Талдықорған: 0°C
$ 493.36
€ 572.84
₽ 6.29
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Амандық Баталов: «Cу басқан ауылдарда адам күші мен техника жеткіліксіз»

01.03.2018
КҮЛТӨБЕ
Амандық Баталов: "Cу басқан ауылдарда адам күші мен техника жеткіліксіз"
WhatsAppTelegramFacebook

Күннің күрт жылынуына байланысты қыс бойы жатқан қалың қардың іргесі сетінеп, ауыл-ауылдарды су басу қаупі туындады. Әсіресе, таулы аймақтарда орналасқан бірнеше елді мекен тұрғындары аулаларын қар суынан тазарта алмай әлек. Осыған байланысты Жамбыл ауданында төтенше жағдай жарияланды. Су тасқыны тау баурайындағы Еңбекшіқазақ, Талғар, Қарасай аудандарында да тіркеліп, кейбір тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілген. Облыс әкімі Амандық БАТАЛОВ төтенше жағдайға байланысты кеше Алматымен көршілес жатқан аудандарды аралап, су тасқынынан зардап шегіп отырған ел-жұртпен кездесті.

Алдымен Талғар ауданына ат басын тіреген облыс басшысы Тұздыбастау ауылын аралап көріп, қауіптің алдын алу шараларымен танысты. Талғар ауданында Тұздыбастау, Бесағаш, Панфилов, Қызылту елді мекендерінде бірнеше ауланы су басқан. Тіпті, Тұздыбастау ауылының 1000 тұрғыны қауіпсіз аймаққа көшірілген. Суды сыртқа шығару жұмыстарын көрген облыс әкімі аудан басшыларына төтенше жағдайды алдын алуға байланысты сын-ескертпе айтып, арнайы тапсырма берді.
– Аулаларын су басқан ауылдарда әлі де адам күші мен техника жеткіліксіз болып отыр. Қосымша адам мен техника күшін тартуымыз керек, – деді Амандық Баталов.
Бұдан кейін облыс басшысы Алматының батысындағы Қарасай ауданына келді. Бұл ауданда 82 су басу дерегі тіркелген. Әсіресе, Қырғауылды, Батан, Қаскелең елді мекендерінде бірнеше үйдің ауласын су алып қалған. Облыс әкімі Қаскелең қаласы мен Қырғауылды ауылындағы қауіпке қарсы әрекет ету жұмыстарымен танысты. Сондай-ақ, қар суынан зардап шегіп отырған тұрғындармен кездесіп, келтірілген шығын есептелетінін айтты. Әкіммен тілдескен ел-жұрт айтып келмейтін апатқа бірігіп қана қарсы тұра алатынын алға тартты. «Еш абыржымаңыздар. Ең бірінші мезетте судың бетін қайтарамыз. Одан кейін судан келген шығынды анықтаймыз», – деді  Амандық Ғаббасұлы.
Қазіргі таңда Жамбыл ауданындағы жағдай тұрақталды. Ұзынағаш, Қайназар елді мекендерінде су тасқынын алдын алу шаралары жүргізілді. Төтенше жағдай департаменті өкілдері, ҚР Ұлттық Ұлан сарбаздары су басқан ауылдарда табиғи қауіптің бетін қайтарып, жұмыла еңбек етуде. Облыс әкімінің баспасөз қызметі ұсынған деректерге сүйенсек, төтенше жағдай жарияланған ауылдарға қосымша техника күштері тартылған. «Бірінші кезекте үй аулаларындағы суды сыртқа тасымалдау жұмыстары қолға алынды. Сонымен бірге, уақытша су құбырлары салынып жатыр. Бұл құбырлар ауылдағы суды далалы жерге тасымалдауға арналған», – дейді облыс әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел. 
Үш ауданды аралаған облыс басшысы: «Облыстық комиссия апаттан зардап шеккен үйлердің шығын көлемін анықтайды. Таудағы қар әлі толық ерімегендіктен қосымша құбырлар салынып, алдын алу шаралары жүргізілуде. Бүгінде қауіп жоқ. Бақылау күшейтілді», – деді.  Еске салсақ, кеше Жамбыл ауданында екі ауылдың тұрғындары су тасқынына тап болды. 120 ауланы су басқан еді.

Қуаныш ТҰНҒАТАР

Қатысты жаңалықтар

«Жетісу» басты қарсыласынан басым түсті

«Жетісу» басты қарсыласынан басым түсті

05.03.2026
Бейбіт Исабаев «Жетісу» волейбол ерлер командасының ұжымымен кездесті

Бейбіт Исабаев «Жетісу» волейбол ерлер командасының ұжымымен кездесті

05.03.2026
Экотуризм: Ұлттық парктер мен қонақ үйлер жаңа деңгейге көтерілді

Экотуризм: Ұлттық парктер мен қонақ үйлер жаңа деңгейге көтерілді

05.03.2026
Жетісуда 8 Наурыз қалай тойланады

Жетісуда 8 Наурыз қалай тойланады

05.03.2026
Су тасқынына дайындық: Олжас Бектенов Төтенше жағдайларды жою жөніндегі республикалық жедел штабтың отырысын өткізді

Су тасқынына дайындық: Олжас Бектенов Төтенше жағдайларды жою жөніндегі республикалық жедел штабтың отырысын өткізді

05.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.