Талдықорған: -6°C
$ 497.56
€ 586.92
₽ 6.44
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

АҚПАРАТ ӘЛЕМДІ БАСҚАРАДЫ

02.07.2016
КҮЛТӨБЕ
АҚПАРАТ ӘЛЕМДІ БАСҚАРАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Шешендік өнермен баспасөз бетін шиырлап, ақпарат айдынында үздіксіз қалам сілтеп келе жатқан журналистердің еңбегі қашанда елеулі. Қиындығы мен қызығы мол жаңалық жаршыларын осы аптада облыс әкімі Амандық БАТАЛОВ қабылдап, Байланыс және ақпарат қызметкерлері күнімен құттықтады. Осыған дейін облыстық әкімдіктің залында өтіп келген салтанатты шараның шымылдығы биыл тұңғыш рет І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында түрілді. Сөз тізгінін ұстаған тіл­шілер адамзатты ақиқатқа құрылған ақпаратпен азықтандырып, еліміздің мәдени-рухани өміріне елеулі үлес қосып келеді. Шығармашылықтың қазанында қайнаған публицистика шеберлері қай салада да түрен салып кете беретін әмбебап әрі қоғамдық-саяси өмірде де әу бастан белсенді.

«Қол бастаудан сөз бастау қиын» демекші, журналистика – кез келген адам игере ал­май­тын күрделі мамандық. Себебі, журналистің бірауыз сөзімен дүйім ел ақпараттанып, тарат­қан жаңалықтары қоғамда қоз­ғаушы күшке ие болады. Сон­дықтан, бұл саланың жүгі ауыр, жауапкершілігі зор. Қа­зіргі таңда өлкемізде облыстық те­леарна, 72 газет-журнал, екі-екі­­ден радио, ақпараттық агент­­тік және 5 республикалық телеарнаның қосыны жұмыс істейді. Еліміз тәуелсіздік ал­ғалы бұқаралық ақпарат құ­рал­дары әлемдік журналисти­ка­мен теңесіп, ашық байланысқа шығуға мүмкіндік алды. Бү­гін­гідей ақпарат тасқындаған заманда өзгелерден қалыс қал­май, жылдамдықпен жұмыс істеу – уақыт заңдылығы.

– Журналистика – барлық саланың басын біріктіруші ма­мандық, – деп бастады облыс әкі­мі құттықтау сөзін. – Жыл сайын өздеріңізбен жүздесу қашаннан қалыптасқан жағ­дай. Өңірімізде атқарылып жат­қан барлық істің басы-қа­сында жүріп, оны халыққа уа­қытында жеткізіп келе­сіздер. Адалдықты ту етіп, қаламын серігі еткен журналистердің жанкешті еңбегінің нәти­же­сін­де қоғамда жайдарман жаңа­лықтар көп. Орын алған түрлі оқиғалар да бұқараға тез арада жеткізіледі. Ме­рей­лі мамандықтың иесі болу – кез келгенге жазыла бермейтін бақ. Сондықтан тілшілердің тірлігі ерен, еңбегі елеулі. Біз журналистер қауымын ерек­ше құрмет тұтамыз. Құр­мет­ті қаламгерлер, төл мере­ке­ле­ріңіз құтты болсын! Баста­ры­ңызға амандық тілейміз. Шығармашылықтарыңыз есе­лене берсін.

Облыс әкімі журналистер­ге облыс орталығынан аумағы 8360 шаршы метрді құрайтын Журналистер үйін қолданысқа берді. Бұл – тілшілердің жұ­мыс істеуіне жасалған үлкен жағдай. Олардың алаңсыз қыз­мет атқаруы қашанда басты назарда. Өйткені ақпарат арқа­лап, сөз тізгіндеген тілшілер халық пен биліктің арасын бай­ланыстырушы қызмет атқа­рады. Осы орайда өңірлік ком­муникациялар қызметі жұмыс істеуде. Олардың негізгі бағы­ты – халық пен мемлекеттік органдардың байланысын арт­тырып, баспасөз мәслихаты ар­қылы облыс, қала, аудан әкім­де­рінің, басқарма басшылары­ның есептерімен елді құлағдар ету.

Сондай-ақ, жыл бойына жур­налистер арасында бай­қау­лар ұйымдастырылып тұрады. Журналистердің еңбегін баға­лап, оларды марапаттау – заң­ды құбылыс. Кез келген байқау тілшілердің бабында жүруінің кепілі, ал марапат – оларды қа­наттандырып, шығар­ма­шы­лық­­­қа деген құштарлықтарын арттыра түседі. Мәселен, был­тыр ғана облыстық «Жетісу» газеті республикалық басы­лым­дардан оза шауып, Елба­сының арнайы Алғысын ие­ленді.

Облыс әкімі баспанасыз жүр­ген жас тілшілерге де ерек­ше көңіл бөліп, төртінші билік өкілдеріне пәтер кілтін табыс­тауды дәстүрге айналдырған. Биылдың өзінде жұмысқа кір­гендеріне көп уақыт өте қой­ма­са да, жас жүректеріне жігер алып, қолдау көрген облыстық «Жетісу» газетінің тілшілері Қуаныш Тұнғатар мен Құрал­бек Сәбитұлы таяуда, ал тура төл мерекемізде «Жетісу» теле­арна­сының журналистері Ес­болат Айдабосын мен Ерлан Жүніс су жаңа пәтер кілтін алды.

Байланыс және ақпарат қыз­­меткерлері күніне орай І. Жан­­сү­гіров атындағы Мәде­ниет са­райы кіреберісінен ме­рейлі көңіл күйдің лебі аңқып тұр. Сал­­танатты басқосуда об­лыс әкі­­мі өңірімізде жүзеге ас­қан, ал­­­дағы уақытта атқа­ры­луға тиіс­­­­ті шараларға ерекше тоқ­та­лып өтті. Журналис­тер­дің еңбе­гін еселеп, оларға ал­ғысын біл­дірді.

Шарада ақпарат айды­нын­да құлаштай жүзіп, жүктеген мін­детті мінсіз атқарып келе жат­қан бір топ журналистер ма­ра­патқа ие болды. Облыс әкімі баспасөз қызметінің бас маман­дары Сағыныш Намаз­ша­мова мен Қарлығаш Арыс­танбекова ҚР Ақпарат және ком­му­ни­ка­ция­лар министрлі­гі­нің Құр­мет грамотасын ал­ды. Ал қала­мы жүйрік әріпте­сіміз Асыл Сұл­танғазы баста­ған бір топ тіл­ші­лерге облыс әкімінің Құр­мет грамотасы тапсырылды.

Салтанатты марапаттан кейін республикалық, өңірлік басылымның тілшілері кезек-кезек сөз алып, жыл сайын жүл­де беріп, ерекше құрмет көр­сететін өңір басшысына риза­шы­лықтарын жеткізді. «Хабар» агенттігінің облыстағы меншікті тілшісі Тілеуғабыл Мыңжасар тілшілерге толағай табыс ті­леді. «Bnews.kz» агенттігінің сарап­шысы, журналистер ара­сындағы дәстүрлі «Нұр Сұң­қар» рес­пуб­ликалық байқауы­ның «Көзқа­рас» аталымы бойынша үздік бло­гер атанған жеңімпаз Қанат Әуесбай өз сөзінде Жетісу жұрт­шылы­ғына деген көңілінің ерекше екенін айтып, құшақ жайып қарсы алатын жер жан­натына құрақ ұшып келгенін асқақ сезіммен жеткізді. «Құр­метті Амандық Ғаббасұлы! Сіз­дің арқаңызда Жетісу өңірі қа­рыштап даму үстінде. Біз со­нау Астанадан Жетісудағы жан тер­бетер жақсы жаңалық­тар­ды ес­тіп-біліп жатамыз. Қант қызыл­шасы зауытын іске қос­қа­ныңыз, дәмі таңдаймыздан кеткен апорт алмасын қайта өсіруді қолға алғаныңыз көңіл қуантады. Же­рі шұрайлы, елі шырайлы Же­ті­судің бас қа­ласы Талдықор­ған­ның да күн санап адам таны­мас­тай өзге­ріп, керемет кейіпке енуі – үл­кен жұмыс нәтижесі. Ас­та­на­дағы жәрмеңкеге келіп тұры­ңыздар. Әйтпесе көрікті өлке­нің өнімдерін сағынып қа­ламыз. Біз Астанада жатып Же­тісудің апортын жеп оты­райық», – деді ол.

Қанат Әуесбайдың сөзіне өңір басшысы бірден жауап қатты. – Атқарылып жатқан ау­қымды істің барлығы бірін­ші­ден, халықтың ниет-тіле­гімен байланысты. Барлығы ел үшін, болашақ үшін жасалып отыр, – деді облыс әкімі аста­налық жур­­налистің ұсынысы­на қуана қол­дау білдіріп. – Иә, қант зауы­ты бүгінгі таңда біз­дің бас­ты байлығымыз болмақ. Са­па­лы әрі таза өнім шығару да біз­дің мақсатымыз. Жетісу өнім­дерін Астанаға да, өзге де қа­ла­ларға да жәрмеңкеге шы­ға­ра­мыз әлі. Сол кезде апорт­тың на­ғыз дәмін тататын бола­сыз, – деп журналист пікірін жалғап әкетті.

Мерекелік шара «Өнер – өшпес мұра» атты концерттік бағ­дарламамен жалғасты. Мем­­­­­лекет мүддесі мен Ұлы Да­­ла­ның мақсат-мұраты жо­лында аянбай тер төгіп келе жат­қан қаламы ұшқыр, ойы жүй­рік журналистер қауымы алқалы жиыннан кейін облыс әкімі Амандық Баталовпен ес­телік суретке түсті.

Журналистер мерекесімен құт­тықтаған Талдықорған қа­ла­­сының әкімі Бағдат Қа­ра­саев та бір топ жетісулық тіл­шілерді қабылдап, ақжарма тілегі мен арнайы сыйлық табыс етті.

Құралбек Сәбитов

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда үш жедел әрекет ету нысаны қолданысқа берілді

Жетісуда үш жедел әрекет ету нысаны қолданысқа берілді

28.02.2026
Arrivederci, Italia! Тарихи алтын үшін алғыс

Arrivederci, Italia! Тарихи алтын үшін алғыс

28.02.2026
Тәтті түбір тамырына нәр берген

Тәтті түбір тамырына нәр берген

28.02.2026
Саяси партиялар халықтық Конституцияны қолдайтындарын мәлімдеді

Саяси партиялар халықтық Конституцияны қолдайтындарын мәлімдеді

28.02.2026
Алименттен қашып жүр…

Алименттен қашып жүр…

28.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.