Талдықорған: +1°C
$ 501.02
€ 597.27
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

«Әлі бүлінбеген». Бірақ…

19.01.2026
КҮЛТӨБЕ, КҮНДЕРЕК
«Әлі бүлінбеген». Бірақ…

7-su.kz/Serik Kantayev

WhatsAppTelegramFacebook

Ел аралап, жер көріп, табиғат ұсынған ғажапты тамашалап ләззат алудың жөні бөлек. Еліміздің әр өңірі бір-біріне ұқсамайтын сұлулыққа ие. Мемлекетіміз туризмді тура жолға қойып, оны өркендетудің барлық жағдайын қарастырып жатыр. Президент кейінгі үндеулерінде үнемі ескертіп, туризмді дамыту ісін жоғарғы деңгейге жеткізу керектігін қадап айтып келеді.

Балқашқа, Алакөлге баратын жол жөнделіп, келіп-кетушілерге барлық жағдай қарастырылған. Алакөл ауданы әкімдігінің ақпаратынша (2025 жыл, шілде) кейінгі үш жылда келген туристер саны 4,8 миллионға жуық адам болса, оларға 29,4 миллиард теңгенің қызметі көрсетілген. Былтыр 51 жұмыс орны ашылып, 17 туристік нысан іске қосылып, 2,4 миллиард теңге инвестиция тартылды.

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте (2025 жыл, желтоқсан) есеп берген Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев:

—Жыл сайын өңірге 2 миллионнан астам турист келеді. Олардың келіп-кетуіне және демалуына қолайлы жағдай жасау — басты міндеттің бірі. Биыл жаңа «Ақши-Бескөл» электр желісі және қосалқы станциясы іске қосылды. Жағалауды нығайту бөгеттерінің және кәріз тазарту құрылғысының құрылысы жүргізілуде. Балқаш көлінің жағалауына дейін жол, сумен жабдықтау, су бұру, электр желілері жеткізілді. Көл жағалауында 6 коммуналдық жағажай қарастырылған, оның 3-уінде құрылыс басталды. Енді жағалауды абаттандырып, жеке инвесторларды тартып, демалыс аймақтарын салу міндеті тұр. Сондай-ақ, Лепсі станциясында жаңа теміржол вокзалының құрылысы басталып, келер жылы қолданысқа беріледі, -деді. Ал экологиялық туризмді дамыту мақсатында «Алтынемел» және «Жоңғар Алатауы» ұлттық парк аумақтарында визит-орталықтар ашылды. Жасылкөл көліне және Шоқан Уәлиханов мемориалдық мұражайына апаратын жолдар жөнделді. «Бұрқанбұлақ» сарқырамасы жолының құрылысы басталды.

Жетісудағы туристерге жағдай толық жасалып, нысандар ашылып, жол жөнделіп жатқанда Шығыстағы әріптесіміз Мерей Қайнарұлы дабыл қақты (2025 жыл, шілде). Ол өз жазбасында: «Туризмнің жөні осы екен деп, халықты топырлата беруге болмайды. Топырлатқан екенсің, қатаң шектеу керек. Жолдың бойын айтпай-ақ қойдым. Алтайдың төрі -Рахман күресінге айналды. Келген кейбір қонақтар «асыңды ішіп, итаяғыңды теуіп кетіп» отыр, Ұлттық парк жігіттері «мусоровоз» болып кеттік дейді. Айтуға оңай шығар. Десе де, мынадай қысыр ұсыныс бар: Турист Берелге дейін барсын. Сол жерде көлігін қаңтарып, ас-суларын ішсін. Одан әрі арнайы көліктер бір ізбен Рахманға, Қаракөлге апарып келсін. Оның жүйесін заң аясында әкімдік пе, Ұлттық парк пе қарастыруы керек»,-деді. Біз осы бір жазбаны назарға ала отырып,  тиісті жұмыстар жүргізуміз керек. Өзіміздеде сабақ алар оқиға аз емес. Қапалда ізі қалған әлемге әйгілі саяхатшылар Шоқан Уәлиханов, Петр Семенов Тянь-Шаньский, Томас Аткинсон өз еңбектерінде Тамшыбұлақты тамсана жазды. Алайда бертін келе Тамшыбұлақ су көздеріндегі мүктерді емге пайдалану мақсатында арнайы барып, тамырымен жұлып әкетіп, топырағымен қоса қазып алатын жағдай кездесті. Мүгі тоналып, жалаңаштанып қалған жерлерді көресің. Көргенде еріксіз қынжыласың.

«Жетісу» волейбол клубының бас бапкері Марко Гршич жаттығуымен жарыстан қолы босаса Талдықорғанның айналасындағы тамаша жерлерге барып, Алматыдағы Шымбұлақты көріп, жол-жөнекей тарихи жерлердің сырына үңіліп, әр барған жерінен естелік үшін фотоға түсіп алады.  Марко өз сөзінде:

-Жол жүрген сайын айналама қарап, сан сұлулыққа тамсанып отырамын. Шыны керек, Қазақстандағы табиғат әлі бүлінбеген. Қалай жаратылды, солай сақталып келеді. Енді одан әрі сақтаудың жолын қарастыру керек. Әлеуметтік желілерден табиғаттың керемет фотоларын жиі жолықтырамын. Уақыт тауып барғым келеді, -дейді.

Рас, серб жаттықтырушысының сөзінде жан бар. Туристік бағытты дамыту үшін табиғатты да аялап ұстап, күтіп-баптап, үнемі қадағалап отыруға тиіс. Жол-жөнекей қоқыс тастайтын орындармен түрлі қажетті нысандар бойы көтеріп, тазалықты басты назарда ұстау керек. Әлі бүлінбеген табиғатты қолымызбен бүлдіріп алмайық. Ол үшін тиісті жоспар құрып, сол бойынша жұмыс істеу қажет.

Серік ҚАНТАЙ

Қатысты жаңалықтар

Әке беделі неге төмендеді?

Әке беделі неге төмендеді?

02.02.2026
Әскери оқу орындарға құжат тапсыру толықтай цифрлық форматқа көшті

Әскери оқу орындарға құжат тапсыру толықтай цифрлық форматқа көшті

02.02.2026
Енді 60 жастан асқан азаматтар пойызда арзан билетпен жүре алады

Енді 60 жастан асқан азаматтар пойызда арзан билетпен жүре алады

02.02.2026
Жетісу облысында алаяқтықпен айналысқан call-орталық анықталды

Жетісу облысында алаяқтықпен айналысқан call-орталық анықталды

02.02.2026
Қазақ тілі – Ата заңдағы негізгі құндылық

Қазақ тілі – Ата заңдағы негізгі құндылық

02.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.