Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл қаладағы Бірлік шағын ауданының 6/3- 6, 7, 9, 13, 15, 16, 17, 19, 26, 27 үйдің тұрғындарымен кездесті, — деп хабарлайды 7su.kz желілік басылымы.
Кездесу барысында тұрғындар қала әкіміне ағымдағы мәселелерді айтып, сұрақтарын қойды.
Ернат Дүйсенбекұлы тұрғындардың барлық сұрақтарын тыңдап, жауап беріп, сонымен қатар кемшіліктерді жою туралы тиісті мамандарға нақты мерзіммен тапсырмалар жүктеді.
Тұрғындар тарапынан инженерлік жүйе және ауланы абаттандыру бойынша көп айтылды.





