Талдықорған: +3°C
$ 493.85
€ 571.78
₽ 6.25
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ҚАП ТАУЫНДАҒЫ БҮЛІК

01.10.2018
КҮЛТӨБЕ
WhatsAppTelegramFacebook

Өткен апта 
көптеген жаңалығымен, бірталай жақсылығымен есте қалды. Соның ішінде көршілес Ресей Федерациясына қарасты Солтүстік Кавказ экономикалық ауданындағы Қабардин-Балқария елінде шыққан ұлтаралық қақтығыс көпшілікті елең еткізді. Бір елдің ішіндегі екі ұлт арасындағы араздық Кенделен ауылы арқылы өтпек болған шеруден шыққан.

Осыдан 310 жыл бұрын Қанжал тауының үстіртінде орын алған соғыс тарихын жаңғырту мақсатында үзеңгіге аяқ салған қабардин жігіттері шағын ауылдың үстінен ат ойнатып өтпек болады. Алайда әлгі ауылда тұратын балқарлар оған қарсылық танытып, атты шерудің ауылдың сыртынан өтуін сұрайды. Осылайша түкке тұрмайтын ерегестен басталған қарсылық республиканың басқа да аймақтарында жалғасып, күллі Ресей Федерациясын алаңдатып отыр. Осыған орай арнайы кіргізілген әскер толқуға шыққандарды таратып, күшпен қудалауда. Күштік құрылымдар белсенділерді қамауға алып, күрежолдың бойында өз ұстанымын дәлелдемек болғандарға оқ атқан. Қабардин-Балқария Республикасының астанасы Нальчик қаласында шеруге үн қоспақ болғандар жауапқа тартылып, түсініктеме беруде. Қазір оқиға басталған Кенделен ауылы қоршауға алынып, ашуға мінген халық сабырға шақырылуда. Оқиғаға орай тергеу комитетінде қылмыстық іс қозғау немесе қозғамау мәселесі талқылануда. Қалай болғанда да Қабардин-Балқария Республикасының халқы бұған дейін болмаған бүлікке тап болып отыр.
Кенделен ауылының тұсындағы Қанжал қыратында 1708 жылы орын алған қанды қырғын Қырым ханы Қаплан-Герей әскері мен қабарда князі Кургоко Атажукин бастаған жергілікті халықтың арасында болған-ды. Қырым хандығының оспадарсыз қылығы мен жосықсыз салығынан зәрезап болған қабарда халқы тұяқ серпіп өлуді жөн көреді. Ханның 35 мыңдық хан әскеріне қарсы тұрып, Қанжал қыратында түн жамыла жүрген соғыс ел тарихындағы ең айтулы оқиға есептеледі. Сол жолы Қырым хандығының бетін қайтарған жергілікті халықты бастаушы князь Кургоко Атажукинге ақын-жыраулар көптеген ерлік жырын  арнайды. Сөйтіп, фольклорлық дастанға айналған батыр көп ұзамай қайтыс болады. Одан соң салық алуды тоқтатпаған татарлар мен ноғайлар қайта шабуылдайды-мыс. Бұл Википедиядан алынған мәлімет. Шындығын бір Алла біледі. Белгілісі, жыл сайын осы оқиға екі ұлттың арасындағы текетіреске себеп болып келеді. Өйткені, балқарлар Қанжал соғысын мүлде болмаған деп есептейді. Соған орай ауыл үстінен атты шерудің өтуіне қарсылық танытуын тоқтатар емес. Осыдан тура 10 жыл бұрын, Қанжал соғысының 300 жылдығына орай дәл осындай қақтығыс орын алған болатын. Екі күнге созылған сол оқиға қабардиндер мен балқарлардың арасын алшақтатып, жастардың жаулық пиғылын асқындырып жіберді.
2010 жылы жүргізілген санақ мәліметтеріне қарағанда, бұл аймақта тұратын халықты құрайтын үш ұлттың бірі – қабардиндердің саны 490 мың, орыстар 193 мың, балқарлар 108 мың адам. Республиканың негізгі ұлты қабардин мен балқарлардың шығу тегі туралы түрлі деректер бар. Тарихшылар қабардиндерді адыгей тармағына жатқызса, балқарларды түріктектес халықтардың қатарына кіргізеді. Өйткені ХХ ғасырдың 20-шы жылдарына дейін ресейліктер балқарларды «түркіленген кавказдықтар» деп атап келген. Олар өздеріне туыс болып келетін қарашайлар секілді қыпшақ тілінде сөйлейді. Бір сөзбен айтқанда, ұлтаралық қақтығыстың тарихы тереңде жатыр. Тағы бір себеп, құнарлы жерге талас. Балқарлар өздеріне тиесілі жерлердің Кеңес одағы кезінде қабардиндерге берілгенін айтады. Оған себеп, 1944 жылы кеңес билігінің балқар халқын Қырғызстан мен Қазақстанға жер аударып, депортациялауы. Сондықтан жерге қатысы бар әрбір әрекет балқарлар үшін жаулықпен тең көрінеді. Әсіресе, бейбіт ауылдың ортасынан ат ойнатып, шауып өту жергілікті халық үшін басқыншылықпен тең. Осыған орай жергілікті полиция қабардин жігіттеріне ауылдың сыртынан өтуді ұсынған. Атты шеруге қатысатын 200 адамның 170-і он жыл бұрынғы қарсылықты ескеріп, сапардан бас тартқанымен қалған жігіттер алған бетінен қайтпайды. Көздеген биік шыңға 17 қыркүйек күні таңертең ауылдың сыртымен жеткен шерушілер сапындағы белсенді жастар қайтарда Кенделен ауылы арқылы өткізуді талап етеді. Салт аттылар Ресей Федерациясының азаматы болғандықтан емін-еркін жүруге құқылы екендігін алға тартқан. Ақырында құзырлы органдардың көмегімен ауыл арқылы өтпек болған аттылар тұрғындардың қарсылығына тап болады. Осылайша шағын ауылдан шыққан шу күллі Қабардин-Балқария Республикасын дүрбелеңге  түсіріп тастады. Нальчик – Тырнауз бағытындағы автокөлік жолы жабылған.
Бүгінгі күннің бұлтартпас шындығы – Қабардин-Балқария деп аталатын шағын бір мемлекеттің өз ішінен бүлікке тап болуы. Құдай ондайдан сақтасын, бір анығы – ұлтаралық саясатта арандатушылар мен отқа май құюшылар көп шығады. Солардың азғыруына тап болған ағайынды елдің келешегі кемел, болашағы берік, шаңырағы биік, керегесі кең болуын тілейік.

Мәди АЛЖАНБАЙ,
“Жетісу”

Қатысты жаңалықтар

«Жетісу» жеңіспен аяқтады

«Жетісу» жеңіспен аяқтады

07.03.2026
Таяу Шығыстағы шиеленіс: Сыртқы істер министрлігі отандастарға үндеу жасады

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Сыртқы істер министрлігі отандастарға үндеу жасады

07.03.2026
Алаш мұрасының темірқазығы

Алаш мұрасының темірқазығы

07.03.2026
Апам ол кезде…

Апам ол кезде…

07.03.2026
Талабы таудай талант

Талабы таудай талант

07.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.