Талдықорған: +35°C
$ 469.59
€ 536.22
₽ 5.96
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ҚАРАСАЗДАН ҰШҚАН ҚАРЛЫҒАШ

01.03.2021
КҮЛТӨБЕ
ҚАРАСАЗДАН ҰШҚАН ҚАРЛЫҒАШ
WhatsAppTelegramFacebook

Ғасыр ақыны, Хантәңірі шыңындай асқақ тұлға Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығы қасиетті Қарасаз ауылының төрінде аталып өтті. Мерейлі 90 жылдыққа арналған ізгі шаралар Қарасаздың түңлігін желпінтті. Ауылдағы ақынның музейі мен Мәдениет үйінде Мұқағалидың өлмес жыры жаңғырып, ақын өлеңдеріне жазылған тамаша әндер зеңгір көкке таралып жатты.


…Тамаша еді жазғы орман,
Тамашалап мәз болғам.
Қайран Қарасазым-ай!
Үйрек ұшып, қаз қонған,
– деп ақынның өзі жырлаған туған ауылы, ыстық мекені толқынды жыр, әуезді ән, көркем күймен тербетіліп тұрды. Тірі болса 90 жасына толар аяулы ақынның туған жеріндегі ізгілікті жүздесу, тағылымы мол басқосуға Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Ұлықбек Есдәулет бастаған ақын-жазушылар арнайы келді. Зиялы қауым алғаш Мұқағалидың мемориалдық музейінде болды. Өлең десе ішкен астарын жерге қоятын Қарасаздың дарынды балдырғандары Мұқағалидың жырларын нақышына келтіре оқи жүріп музейдің ішімен, жәдігерлерімен таныстырды. Осы ортада ауыл тұрғыны, ҚР Білім беру ісінің үздігі, ауданның Құрметті азаматы Әділжан Нөкеев тоқсан жылдықтың аясында ақын музейін жәдігерлермен одан әрі толықтыра түссек, лайықты жөндеу жұмыстары жүргізілсе деген орынды пікірін алға тартты. 

Қазақ радиосының Алматыдағы филиалының жетекшісі, арқалы ақын, шырайлы Шалкөденің тумасы Бақыт Жағыпарұлы жүргізіп отырған әдемі кеште Райымбек ауданының  әкімі Нұржан Құдайбергенов ақын туралы жүрекжарды лебізін жеткізді. Ақынның 90 жылдық тойы жыл бойы жалғасатынын, алдағы жаз маусымында Нарынқол ауылында Мұқағалидың еңселі ескерткішінің салтанатты ашылуының болатынын айтып, жұртшылықты бір қуантып тастады. Жылы жүзді, әсерлі басқосуда Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Ұлықбек Есдәулет Мұқағали туралы әсерлі естелігін бөлісті. Өткен жылы қазақ әдебиетінің шоқ жұлдыздары іспетті 12 ақынға арналған энциклопедияның жарық көргенін, соның бірі арыны мен дарыны бөлек, соқпағы ерек, дауылпаз ақын Мұқағалиға арналғанын тілге тиек етті. Қазақстан Жазушылар одағының атынан ақынның ұлы Жұлдыз бен келіні Бақытгүлге лайықты сый-құрметін көрсетті. 
Осы күні облыстық мәдениет және архивтер, құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Әлия Әлімжанқызы сөз алып, ақын туралы ойын ортаға салды. Облыс әкімі Амандық Баталовтың қолдауымен Мұқағалиға арналып шыққан тағы бір жаңа кітаптың тұсауы кесілді. Өңірдің айтулы перзентінің бірі, республикалық «Балдырған» журналының бас редакторы Дүйсен Мағлұмов та тебірене  сөйлеп, жылы пейілін білдірді. Қазақтың біртуар ақындарының бірі Бақыт Беделхан жырдан шашу шашты.

Мұқағалидың 90 жылдығына орай аудан білім шаңырақтарында өткен, ақын шығармашылығына арналған көркемсөз, сурет, ән байқауларының жеңімпаздарын Ұлықбек Есдәулет марапаттады. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері, дәстүрлі әнші Рамазан Стамғазиев пен зайыбы Ұлту Қабаева, Сұлушаш Нұрмағанбетова, «Қоңыр», «Жетісу» тобы ақын жырына жазылған әсем әндерді орындап, ел көңілін желпінтті. 

Сөз орайында айта кеткен орынды, республикалық «Қазақ әдебиеті» газеті, «Мұқағали» журналы ақынның 90 жылдығына орай арнаулы сандарын шығарды. Райымбек аудандық «Хантәңірі» газеті «Ақиық» деген атпен ай сайын газет ішінде газет болып шығып тұратын арнаулы нөмірін оқырмандарына ұсынды. Аталған газет-журналдар сол күні көрермен көзайымы болды десек, артық айтпаймыз. 

Қанат БІРЖАНСАЛ 
 

Қатысты жаңалықтар

Астана «Болашақ ойындары 2026» (GOTF 2026) powered by Samruk-Kazyna халықаралық турнирін қабылдауға дайындалуда

Астана «Болашақ ойындары 2026» (GOTF 2026) powered by Samruk-Kazyna халықаралық турнирін қабылдауға дайындалуда

21.07.2026
Сарқандық спортшылар Азия чемпионатында жүлделі болды

Сарқандық спортшылар Азия чемпионатында жүлделі болды

21.07.2026
Отандық автобус бренді пайда болады

Отандық автобус бренді пайда болады

21.07.2026
Дербес деректерді қорғау талаптары күшейеді

Дербес деректерді қорғау талаптары күшейеді

21.07.2026
Қазақстан 190 мың автокөлік шығаруды жоспарлап отыр

Қазақстан 190 мың автокөлік шығаруды жоспарлап отыр

21.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.