштерге пайдаланылатын қоспаларды көршілес елдерден, атап айтсақ, арнайы Ресейден алдырамыз. Кәдімгі көліктердің жарамсыз боп қалған ескі дөңгелектерін ұнтақтап, соны қайта престеу арқылы жасалатын резіңке төсеніштер балабақшалар мен спорттық ойын алаңдарына, аулаларға төсеуге өте ыңғайлы. Себебі, жұмсақ боп жасалатын бұл төсеніштер бала денесін жарақаттан сақтайды. Экологиялық қауіпсіз екендігі де ескеріліп, сұраныс артып келеді, – дейді аталған серіктестіктің директоры Диас Байтуғанов.
 Аталған кәсіпорын шығаратын резіңке төсеніштер барлық технологиялық талаптарға сай келетін Қазақстанның құрылыс саласындағы жаңа өнім. Тротуарға төсейтін резіңке плиткаларды қалпына келтіру өте оңай әрі ыңғайлы. Бұл бұйымдарды өндіру жұмыстары жартылай автоматтандырылған жаңа технологиялар негізінде жүзеге асырылады. Мұндағы еңбек адамдарының қалыпты әрі тұрақты жұмыс істеуіне бар жағдай жасалғандығы қуантады. Әсіресе, Белбұлақ, Бірлік ауылдарының тұрғындары үшін жаңа жұмыс орнының ашылуы зор жетістік. 
 Міне, қарапайым ғана отандық өнім өндіретін кәсіпорынның бұл тыныс-тіршілігі таңдандырмай қоймайды. Көз тартып, көңіл қуантарлық түрлі түске боялатын резіңке төсеніштерге еліміздің әр түкпірінен тапсырыстар түсуде. Дей тұрсақта, осы төсеніштерді даярлауға қажетті шикізаттың шетелден алынатындығы ойландырады. Себебі, жарамсыз дөңгелектердің біздің елімізде де көп болмаса аз еместігі анық. Ал, әр жерді қоқысқа толтырып, босқа шіріп жататын дөңгелек атаулыны қайта өңдеп, отандық өндірісте кәдеге жаратар болсақ, мұндай кәсіп керегесінің кеңи түсері даусыз. 

Белбұлақ ауылы,
Талғар ауданы.

ӨТЕ ТИІМДІ

Еуропалық, ресейлік және жапондық стандарттармен жұмыс жүргізетін «Қайнар-АКБ» ЖШС өнімінің 70%-ы шетелге экспортталуда. Бір қуанарлығы, зауыт өнімі өткен жылдан бастап Қытай нарығын жаулай бастады. Демек, бұл осыған дейін Қытай кәсіпорындарымен бәсекелесуге қауқарсыз болып келген отандық өндірістің жаңа дәуірге қадам басқанын әйгіледі. Сонымен қатар, өндіріс орны еуропалық нарыққа батарея сатуда Польшамен келісімге келудің жолдарын қарастыруда. 

Әрине, «Қайнар-АКБ» ЖШС бұл деңгейге жайдан-жай жеткен жоқ. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы сан түрлі қиындықты жеңіп, нарық бәсекесіндегі аумалы-төкпелі жағдайды бастан өткерді. Соның бәрін төзімділікпен жеңген кәсіпорын өңірдің өндірістік айнасына айналып отыр. Тіпті, аталмыш зауыт көне аккумуляторларды қайта өңдеу арқылы өнім көлемін арттырып, шығынсыз өнім өндірудің мүмкіндігін дәлелдеген өңірдегі бірден-бір өндіріс орны. Олар қолданыста (қолданылған) жүрген аккумуляторларды механикаландырылған  әдіспен топтастыруды көздейді. Зауытта итальяндық құрылғылармен жабдықталған қайта өңдеу цехы бар. Оның бір  ауысымдағы  өнімділігі сағатына 5 тоннаны құрайды. Цех  ауысымның қажеттілігіне  қарай  жұмыс  істейді,  қазіргі  кезде 7 адам  жұмыспен қамтылған.  Қайта өңдеуге керекті шикізат Қазақстанның әр өңірінен жеткізіледі. Тіпті жақын шетелдегі қолданылмайтын аккумуляторларды да тасымалдап, қайта өңдеу арқылы су жаңа өнім шығарып, экспорттың көлемін арттырып отырады. Таратып айтар болсақ, шикізат алдымен цехтың  қоймасына жиналады. Одан кейін таспалы  конвейерге тиеу  мақсатында дірілдеткіші бар  бункерге  жіберіліп,  ұсақталғаннан  кейін  «Сантамария»  құрылғысына  түсіп,  фракцияларға  бөлшектенеді. Нақтылап айтар болсақ, бір аккумулятор құрамынан 21% электролит, 28% қорғасын сульфаты, 13 %, қорғасын оксиді, 26% металл торлар, 6%  полипропилен,  6% пластик  бөлініп шығады. Сұрыптаудан өткен қорғасын  пастасы,  ылғалдылығы  кем  дегенде 11%,  металл  қорғасын, ылғалдылығы  кем  дегенде 2 %, пешке  қайта балқытуға  жіберіледі.   
 Аталмыш қайта өңдеу цехында 2014 жылы 13.385 тонна, 2015 жылы  11.885 тонна, 2016  жылы   19 тонна, биылғы бірінші тоқсанда 7 538.78 тонна аккумулятор өңделген. Әдетте, қорғасын  паста  және   металдандырылған  фракция  автомобильдерді  өлшейтін  таразыға  өлшеніп,  цехта  дайындау  аймағына  жіберіледі. Мұнда қорғасын қалдықтан арылып,  кокс және кальций  қосылған содадан,  сондай-ақ, темір  жоңқалардан  тазарады. Осыдан кейін 1200 градус температурадағы  пешке  8  сағат балқытылғаннан кейін таза қорғасын алынады. Ол қалыпқа құйылып, қоймаға сақталады. Осы өнімнен жаңа, сапасы ойдағыдай аккумулятор  өндіріледі.  
Бұрынғы жылдары шикізаттың тапшылығынан жылына жарты миллион дана аккумуляторды әзер өндіретін зауыт қайта өңдеу цехы жұмысқа кіріскелі өнімнің сапасы мен санын күрт арттырды. Яғни, өткен жылы 1 миллион 700 мың дана аккумулятор өндірген кәсіпорын биылғы жылы өнім көлемін 2 миллионнан асыруды жоспарлап отыр. 

Айдана ҚалимолданОва,
«Қайнар – АКБ» ЖШС-нің маркетологі.
Талдықорған қаласы. 

ИГІ БАСТАМА

Бүгінде өңір экономикасының дамуына сүбелі үлес қосып жатқан Іле ауданында 20 ірі, 109 шағын өндіріс орны жұмыс істеп келеді. Сол қатарда «ДАНОН БЕРКУТ» ЖШС-ін ерекше атап айтуға болады. Сапалы сүттің жиырмадан астам түрін шығаруға бейімделген өндірістің жылдық қуаттылығы 12000 тоннаны құрайды. 

Балалардың таңсық асына айналған «Данон», «Растишка» иогурттары мен іш кебуінен сақтайтын «Активия» иогуртты шырындары жасалатын алып зауыт алыстан менмұндалайды.  Зауыт қызметкері Надежда Сергун зауыт ішін аралатса, мұндағы технологияның құпиясы мен қыруар еңбектің сырларын өндіріс менеджері грек жігіті Софереди Константин әңгімелеп берді. 
Франция технологиясы бойынша сертификатталған «АйСО 22000» құрылғысы қадағалау жүйелерімен қамтамасыз етеді. Сүттің майлылығына бөлініп, сепаратор арқылы 78 градуста ең ұсақ деген микробтардан тазаланып, пастерленіп барлық процестен өткен күндегі 30 тонналық ыдыстың ішіндегі сүт иогуртқа айналады. Құрамына қант, дәрумендер, ақуыздың құнарлылығын арттыратын құрғақ сүттер қосылып, лабораторияға жіберіледі. Құрғақ сүттің өзі кәдімгі шикі сүттен жасалады. Құрамындағы заттар анықталған соң 95 градус температурада қыздырылып, пастерленеді. Бұдан соң 36 градуста суытылып, 8 сағат ішінде қалпына келеді. Мінеки, сіз бен біз көптен күткен дәмді иогурт та дайын болды. Иогурттардың арнаулы құтылары да осында жасалады. Арнайы ыдысқа құйылғанға дейін өндірістен жүк көлігіне, көліктен дүкендерге дейін таратылым процесінде 4 градус суық температурада сақталады. Ал, негізінен сақталу мерзімі 30 – 35 күнді құрайды.
Соңғы жылдары өндірісте түрлі дәммен, түрлі қасиеттерімен иогурт өнімдері шығарылуда. Әсіресе  денсаулыққа пайдалы өнімдер тұтынушылардың басты назарында. Дәмі тіл үйіретін аталмыш өнімнің қолжетімділігі де маңызды фактор. Зауыт директоры Сергей Цапаевпен әңгіме барысында бұған дейін 14 мың тонна өнім шығаруға толық дайын зауыттың алдағы уақытта өнім көлемін 24 мың тоннаға дейін жеткізуді жоспарлап отырғанын білдік. Демек, сүт өнімдерін қайта өңдеу саласындағы көшбасшы компания осы жетістігі арқылы далаға төгіліп, табиғатқа зиян салатын көптеген шикізаттың жұрт қолына табысты өнім болып жетуіне сеп бола бермек. 

М. МЫСА.
Іле ауданы.

Бұл жоба Еуропалық Одақтың қолдауымен әзірленген. Басылымның мазмұны автордың жауапкершілігіне жатады және Еуропалық Одақтың көзқарасын білдірмейді.

Қажет Андас

 

 

Қатысты жаңалықтар

47 секундта үш гол салды

47 секундта үш гол салды

03.03.2026
Ақхалатты абзал жандарға алғыс

Ақхалатты абзал жандарға алғыс

03.03.2026
Мәулен Әшімбаев: «Жаңа Конституция – Президенттің елді жүйелі жаңғырту бағдарының тарихи кезеңі»

Мәулен Әшімбаев: «Жаңа Конституция – Президенттің елді жүйелі жаңғырту бағдарының тарихи кезеңі»

03.03.2026
Жетісудағы республикалық жолдар 100 пайыз жақсы жағдайда

Жетісудағы республикалық жолдар 100 пайыз жақсы жағдайда

03.03.2026
Жертөледен басталған жол

Жертөледен басталған жол

03.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.