Талдықорған: +34°C
$ 472.03
€ 540.29
₽ 6.11
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

АЛМАСТЫҢ АЛҒАШҚЫ КӨРМЕСІ

10.08.2019
КҮЛТӨБЕ
АЛМАСТЫҢ АЛҒАШҚЫ КӨРМЕСІ
WhatsAppTelegramFacebook

Бейнелеу өнерінде өзіндік қолтаңбасымен дараланып, өнерсүйер қауымның қошеметіне бөленіп жүрген жас дарындар аз емес. Солардың қатарында жетісулық қылқалам шебері Алмас НҰРҒОЖАЕВ та бар. Жуырда суретші тұңғыш рет өзінің «DEBUT» атты шығармашылық көрмесін өткізді. Алматыдағы Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейі залына қойылған картиналары көпшіліктің назарына ұсынылды.


Алмас Кеген ауылында туып, өскен. Орта мектепті бітіргеннен кейін О. Таңсықбаев атындағы сәндік-қолданбалы өнер колледжінде оқыған. Суретшілік жолды жалғастырған ол Т. Жүргенов атындағы Ұлттық өнер академиясын тамамдады. Осы оқу орнының магистранты атанды. ҚР Суретшілер одағының мүшесі. Қазір өзі бір кездерде білім алған сәндік-қолданбалы өнер колледжінде оқытушылық қызметте.

Көрменің ашылу салтанатында сөз сөйлеген  Ә. Қастеев атындағы өнер музейі директорының орынбасары, ҚР Мәдениет қайраткері Алтынжан Хожамұратова Алмастың алғашқы көрмесінің дәл осы музейде ашылғанын жақсы ырымға балады. Ал суретшінің ұстаздары – Игілік Құлбаев, Өмірбек Жұбаниязов және Жұмақын Қайрамбаевтар шәкіртінің болашағына зор сенім артты.

– Алмас тынымсыз ізденеді. Бұл – жақсы қасиет. Өйткені «Іздену түбі – інжу». Өнер адамына керегі де осы. Ол бұл көрмеге үлкен дайындықпен келді. Осыған дейін Алмас көптеген өнер жарыстарында топ жарды. Мәселен, өткен жылы ІХ республикалық «Тәуелсіздік толғауы» атты байқауда «Ең үздік көркемсурет туындысы» номинациясы бойынша бірінші орынды жеңіп алды. Халықаралық Жастар фестивалінде де оның туындысы үздік деп танылды. Бүгінгі ашылған көрме суретші еңбектерінің нәтижесі. Мен шәкіртімнің болашағынан үлкен үміт күтемін, – деді ҚР еңбек сіңірген қайраткері, белгілі қылқалам шебері Жұмақын Қайрамбаев.

Көрмеде суретшінің әкесі Төлеген Нұрғожаев ағамызды кездестірдік. Ол кісі де кәсіби суретші екен. Кезінде Алматыдағы Гоголь атындағы көркемсурет училищесінде білім алыпты. Кейіннен ұлағатты ұстаз атанған. Қазір зейнеткерлік демалыста. Алмастың бейнелеу өнеріне деген қызығушылығына әкесінің ықпалы аз болмаған тәрізді.

– Балам суретке кішкентай кезінен әуес болды. Оның әр қадамы әлі көз алдымда. Келе-келе сол сүйіспеншілік оның өмірлік жолын айқындады. Суретшілікке біржолата бет бұрды. Мен оған қуанбасам, ешқашан өкінбеймін. Өйткені, өнер әлемі – таза әлем. Жан сарайыңды байытып, рухани кемелдікке баулиды, – дейді суретшінің әкесі Төлеген Нұрғожаев. 

Экспозицияға автордың соңғы екі жылда орындалған үлкен форматтағы 15 кескіндемелік туындылары қойылыпты. Көрермендер әр картинаға ден қойып қарап, оның ішкі мазмұнына жіті үңілді. 

– Суретші тақырыптарының желісі кең. Оның ішкі штрихтарынан әке мен бала, махаббат пен сүйіспеншілік, қоғамдағы өзекті мәселелер, сондай-ақ адам және оның өмірмен байланысы, өзімен күресі айқын аңғарылады. Бұл бейнелердің әрқайсысы ғаламдық көзқарастармен ұштасқан. Яғни, суретші сыртқы ортаны тұрмыстық суреттеуден гөрі ол жайында философиялық ой айтуға талпынады, – дейді өнертанушы Самал Мамытова.

Алмастың суреттері көрушілерді бейжай қалдырмады. Ойландырады, толғандырады. Мәселен, «Жаңа әуен» картинасына назар салып көрейік. Картина кейіпкері ретінде қобыз ұстаған жас күйші бейнеленген. Қобыз – Қорқыт атамыздан келе жатқан киелі музыкалық аспап. Осы күнге дейін өзінің құндылығын жоймаған асыл жәдігер. Өйткені оның үнінде ұлттың рухани коды сақталған. 

«Қызыл кітап», «Диалог», «Әке қанаты», «Ауыз бекіту», «Сырласу», «Келісім алдында» сынды картиналары да ішкі тереңдігімен ерекшеленеді. Суретшінің туындылары көрушілерді арман-ойға жетелеп отырды.

– Ең алдымен жеке көрмемнің өтуіне қолдау білдірген Ә. Қастеев атындағы өнер музейі ұжымына айтар алғысым шексіз. Менің осы дәрежеге жеткенім ата-анамның және өзіме тәлім-тәрбие берген ұстаздарымның арқасы. Әрине, халық алдында есеп беру оңай емес. Көрмеге он бес картина ғана алып келгенім сондықтан. Өйткені, санға емес, сапаға көп көңіл бөлдім, – дейді көрме авторы Алмас Нұрғожаев.

Жас дарынның алдында әлі талай асулар тұр. Суретші ол биіктерді де бағындырады. Біз Алмастың көрмесінен осыны анық аңғардық.

Болат МӘЖИТ 
 

Қатысты жаңалықтар

Президент жаңа Жарлыққа қол қойды

Президент жаңа Жарлыққа қол қойды

06.07.2026
Әскери бөлімнің 85 жылдығы тойланды

Әскери бөлімнің 85 жылдығы тойланды

06.07.2026
Қазақстан Халық партиясының Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының күшіне енуіне байланысты мәлімдемесі

Ұлттық бірліктің өзегі

06.07.2026
Қиқымы жерде жатпаған

Қиқымы жерде жатпаған

06.07.2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күніне арналған құттықтауы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күніне арналған құттықтауы

06.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.