Талдықорған: +2°C
$ 493.36
€ 572.84
₽ 6.29
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

АҚПАРАТ ҒАСЫРЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ

08.12.2016
КҮЛТӨБЕ
АҚПАРАТ ҒАСЫРЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ
WhatsAppTelegramFacebook

Ғаламтордағы ала-құла ақпараттың ақ-қарасын ажыратып, ақиқатын анықтағыңыз келсе журналистерге жүгініңіз. Алыпқашпа әңгімеге әуес кейбір сайттардың сөзіне емес, теледидардың бейнематериалына, радионың үніне, газет-журналдың мақаласына мән берген абзал. Сонда ғана екіұшты сөздің соқтасын, дүдәмал дақпырттың дерегін табасыз. Қашанда халықтың мұңы мен қуанышын арқалап, талабы мен тілегін тілге тиек етіп жүретін журналистер қауымын сейсенбіде облыс әкімі Амандық БАТАЛОВ марапаттады. Жылдағыдай облыстық әкімдікте өтетін мерейлі шара осы жолы жаңадан ашылған «Көктем Grand» қонақүйінің бал залында еркін форматта ұйымдастырылды.

Әлемде ең жоғары лауазым иесі – Президентпен де, министрмен де, қалаберді жайлаудағы шопанмен де тең дәрежеде сұхбат құрып, емін-еркін тілдесетін, көкейдегі сауалын қойып, әр салада әңгімелесе алатын жалғыз мамандық бар. Ол – журналистика. Бұл мамандыққа ешкім кездейсоқ келмейді. Бала жасынан армандап, зор сүйіспеншілікпен өмірлік мақсат қойып жетеді. Мамандығына деген махаббаты шексіз шығармашылық адамдарын облыс әкімі алдымен Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойымен құттықтап, қалам ұстаған қауымның ел игілігі жолындағы еңбегіне сәттілік тіледі.
– Құрметті жиналған қауым! – деді Амандық Ғаббасұлы. – Журналистика – ең керемет мамандықтың бірі. Жыл сайын республикалық, облыстық және аудандық ақпарат құралдары арасында үздік журналистерді анықтау үшін байқау ұйымдастырып келеміз. Биыл Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында 25 үздік тілшіні марапаттағалы отырмыз. Мен сіздердің орталарыңызда тұрғаныма қуаныштымын. Журналистер облыста атқарылып жатқан жұмыстарды халыққа көрсетуде, жазуда, айтуда үлкен еңбек сіңіріп жатыр. Ең бастысы, мені емес, ел игілігі үшін істелген жұмыстардың нәтижелерін көрсете білейік. Сіздер осы атқарылып жатқан игі істердің ішінде, бел ортасында жүрсіздер. Сол үшін сіздерге ризашылығымды білдіремін.
Облыс басшысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тоқталды. Әсіресе, Жетісудың жүрегі атанған Талдықорған қаласының инфрақұрылымын, шағын шаһардың болашақтағы келбетін әңгімеледі. Амандық Ғаббасұлы әр сөзінде Талдықорғанды назардан тыс қалдырған емес. Талдықорған Астана мен Алматыдай ғажап қалаларға қарап бой түзеуін қадағалап отыратын әкім бүгінгі таңда қолға алынып отырған игі істерді жіпке тізді. Таяуда ғана Талдықорғанның төрінен Тұңғыш Президент күніне орай Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мүсіні ашылды. Облыста соңғы күндері 97 балабақша бой көтерді. Оның тоғызы ғана бюджет есебінен салынды. Қалғаны халық ішінен шыққан кәсіпкерлердің қол ұшын созуымен қаланды. Ауылшаруашылық саласында айналдырған бір жылдың ішінде 106 техника сатып алынған.
Облыс басшысы әр сөзінде Алматының ең әдемі әл-Фараби даңғылындай көрікті жолдың Талдықорғанда жоқтығына қынжылушы еді. Бүгінде Амандық Баталовтың бастамасымен Талдықорғанға кіреберіс тұс адам танымастай болып өзгерді. Бір сөзбен айтқанда, Елбасы Есілдің сол жағалауына ғажайып Астананы қалай тұрғызса, облыс әкімі Талдықорғанды солай түрлендіріп отыр. «Талдықорғанда екі көше күрделі жөндеуден өтті. Тәуелсіздік және І. Жансүгіров көшелерімен түнгі Талдықорғанды тамашалаған сәтте кәдімгідей рахаттанамын», – деді облыс басшысы.
Журналистерді марапаттау рәсімінде облыс әкімі Көксу қант зауытының жұмысына тоқталды. Бүгінгі таңда қызылша өнімінің көптігін ескере отырып, Ақсу қант зауытын іске қосуды жылдамдатуымыз тиіс. Амандық Ғаббасұлы сөз арасында облыстағы өндірістің алға басуына «Еуразиялық даму банкі» атсалысатынын, олардың тарапынан келісім хатының келіп қойғанын жеткізді. Алайда облыс өз есебінен Талдықорған мен Текелінің арасын жалғайтын газ құбырының құрылысын жүргізе бермек. Сөйтіп, келешекте Талдықорғанмен бірге Текелі қаласы да көгілдір отынмен қамтылмақ. Сондай-ақ, облыс басшысы болашақта Алматы мен Талдықорған арасын жалғайтын жаңа жолда халықаралық веложарыстар ұйымдастырылып, алдағы уақытта шетелдіктер Жетісудың көрікті табиғатына таңдай қағатынын тілге тиек етті.
Облыс әкімі Амандық Баталовтың журналистерге деген құрметі ерекше. Былтыр ғана «Жетісу» газетінің бас редакторы Әміре Әрін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды бітіріп келген бес жас журналиске пәтер сұрағанда әкім бас тартқан жоқ еді. Міне, айналдырған бір жылдың ішінде соның үшеуі баспаналы болды. Енді алдағы уақытта қалған екі пәтер «Жетісу» газетінің ең жас екі тілшісінің еншісіне тиеді. Бұл ретте облыс әкімі журналистер алдында: «Пәтер әлі де болады», – деп жауап берді. Журналистердің қуанышты сәтіне ортақтаса келген елімізге танымал ақын Қалқаман Сарин лебізін өлең оқумен жеткізді. Ақын алыста қалған балалық шағын сағына жырлап, кешке жиналған шығармашылық адамдарына шалқар шабыт сыйлады.
Биылғы байқауға республикадан, облыс пен аудандағы ақпарат құралдарынан барлығы 114 журналист қатысты. Ұзын-ырғасы 578 мақала, 110 бейнематериал, 94 фотосурет келіп түскен. Жарыс қорытындысы бойынша, 25 үздік журналист анықталып, оларға бірінші дәрежелі диплом табыс етілді. Ал 51 тілшіге екінші және үшінші орындар бұйырды. Жүлделі орындар алған журналистердің барлығы ақшалай сыйлықтарға ие болды. Мерейлі шарада журналистер атынан «Айқын» газетінің облыстағы меншікті тілшісі Болат Абаған мен «Жетісу», «Огни Алатау» газеттерінің журналистері сөз сөйлеп, өңір басшысына рахмет айтты. Сонымен бірге, «Жетісу» газетінің бас редакторы Әміре Әрін сөз алып, облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омарды жаңа қызметімен құттықтады. Бас редактор өз сөзінде «Огни Алатау» басылымының тілшісі Татьяна Демидованы пәтермен қамтамасыз етуге қол ұшын созуды сұрап, Жақсылық Мұқашұлына барша жетісулық журналистер атынан ілтипатын білдірді.

Қуаныш ТҰНҒАТАР

 

Қатысты жаңалықтар

Бейбіт Исабаев «Жетісу» волейбол ерлер командасының ұжымымен кездесті

Бейбіт Исабаев «Жетісу» волейбол ерлер командасының ұжымымен кездесті

05.03.2026
Экотуризм: Ұлттық парктер мен қонақ үйлер жаңа деңгейге көтерілді

Экотуризм: Ұлттық парктер мен қонақ үйлер жаңа деңгейге көтерілді

05.03.2026
Жетісуда 8 Наурыз қалай тойланады

Жетісуда 8 Наурыз қалай тойланады

05.03.2026
Су тасқынына дайындық: Олжас Бектенов Төтенше жағдайларды жою жөніндегі республикалық жедел штабтың отырысын өткізді

Су тасқынына дайындық: Олжас Бектенов Төтенше жағдайларды жою жөніндегі республикалық жедел штабтың отырысын өткізді

05.03.2026
Жерорта теңізіндегі маңызды серіктес: Қазақстан мен Грекия арасындағы диалог нығая түспек

Жерорта теңізіндегі маңызды серіктес: Қазақстан мен Грекия арасындағы диалог нығая түспек

05.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.